Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10475 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Министр |
А. Сәрінжіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________Т. Дүйсенова
2015 ж. 23 ақпан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 506 бұйрығымен бекітілген
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, кәсіптік білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) академиялық демалыс – медициналық себептермен немесе басқа ерекше жағдайларда білім алушылардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын уақытша тоқтататын кезең.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібі
1) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының 035-1/У нысанына сәйкес ауруы бойынша ұзақтығы 6-дан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындылары;
2) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық IV санатындағы ТБ 01/У нысанына сәйкес ұзақтығы 36 айдан аспайтын мерзімде туберкулезбен ауырған жағдайда Туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен (бұдан әрі – № 28 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес әскери қызметке шақырылған жағдайда әскери қызметке шақырту қағазы;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (бұдан әрі – № 9 бұйрық) 8 және 12-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 тіркелген) үш жасқа толғанға дейінгі асырап алынған ұл немесе қыз баланың туу туралы құжаттары (куәлік) негізінде беріледі.
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген негіздемелерге байланысты тиісті құжатты;
3) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтініш және тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ, құжаттар дұрыс болмаса және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні құжаттарды қабылдайды және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, егер көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) ақпаратты ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне немесе тиісті салалық министрлікке, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін жібереді.
Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңіне оқу ақысы тоқтатылады.
Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты ресімдеген курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады.
Курс және мамандығы бойынша сәйкес топтар болмаған жағдайда, білім алушы басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында оқуын жалғастыруы мүмкін.
Академиялық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін оқуын жалғастырмаған білім алушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымынан шығарылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кәсіптік практика бөлімі Шетел тілі пән бірлестігімен бірлесе отырып, 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша тәжірибе базасы болып табылатын Ақтөбе қаласы №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында семинар коучинг өткізді. Семинардың алғы сөзі колледж директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Калиеваға беріліп, №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Д.Муханбедиярова «Алғысым шексіз» тренингімен өрбітті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 4 наурыз күні үкіметтік емес сектордың радикалды теріс ағымдары, екпеден бас тартқан ата-аналармен жұмыс және экстремизмге қарсы ақпараттық топ өкілдерімен кездесу өткізілді.
«Әлеуметтік экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінде 2019 жылдың 1 наурызында «Құндылықтар философиясы-адамгершілік бастаулары» тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тарих пәнінің оқытушылары Ардақ Тұрғамбай, Дәмелі Нысанқуатова студенттер арасында пікірталас өткізді.
«Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндік аясында «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» пән бірлестігінің оқытушы Алпамысова Толкын МД-220 тобында «Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін қысқы спорттық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Тарих толқынында тоғысқан –Арайлы Ақтөбе 2019 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына байланысты «Тарих толқынында тоғысқан –Арайлы Ақтөбе » тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар колледж кітапханасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу- әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ләззат Балғазиева
«Әлеуметтік мәдени-қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің жабылу салтанаты ағымдағы жылдың 22 акпан күні өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі кәсіптік практика бөлімінің бастамасымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Л.Т.Балгазиева жаратылыстану мен дүниетану, көркем еңбек пәнінің оқытушыларымен бірлесе отырып, № 47 жалпы білім беретін орта мектебінде «Педагогикалық тәжірибе –шығармашылық бастама» тақырыбына семинар өткізді. Семинардың мақсаты жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау, өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге әдістемелік көмек беру болды.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің “Әдебиет және тілдер” бөлімінің ШТ -205 тобы С.Байшев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының жанындағы Америка бұрышының сахнасында ұлы ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің "As you like it" туындысын қойды.
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлескен жоспар негізінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында Jastar JYLY аясында «Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» тақырыбында ІV республикалық ғылыми-практикалық онлайн, офлайн конференциясы өтті.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru