Сенбі, 21 Қаңтар 2017 16:07

Семинар, конференциялар

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе гуманитарлық колледжінде бірлескен жоспар негізінде  Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Студенттердің ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» тақырыбында  студенттердің ІІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция  жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Студенттердің жұмысы алты секция бойынша өткізілді. Конференцияға 200-ден аса студент қатысты, соның ішінде Қарағанды мемлекеттік Е.А.Букетов атындағы университеті, Х.Досмухамедов атындағы Орал педагогикалық  колледжі, Астана жоғары медициналық колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Көкшетау жоғары медициналық колледжі, Ақтау гуманитарлық колледжі студенттерімен қатар, Қарағанды жоғары медициналық колледжі, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, Маңғыстау туризм колледжі, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі, Ақтөбе қаласы мен облысының 14 колледж студенттері  қатынасты.

   

   

   

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлескен жоспар негізінде  2018 жылғы 15 қарашада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа табысты қадам» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Конференцияға Ақтөбе облысының колледждерінен 50-ден астам студенттер қатысты. Шараға қатысқан студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыстарын қорғады.Студенттердің ғылыми-практикалық бағыттағы ізденушілік қабілеттерін, оларды дамыту мен көтермелеу бағытындағы жұмыстарын сараптау үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе Университетінен филология ғылымдарының кандидаттары және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының мамандары, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мамандары комиссия мүшесі ретінде  шақырылды. Конференцияға қатысушылардың жұмыстары үш бағытта сарапқа салынды.

   

   

   

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш сыныптарда  критериалды  бағалауды  жүргізудің  әдістемесі» тақырыбында  облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға бастауыш сынып мамандарын даярлайтын колледж  оқытушылары және әдіскерлер қатынасты. Колледждің тәжірибелі оқытушылары жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сыныпта критериалды бағалауды жүргізудің әдістемесі туралы құнды ақпараттар беру арқылы проблемаларды шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек көрсетті.

   

   

   

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлескен «Мәдениет және саз бөлімі» оқытушыларының  ұйымдастыруымен  «Жаңартылған білім-болашақтың кепілі» атты облыстық семинар өткізілді.Семинарға облыс мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардың  музыка пәні мұғалімдері қатысты.

   

   

 

Ақтөбе облыстық  ғылыми – тәжірибелік орталығымен бірлескен   «Шеберліктің маржан тамшылыры» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел болып өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты -жаңартылған білім мазмұнына сәйкес болашақ педагог мамандарды даярлаудың жетістік және кемшілік тұстарын анықтау, жетілдіру бағытында жұмыстарды жоспарлау.  Дөңгелек үстел қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің талқылануы бағытында өрбіді. Аталған шараға  «Өрлеу» ҰБАО Ақтөбе филиалының кафедра меңгерушісі А.М.Токсанбаев, аға оқытушы Ж.Г.Займолдина, облыстық  ғылыми – тәжірибелік орталығынан М.К.Жубандыкова және  А.А.Искендировалар, сонымен қатар қала және аудан мектептерінің жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдері қатысты. Талдауда төмендегідей арнайы мәселелер ұсынылды: бастауыш сынып  пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны және мақсаттары туралы, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолданылатын тәсілдер және оларды қолдану ерекшелігі, белсенді оқудағы мұғалімнің ролі, дайындығы, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесінің қолданылуы, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс. Семинар соңы  дөңгелек үстел барысындағы талқыланған мәселелер төңірегінде айтылған пікірлерді  қорытындылап, ұсыныстар айтумен аяқталды.           

   

   

 

2017-2018 оқу жылынан бастап колледжде «Кәсіби шеберлік» мектебі эксперименттік алаңы жұмыс жасайды. «Кәсіби шеберлік» мектебінің мақсаты - шеберлік білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие,идеялық-адамгершілікті, мәдени және этикалық қағидаларды ұстанатын, әлеуметтік жауапкершілікті қызметке және тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға дайын болуды қамтамасыз ететін, жан-жақты, білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына көмектесетін шыңдалған оқытушыларды дамыту, сонымен қатар оқытушылардың  өзара тәжірибе алмасуы, өздігінен білім көтеруі, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау. «Кәсіби шеберлік мектебі» жоспарына сәйкес қазақ тілі пәні оқытушысы Ляззат Балгазиева мен Акпатша Алдонгарова «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға қатысушылар диалогтік  оқытуды сабақ беру барысында енгізудегі қолданылатын әдіс-тәсілдері туралы мол мағлұмат алды.

   

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес педагогика пәнінің  оқытушылары Назира Бурибаева мен Райгуль Булебаеваның ұйымдастыруымен «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» тақырыбында  семинары өтті . Семинар барысында қатысушылар тәжірибеге сүйене отырып, сыни тұрғыдан ойлаудың педагогикалық әдіс тәсілдерді қолдануды меңгерді. Семинар мазмұны арқылы қатысушылар жаңартылған  білім беру жүйесіне орай біршама мағлұмат алды.

    

    

 

«Кәсіби шеберлік мектебі» жоспарына сәйкес орыс тілі пәні оқытушысы Гульзира Абдуллина және ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Айгуль Курманбекова және Индира Амантаева «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысушылар топпен жұмыс жасауда бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын дамыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттеп, талқылады.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Б.К.Жаркаева мен Г.К.Изтлеуованың ұйымдастыруымен «Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында оқытушылар белсенділік танытып, ақпараттық материалдардың  пайдаланудың оңтайлы тәсілдерін  үйренді.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес математика пәні оқытушылары Гайни Жунусова, Алмагуль Канибекова, Мейрамгуль Уразтаеваның ұйымдастыруымен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда жаңартылған білім беру мазмұнына сай критериалды бағалаудың  маңыздылығы көрсетілді. Барлық жұмыс түрлері тиімді әдіс –тәсілдерді қолдана отырып жүргізілді. Семинарға қатысушылар жүргізілген іс-шара мен оның маңыздылығына оң бағаларын берді.

   

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сай педагогика пәнінің оқытушысы Ирина Умарова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Эллина Карасаева деңгейлік бағдарлама бойынша «Жаңа білім мазмұны: топтық жұмыс» тақырыбындағы колледжішілік оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында қатысушылар шағын топтарда бірлесіп жұмыс жасауды: формальды түрде жұмыс істейтіндер мен белсенді  жұмыс істейтіндер арасындағы айырмашылықты ескере отырып шағын топтарда жұмыс жасауды ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Мейрамкүл  Жусупова, Рабиға Шаңғалаева,  Шолпан Шумакованың ұйымдастыруымен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбында  семинар өтті. Семинардың мақсаты   талантты және дарынды қабілетті ынталандыру арқылы, топтағы белсенділікті арттыру. Ұйымдастырушылар тірек сөздерге ұйқас өлең жолдарын құрастыру, түрлі түсті қағаздан тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін арттыратын ойын әдістерін қолданып, қатысушыларды қызықтыра білді.

    

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес Кабира Ниетбаева  «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың  бірнеше әдіс - тәсілдері ұсынылды.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Анаргүл Нұрасқанова мен Гүлнар Бультенованың ұйымдастыруымен «Басқару және көшбасшылық» тақырыбында  оқыту семинары өтті. Оқыту семинарында қатысушылар топтаса жұмыс атқара отырып, көшбасшылықтың  ерекшеліктерін айқындаумен қатар, топтағы студенттердің қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алатын тиімді жолдары көрсетілді.

   

Оқылды 9461 рет
  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Редова Пакиза
    Бк-310

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс