Қазақстан өлкелік партия комитетінің 5-і пленумы 1932 жылы бастауыш мектеп мәселесін арнайы қарап, оның даму жолдарын белгілеп, бірнеше училище ашуды ұйғарған еді. Солардың бірі боп Ақтөбе педагогикалық училищесінің сырттай оқу бөлімі енді. Ол 1937 жылы ашылып, 1940 жылы алғашқы 34 түлегін ұшырды. Осылайша, біздің таусылмас бұлақ суындай білім беретін ордамыз тарихқа айналды! Содан бері «Бастауыш сынып мұғалімі» (қосымша информатика, орыс тілі мұғалімі), «Мектепке дейінгі тәрбие», «Көркем еңбек мұғалімі», «Графикалық дизайн», «Оркестр жетекшісі», «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша 8000-нан астам кадрлар даярланып, Қазақстанның әр түкпірінде қызмет етіп келеді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сырттай оқу бөлімі қазіргі таңда келесі мамандықтар бойынша білім беру қызметін көрсетеді:
№ |
Мамандық атауы |
Біліктілігі |
Оқу мерзімі |
1 |
0105000 «Бастауыш білім беру |
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» |
2 ж, 10 ай |
2 |
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» |
0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» |
2 ж, 10 ай |
3 |
0401000 «Кітапхана ісі» |
0401013 «Кітапханашы» |
1 ж, 10 ай |
4 |
0111000 «Негізгі орта білім беру» |
0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» |
2 ж, 10 ай |
2016-2017 оқу жылы бойынша аталған мамандықтарда оқитын студенттердің жалпы саны-292.
І курс- 129 студент
ІІ курс- 77 студент
ІІІ курс- 86 студент
Сырттай оқу бөлімінің оқу үрдісі бекітілген оқу графигіне сәйкес жүргізіледі.
- Оқу үрдісі
- Студенттік өмір
№25 МДҰ «Балдырған тобымен бірге»
«Дені саудың жаны сау» шарасында балаларға ойындар ойнатуда
Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж мұражайында
Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж тарихымен танысуда