Жұма, 03 Ақпан 2023 00:36

Психологиялық қызмет

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің психологиялық қызметінің

2022-2023 оқу жылының І жарты жылдық есебі

 

Ақтөбе гуманитарлық колледжі бойынша 2022-2023 оқу жылы психологиялық қызметтің жылдық жоспары құрылды. Психологиялық қызметтің мақсаты-білім беру ұйымында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

-           Білім беру ұйымында әр баланың психикалық және жеке дамуын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайларды құру және қолдау;

-           Білім беру процесіне қатысушылардың жас, психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаның зияткерлік және адамгершілік дамуын тиімді қамтамасыз ету;

-           Білім берудің барлық деңгейлерінің кеңістігіне жеке, мәдени, әлеуметтік - кәсіби даму бағыттарын кіріктіру.

Қыркүйек айында студенттермен аталған бағыттар бойынша жұмыс жасауға ата-аналарынан қолхат алынды.

Психодиагностикалық бағыт бойынша  барлық І курс білім алушыларының психологиялық – әлеуметтік даму карталары толтырылды. Мақсаты - 1 курс білім алушыларының психологиялық хал-ахуалын білу, кәсіби бағдарын анықтап, топтағы қарым-қатынаспен бейімделу деңгейін анықтау.

Түзету-дамыту жұмысы аясында 1 курс студенттеріне «Біз біргеміз» психологиялық тренингі өткізілді. Мақсаты-топ ішінде жағымды ахуал қалыптастыру, сыйластық ортасын құру. Сонымен қатар, жатақхана студенттерімен кездесу барысында бірлесу ойын жаттығулары жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.

                                               

 

Қазан айында студент бойындағы агрессия, мазасыздану, өз-өзіне қастандық жасау деңгейінің көрсеткішін анықтауға арналған Басса-Дарки сауалнамасы 1-2 курс студенттерінен (жалпылама 662 студенттен) онлайн  https://psy.aonpc.kz/ сайтында алынды.

1 курс бойынша сауалнама- 468 студент

2 курс бойынша сауалнама-194 студенттен алынды.

Сауалнама нәтижесі бойынша агрессия деңгейі орташа, жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылар жартылай сұхбатқа шақырылды.

Нәтижесінде төмен, орташа, жоғары агрессия деңгейін көрсеткен студент топтарында Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасына сәйкес ««Ой, сезім, мінез-құлық»», «Өмірді бағала», «Күйзелістен қалай арылуға болады» тақырыптарында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Профилактика және психологиялық ағарту бағытында жатақхана студенттерімен кездесуде психологиялық тренинг, ойын-жаттығу ұйымдастырылды. Мақсаты-  қыз балалар тәрбиесі, өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтардан өзін сақтандыру мақсатында «Қыз баланың тәрбиесі» атты Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат мамандарымен семинар өткізілді.

Сонымен қатар, қыркүйек-қазан айларында бөлімішілік, топішілік ата-аналар жиналысында «Отбасылық тәрбие беру стратегиялары», «Бала ата-ананың ізімен» психологиялық трениг, «Отбасы мен колледж арасындағы ынтымақтастық-жасөспірімнің үйлесімді дамуының басты көрсеткіші» тақырыбында баяндама оқылды. Мақсаты: жасөспірімдік кезең ерекшеліктерін баяндау, эмоциялар мен өзара қарым-қатынастарды орнату жолдарымен таныстыру. Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,өзін-өзі тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу.

Қараша айында құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет’ атты құқықтық онкүндік аясында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайларды анықтауға бағытталған» сауалнама жүргізілді.

Білім алушылардың психоэмоционалды сауаттылығын жақсарту және тұлғалық дамуына мүмкіндік беретін өмірлік құндылықтарды бағалауға «Бақытты бала» психологиялық акциясы аясында топтарда «Өзіңнің көңіл-күйіне әсер ет және оны жақсарт» тақырыбында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірім бойындағы қорқыныш, стресс, депрессия деңгейін анықтау мақсатында 1-2 курс студенттерінен «ДАСС» сауалнамасы алынды. ДАСС сауалнамасы нәтижесі негізінде депрессия, мазасыздық деңгейі жоғары көрсеткен студенттерден жеке, депрессиялық күйдің деңгейін анықтау мақсатында жартылай сұхбатқа шақырылды. Хаттамалар, сұхбат нәтижелері электрондық журналға тіркелді.

Желтоқсан айында “Білім алушыларға желтоқсан айында  «Социометрия»      әдістемесі жүргізілді. Социометрия әдісі – топ ұжымы ішіндегі әлеуметтік баспалдақты, сондай-ақ лидерлікке бейімділік қабілеттерін, топтағы қарым – қатынасты анықтау. Әдістеме қорытындысы бойынша «Топ лидерлері», «Топ қалаулылары», «Қалаусыздар»,«Оқшауланған» студенттер анықталады.  Қалаусыздар,оқшауланған студент жеке кеңес беруге шақыртылып, топта ауызбіршілікті нығайту бағытында тренингтер өткізіліп, қосымша бақылауға алыну үшін топ жетекшісіне ескертілді.

«І курс студентінің оқу процесіне және жаңа ортаға бейімделуі» тақырыбында педагогикалық кеңесте мәселелер қаралып, ұсыныс білдірілді.

 

Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері:

  • Білім беру мекемесінде психологиялық ахуалды қалыптастыра отырып, студенттердің психологиялық даму үдерісін басқару;
  • Студенттердің дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету;
  • Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
  • Білім беру ортасында студенттердің оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және психологиялық қолдау көрсету;
  • Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас стилін реттеу;
  • Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйретуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарының негізін қалау.

Психологиялық қызметтің бағыттары:

І. Психологиялық алдын алу – педагогтарды, ата-аналарды, студенттерді психологиялық біліктілікке баулу.

ІІ. Психологиялық диагностика – жеке тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу.

III. Психологиялық түзету – студенттердің жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылу, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.

ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.

Жоспар бойынша студенттермен  психодиагностикалық зерттеулер келесідей ретпен жүргізіледі:

  1. «Социометрия» әдісі – топ ішіндегі жеке қатынастарды зерттеу, жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтау.
  1. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу » бағдарламасы - 1 курс студенттеріне сауалнама жүргізу.
  2. «Бек» когнитивтік терапиясы – студенттердің  депрессия деңгейін зерттеу.
  1. «Спилберг» әдістемесі – мазасыздық деңгейін зерттеу.

Проективті әдістер:

  • Р. Бернстің “Автопортрет” әдістемесі – тұлғаның қасиетін анықтау.
  • “Әлемде жоқ жануар” әдістемесі – зерттелушінің мазасыздануын анықтау.
  • “Үй. Ағаш. Адам” әдістемесі – өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін анықтау.
  • «Кактус» әдістемесі – студенттің эмоционалдық жағдайын анықтау.

  

Оқылды 5971 рет
  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Сайлаубайқызы Назерке
    Мк-105

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс