Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 21:52

Бастауыш білім беру

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Оқыту негізі: 9-сынып негізінде 3 жыл 10 ай

                    11-сынып негізінде 2 жыл 10 ай

 

«Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы 1922 жылы қысқаша педагогикалық курс негізінде құрылды.

1946-1949 жылдары мұғалімдерді даярлау ісі жылдан-жылға жақсарып, еселене түсті: 1946ж.-89, 1947ж.-143, 1949ж.-266 маман даярланып шықты.

1997-2008 жылдары Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан мектептерінің болашақта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне орай «Бастауыш жалпы білім беру» мамандығының өзі «Бастауыш мектеп мұғалімі», «Бастауыш мектепте информатика пәні мұғалімі», «Бастауыш мектепте шетел тілі пәні мұғалімі» біліктіліктері бойынша мамандар дайындалды.

Кәсібін терең білетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар даярлау колледж оқытушыларының шығармашылық ізденіс пен жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып білім беруін талап етеді.  Сондықтан да оқытушылар «мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» қағидасын ұстана отырып, әр сабағын оқушылар үшін мазмұнды да мәнді, болашақ мамандығына қажет жаңалыққа толы болатындай етіп өткізеді.

Қазіргі таңда 0105000 «Бастауыш білім беру» (Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі») мамандығы бойынша 16 топ (қазақ тобы-12, орыс тобы-4) бар. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде – 11 топ, келісім шарт негізінде – 5 топ. Бөлімде барлығы 367 студент білім алуда. 

Мамандығы

І курс

ІІ курс

ІІІ курс

ІV курс

бюджет

ақылы

бюджет

ақылы

бюджет

ақылы

бюджет

Ақылы

1

Бастауыш білім беру

Бк-105

Бк-101

Бк-115

 

Бк-201

Бк-205 Бк-215

Бк-210

Бк-305

Бк-301

Бк-310

Бк-401 Бк-405

Бк-415

Бк-410

Бк-411

Бк-420

 Оқу жылдары бойынша студенттер құрамы: 

Оқу жылдары

Студенттер саны

І курс

ІІ курс

ІІІ курс

ІV курс

1

2015-2016 оқу жылы

363

90

108

93

72

2

2016-2017 оқу жылы

412

80

137

103

92

3

2017-2018 оқу жылы

398

100

72

127

100

4

2018-2019 оқу жылы

367

75

96

72

124

 Біліктілік бойынша кәсіби қызметінің түрлері: «Бастауыш білім берудің мұғалімі» мемлекеттік білім стандартына сәйкес бастауыш мектепте сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады. Оқу ақпаратын модельдеу, ақпараттық-оқыту ортасын құрастыру, қашықтан интерактивті қарым-қатынасты жобалау, оқу сапасының мониторингін жүргізу, білім алушылар мен оқытушының жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі.

Мамандық бойынша білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде білім алушылар біліктіліктің тиісті деңгейлері бойынша базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруі тиіс.

Базалық құзыреттер:

  • Мұғалім мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, балаларды сүю
  • Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану
  • ҚР «Білім туралы» заңын, балалар құқықтары туралы Конвенцияны, нормативтік құжаттарды білу т.с.с. 

Кәсіптік құзыреттер:

  • Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;
  • Бастауыш мектептің пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру;
  • Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін меңгеру;
  • Ақпараттық–оқыту ортасын құрастыра білу т.с.с. 

2018-2019 оқу жылындағы бөлім студенттерінің жетістіктері:

Халықаралық деңгейде:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадада бк-210 топ студенті М.Жақсыбаева І дәрежелі диплом, жетекшісі Г.Ж.Наменова;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадада бк-210 топ студенті Г.Қайырмұханбетова І дәрежелі диплом, жетекшісі Г.Ж.Наменова;
  • Орыс тілі пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадада бк-201 топ студенттері Р.Идиятуллина,
  • Л.Марченко, К.Мороз, М.Погадо, В.Залялиева, Р.Жуманиязова, Н.Губайдуллина, Н.Сидорик, О.Савченко  ІІ дәрежелі диплом, жетекшісі Э.Э.Карасаева;
  • «Турнир новичков-2018» халықаралық дебат турнирінде «Градиент» командасы құрамында бк-401
  • тобынан М.Унайбергенова, бк-201 тобынан В.Мамаева «Алғыс хат», жетекшісі Г.Е.Абдуллина;
  • «Өнер старт» халықаралық Платон жастар орталығы ұйымдастыруымен «Көркем сөз» байқауында бк-405 топ студенті Ж.Кенжанова І орын, жетекшісі Ш.А.Шумакова;

  

Республикалық деңгейде:

  • Педагогика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадада бк-415 топ студенті Ж.Қуанышева І дәрежелі диплом, жетекшісі А.М.Тулегенова; 

 

Облыстық деңгейде:

  • «Латын әліпбиіне көшу-болашаққа табысты қадам» облыстық ғылыми-практикалық конфренцияда бк-401 топ студенті Г.Соломина мен М.Жанибекова ІІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі Г.Е.Абдуллина;
  • Облыстық дебат турнирінде бк-401 топ студенті М.Унайбергенова сертификат;
  • Облыстық қол күресінен Бк-405 топ студенті С.Ысқақова ІІІ орын, жетекшісі У.Ж.Сарин; 

Қалалық деңгейде:

  • «Жерлестер жаңғырығы» қалалық байқауда көркем сөз жанры бойынша бк-405 топ студенті Ж.Кенжанова «Алғыс хат», жетекшісі Ш.А.Шумакова; 

Колледжішілік деңгейде:

  • «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауында Т.Изтлеуов пен М.Аманова жүлделі ІІІ орын;
  • «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысына бөлімнен «Бері қара» және «Жас New» «Black Star» командалары қатысып, ойын нәтижесі бойынша «Жас New» және «Black Star» командалары келесі ойынға жолдама алды;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында колледж директорының кубогіне өткізілген волейбол жарысында «Жалын» және «Бойжеткендер» командалары арнайы дипломмен марапатталды.

    

 

Оқу үрдісінің кестесі

 

Оқу кестесі

 

 

  • Үздік студенттер
Оқылды 19258 рет
  • Келдикова Аружан
    Шт-405

  • Аймұрза Зейнеп
    Мк-105

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Бозакова Дария
    Мк-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс