2025 жылғы 13 қаңтарда ғылыми-әдістемелік жұмыстар бағыты бойынша «Оқытушыны қайта жүктеу: жаңа идеялар энергиясы» семинарлар сериясы аясында, «DOODLING, жобалық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумды ұйымдастырған: шығармашылық топ мүшелері, арнайы пән оқытушылары А. Ильясова, Ж.Төрежанқызы және үздік педагог, арнайы пән оқытушысы Ж.Адилова. Мақсаты: оқытушыларды интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім беру процесін жаңғыртуға, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ынталандыру.
Шара соңында оқытушылар өз қоржындарын жаңа әдістермен толықтырып, қажетті ақпарат алғандықтарын айтты.
Қаңтар айының 13-17 күндері аралығында Дене тәрбиесі пәні мен арнайы пәндер оқытушыларына әдістемелік және практикалық қолдау көрсету мақсатында семинар-практикум басталды. Семинардың алғашқы күні У.Ж.Сарин «Жеңіл атлетика бойынша білім алушылардың дағдыларын дамыту» тақырыбында және Қ.Н.Айтпаев «Жеңіл атлетика түрлері: Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын оқытудың маңызы" тақырыбында баяндама жасап, оқу бағдарламасының тақырыптарына талдау жасалды.
Оқытушы Қ.Н.Айтпаев практика жүзінде көрсетіп өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушы оқытушылар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
Колледж кітапханасында «Кітап айналымы» акциясы: буккроссинг бұрышын толықтыру және жаңарту акциясы өтті. «Буккроссинг» (bookcrossing) – әлемді үлкен кітапханаға айналдыратын қозғалыс.
Акцияның мақсаты – оқырмандар арасында кітап алмасуды ұйымдастыру. Құрметті оқытушылар, студенттер, колледж қызметкерлері! Кез келген кітапты «bookcrossing аймағы» сөресінен алып, оқып, достарыңызға бере аласыз. Оның орнына сіз басқа адамдарға оқуға бергіңіз келетін кез келген кітапты үй кітапханасынан қоюға болады. «Өзің оқып болып – басқаға бер» жобасының қағидаты. Көп жағдайда бұрыннан оқылған кітаптар «зерігіп», кітапханалардың үй сөрелерінде сарғайып жатады… Егер сізде осындай кітаптар болса, онда кітапты еркіне жібере отырып, сіз оларға екінші өмір сыйлайсыз. Акцияға БК - 316 тобы қатысты. Бүгінгі «Кітап айналымы» акциясына белсене қатысқан студенттерге алар асуларыңыз көп болсын демекпіз!
Колледждің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес 2024-2025 оқу жылындағы білім алушылардың киім кию үлгісін назарларыңызға ұсынамыз. Колледж білім алушыларының сыртқы келбеті білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп Ережелерімен, білім беру ұйымының Жарғысымен, сондай-ақ орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттеледі, олар білім беру ұйымдарының міндетті формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келетіндігін, колледж формасы классикалық стильде, жарқын түстерден таңдалады.
2024 жылдың 25 маусымынан бастап 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды.
Құжаттарды қабылдау колледж канцеляриясы арқылы жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У - медициналық анықтама,
5) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
Техникалық жұмыстарға байланысты егов.kz электронды үкіметі 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылады. ЭЦҚ міндетті түрде қажет.
Егер 18 ге толмаған жағдайда ата-анаңызды немесе заңды өкіліңіздің ЭЦК, егер 18 ге толған жағдайда өз ЭЦК.
Жұмыс регламенті: *09.00-18.00.*
Сенбі жұмыс күні
Ағымдағы жылдың 21- мамыр күні колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында “Бізді кітап табыстырды” фотоконкурсы ұйымдастырылды. Фотоконкурсқа 3 курс білім алушылары қатысты.
Мақсаты: Жастарды кітапханада түсірілген тартымды фотосуреттер арқылы кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін дамытуға және қолдауға насихаттау. Ақын-жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттау, кітапхананың ғаламтор желілеріндегі әлеуетін арттыру.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Таза Қазақстан”республикалық экологиялық акциясы басталды
Біз, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің қызметкерлері мен студенттері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің эстафетасын мақтанышпен қабылдаймыз және оны еліміздің барлық оқу орындарына жолдаймыз!
Тазалық пен қоршаған ортаға деген қамқорлық өзімізден басталады!
По поручению Главы государства началась республиканская экологическая акция «Чистый Казахстан»
Мы, сотрудники и студенты Актюбинского высшего гуманитарного колледжа, с гордостью принимаем эстафету от Министра науки и высшего образования Республики Казахстан, Саясата Нурбека, и передаем ее всем учебным заведениям нашей страны!
Мы верим, что чистота и забота о окружающей среде начинается с каждого из нас!
On the instructions of the Head of State, the republican environmental campaign “Clean Kazakhstan” has begun.
We, the staff and students of Aktobe Higher Humanities College, proudly accept the baton from the Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan, Sayasat Nurbek, and pass it on to all educational institutions in our country!
We believe that cleanliness and care for the environment start with each and every one of us
р/с |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы |
Жауапты қызметкер |
Кабинет № телефоны |
1 |
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Туленгалиева Махаббат Галымжановна |
8(7132)560230 8(7132)908573 1 қабат
|
2 |
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Жиенкулова Гулбарша Шарапиевна |
8(7132)560230 1 қабат №2 |
3 |
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Ермагамбетова Камшат Касымовна |
8(7132)560947 2 қабат №213 |
4 |
«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрестілетін қызмет
|
Ермагамбетова Камшат Касымовна |
8(7132)560947 2 қабат №213 |
5 |
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Ермагамбетова Камшат Касымовна |
8(7132)560947 2 қабат №213 |
6 |
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Ермагамбетова Камшат Касымовна |
8(7132)560947 2 қабат №213 |
7 |
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Жиенкулова Гулбарша Шарапиевна |
8(7132)906243 1 қабат №2 |
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru