Ағымдағы жылдың 11-қарашасында «Математика және тілдер» бөлімінің ұйымдастырумен «Бала тәрбиесі - отбасы мен колледждің ажырамас бөлшегі» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты ашқан бөлім меңгерушісі Д.Е.Нысанкуатова білім беру барысында алға қойған мақсаттарға жету үшін колледж бен ата-ана арасында тығыз байланыстың болуы білім алушылардың оқу процесі кезіндегі сабақ үлгерімі мен тәрбиесіне оң ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар колледждің ұлағатты ұстазы Жамекова Бибігүл Мұстафиевна сөз сөйлеп, колледж психологы Жармұханбет Н.Е. қызықты тренинг өткізіп, жатақхана меңгерушісі Махамбетова С.Ж. және әлеуметтік педагог Төреғали М. С. колледж студенттерінің тәрбиесі мен психологиялық жай-күйіне қатысты сөз сөйледі. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар колледж ұжымына алғыстарын айтып, алдағы уақытты да колледжіміздің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсене атсалысатынын жеткізді.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
- Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға;
- «Білім туралы», «Неке және отбасы», «Бала құқығы туралы» Заңдар, колледж Жарғысы және басқа да нормативті – құқықтық актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;
- Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, колледж әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірлесіп жұмыс жүргізуге;
- Білім алушының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
- Сабақтан тыс іс-шараларға, үйірме және спорттық секцияларға, олимпиада, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
- Колледж Жарғысына сәйкес киім үлгісін сақтауын қадағалауға;
- Егер студент колледж мүлкін бүлдірсе көрсетілген шығынды қалпына келтіруге;
- Студентті сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп, тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
- Студенттің санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
- Кәмелетке толмаған студенттерге заңды өкілінсіз кешкі сағат 23.00-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салуға;
- Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
- Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
- Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ағымдардан қорғауға және сақтандыруға;
- Әр ата-ана және студент колледждің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
2021-2022 оқу жылына арналған
ата-аналар жиналысының кестесі
р/с |
Бөлімдер атауы |
Күні, уақыты |
Жауапты |
|
1. |
Математика және ақпараттық жүйелер |
03.09.2021 |
16.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
2. |
Мектепке дейінгі тәрбие |
03.09.2021 |
17.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
3. |
Мәдениет және саз |
03.09.2021 |
16.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
4. |
Бастауыш білім беру |
03.09.2021 |
17.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
5. |
Әдебиет және тілдер |
03.09.2021 |
16.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |