Информатика пәнінің оқытушысы Ақтолқын Бөрібай мен Айгуль Курманбекованың ұйымдастыруымен «АКТ-ны кіріктірілген сабақтарда қолдану жолдары» тақырыбында коучинг сабағы өтті. Коучинг сабағының мақсаты: оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын көрсету және білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, үздік ғылыми жетістіктерді пайдалану. Қатысушыларға Kahoot ойын платформасы көмегімен тест тапсырмасын құрастыру және оны орындау тәсілдерін көрсете отырып, жүргізді.
«Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Жаңартылғанбілімберумазмұны – оқытушыныңкәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы онкүндігі аясында шетел тілі пәні оқытушысы Амантаева Заура “Complex object. Object with prepositions to, for” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Жаңартылған білім беру мазмұны оқытушының кәсіптік іс – әрекетінің негізгі» тақырыбындағы «Шетел тілі » «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында 25.10.18. шетел тілі пәні оқытушысы Жумашева Динара «The famous actors in Kazakhstan. Pronounsmuch, many, little, few. » тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтікэкономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» онкүндігіні аясында биология және география пәні оқытушылары Света Құдайберген мен Ботагөз Жаркаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Бастауыш білім беру» бөлімі студенттері әлеуметтік серіктес мектептердің бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерімен бірлесе отырып, жаңартылған білім мазмұнындағы жаратылыстану, дүниетану пәнін оқыту ерекшеліктері туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу. Дөңгелек үстелге Ақтөбе қаласының орта мектептерден директордың бастауыш сынып жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жаратылыстану, дүниетану пәндеріндегі тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуі, топсаяхат, заттық сабақтар және тірі табиғат бұрыштарында, географиялық алаңда жүргізілетін жұмыстар және жаратылыстану, дүниетану пәндеріне бөлінген жүктеме сағаттар, қалыптастырушы, жиынтық бағалау туралы өз тәжірибелерімен бөліссе, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» бөлімінің IV курс студенттері байқау тәжірибесінен өту кезіндегі кездескен қиындықтары мен оларды шешу жолдары туралы айтты.
«Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік – экономикалық» оқу–әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық – жетістік көзі» тақырыбындағы онкүндік аясында семинар–практикум өтті. Химия пәні оқытушысы Нұрбол Токсанбаев, тарих пәні оқытушысы Ғайса Нурманов, биология пәні оқытушысы Мереке Сейтен «Колледжге бейімделген қысқы мерзімді жоспар дайындаудың әдіс–тәсілдері» тақырыбында семинар – практикум өткізді. Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар өздеріне берілген материалдарды қолдана отырып колледжге бейімделген қысқа – мерзімді жоспарлардың үлгілерін жасады және талдады.
2018-2019 оқу жылынан бастап колледжде гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы оқу-әдістемелік бірлестіктер өзара біріктіріліп, жұмыстар қолға алына бастады. Солардың бірі «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Математика және физика» оқу-әдістемелік бірлестіктерімен бірлескен «Жаңашылдық - жаңа талап» тақырыбында мамандық онкүндігі жоспарына сәйкес «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің оқытушылары Алмагуль Канибекова, Мейрамгуль Уразтаева, Замзагуль Жолмағамбетова “STEAM технология” тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырды. Оқытушылар STEAM технологиясы туралы ақпарат бере отырып, студенттердің сыни ойлауын және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту туралы тәжірибелерімен бөлісті.