Бейсенбі, 02 Ақпан 2023 19:37

Дуалдық оқыту

 

        Дуалдық оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл жүйе бойынша оқушылар өндірісте (белгілі мекемеде) еңбек ете жүріп, қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін ғана теориялық оқуға арнайды.

 

2016-2017 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттерін оқытуда дуальдік жүйені енгізді. Бұл мамандық бойынша «Балақай» ЖШС таңдап алынды, бұл серіктестіктің құрамына «Еркемай», «Ертөстік», «Айлин» балабақшалары кіреді. Колледж Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жоғарыда аталған мекемемен келісімшартқа отырған болатын.

2021-2022 оқу жылында «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттері  дуалдық оқыту жүйесі бойынша №64, №56, №30, №4, №35, №13 мектептерінен өндірістік және кәсіптік тәжірибеден келісімшарттар арқылы өтуде.

Ал, биылғы 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған 01120100 –«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,         01140100 –«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», 032320100 – «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша қабылданған 223 студент дуалдық жүйе бойынша  білім алуда.  Бұл мамандық бойынша № 33 «Нұрсәт», № 21 «Кәусар бұлақ», № 45 «Алтын бала», № 52 «Құлагер» балабақшалары және алдыңғы қатарлы «Білім» мектеп-гимназиясы, «Ақбөбек» халықаралық мектебі, «Сымбат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылымы кітапханасы, Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі таңдап алынды. Колледж директоры Жанара Куандыковна өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімін жасасты. Қазан айында  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жоғарыда аталған мекемелермен келісімшартқа отыру жұмысы толығымен аяқталды.

  

Оқылды 4371 рет
  • Сайлаубайқызы Назерке
    Мк-105

  • Музыкант Екатерина
    Р-305

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Булдакова Диана
    Бк-410

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс