«Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК
2017-2022 жылдарға арналған
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Колледж миссиясы: Еңбек нарығындағы сұранысқа сай кәсіптік білім мен құзыреттілікті игерген, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Пайымдауы: Білім, ғылым және өндірістегі жаңашылдыққа бағытталған, заманауи талаптарға сай мамандар даярлайтын білім саласы кластерінің орталығы болу.
Колледж саясаты: мамандар даярлау сапасын қамтамасыз етуде оқытудың заманауи технологиялары арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, педагогикалық құрамның кәсіби әлеуетін көтеру, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, өз мамандығы бойынша кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мамандар даярлау, колледж қызметінің барлық бағыттарын дамыту.
Стратегиялық мақсаты:
- ТжКБ жүйесінің заманауи талаптарына сәйкес колледж қызметінің басым бағыттарын дамыту;
- Кәсіптік білім деңгейінде білім беру қызметінің сапасын және нәтижелігін тұрақты қамтамасыз ету;
- Білім берудің жаңашыл әдістері арқылы студенттерді орталықтандырып оқыту;
- Білім беру қызметіндегі инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны дамыту;
- Құзыреттілік шеңберінде әлеуметтік серіктестікті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- Студенттердің сұранысын қанағаттандыратын қажетті жағдайлар жасауды және үйлесімді дамытуды жетілдіру;
- Интернет-ресурстар мен білім беру қызметін автоматтандыру жүйесін дамыту;
Стратегиялық міндеттері:
- Оқыту сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
- Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;
- Оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби және құзыреттілік деңгейлерін арттыру;
- Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша түрлі семинарлар өткізуге шетелдік мамандарды тарту;
- Оқу үдерісін автоматтандыру жүйесін жетілдіру;
- Оn-line тәртібінде шебер –класс, конференциялар, семинарлар өткізу;
- Заманауи оқу құралдарымен жаңарту;
- Құрылыс –жөндеу жұмыстарына, оқытудың техникалық құралдарына, оқу-әдістемелік құралдарға бөлінетін қаржы көлемін көбейту;
- Білім алушылардың әлеуметтік және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған шараларды өткізуге қолдау көрсету.
Стратегиялық бағыттары:
- Білім беру қызметі дамыту.
- Кәсіби білікті, рухани қалыптасқан мамандар даярлау.
- Әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
- Кадрлар әлеуетін және басқару жүйесін дамыту.
- Инфрақұрылым мен материалдық – техникалық базаны дамыту.