2021 жылғы 14 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жатақхана студенттері арасында шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындарынан біріншілік өтті. Сайысқа 35 студент қатысып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Шахмат ойыны бойынша Атагулов Рамазан І орын, Нұрайова Жансұлу ІІ орын, Серікқали Біржан ІІІ орын; Дойбы бойынша Құспанов Айсұлтан І орын, Тасболатқызы Ақниет ІІ орын, Қуанышева Динара ІІІ орын;
Тоғызқұмалақ ойыны жарысында Бегалыева Нуршат І орын, Омарова Азиза ІІ орын, Қанаева Сағыныш ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
#Тәуелсіздіктұмарым
#ТәуелсіздіктұмарымАқтөбе

Сәрсенбі, 15 Желтоқсан 2021 09:44

«ТӘУЕЛСІЗДІК – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ»

     2021 жылдың 14 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» бірлестігінің жетекшісі Г.Б.Ильясова және философия, экономика негіздері пәндерінің оқытушысы Д.Е.Нысанкуатованың ұйымдастыруымен «ТӘУЕЛСІЗДІК – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫМ» атты тақырыпта пәндік сыныптан тыс шара өткізіліп, колледж студенттері еліміздің тәуелсіздік жолындағы өткен тарихы туралы баяндамалар және тәуелсіздікке арнап өлеңдер оқылды. Аталған шара еліміздің әнұранымен ашылып, тәуелсіздік тарихы туралы бейнероликтен үзінді көрсетіліп, шараға қатысушылар керемет әсер алды. Жерлестеріміз бен барша Қазақстан халқын еліміздің келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!!! Әр шаңыраққа шаттық, береке-бірлік тілейміз!!! 

     2021 жылғы 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.Елеусінованың төрағалығымен еліміздің өркендеп дамуы мен тәуелсіздіктің нығаюы жолындағы қалтқысыз еңбектері үшін ақтөбелік азаматтарға мемлекеттік награда табыс етілді. Осы шарада «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлын колледж ұжымы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыстар тілей отырып, әрқашан биіктерден көріне беруіңізге тілектестігін білдіреді.
@aqtobe_akimat @aqtobe_press

     Ағымдағы жылдың 8,10,13-шы желтоқсан күндері Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Педагогикалық шеберлік мектебінің» тәжірибелі оқытушылары колледждің жас мамандарын қолдау және кәсіби бейімдеуге жағдай жасау мақсатында, шеберлік сыныптар ұйымдастырылуда. Мақсаты: қазіргі заманғы білім беру технологиясын табысты тәжірибеде қолдану үшін оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау. Жас мамандар тәжірибелі оқытушылар Жамекова Бибигуль Мустафиевна, Токсанбаев Нурбол Торебаевич,Назира Амандыкова Дуйсенбайқызы, Карина .Гульнар Сагинишовнаның шеберлік сыныптарына қатысып, сабақ барысында, оқытудың түрлі әдіс - тәсілдері, топпен жұмыс жасау, рефлексия жасай алу, ақпараттық технологияларды пайдалану т.б. түрлері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Алдағы уақытта да «Педагогикалық шеберлік мектебі» өз жұмысын жоспарлы түрде жалғастырады.

 

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 11:00 –де Ақтөбе облыстық білім басқармасы, «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми — тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысынын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына жүзеге асыру шеңберінде «Зайырлы ұpпaқ» жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған колледждің 1 курс білім алушылары арасында «Қазакстан- зайырлы мемлекет» тақырыбында бip уақытта (казак жане орыс тілдерінде) жаппай ашық диктант жазу күні өткізілді.

  

     2021 жылдың 1 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Таlap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Worldskills Kazakhstan-2021» Республикалық VI кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 17 аймағынан 450-ден астам 22 жасқа дейінгі жас маман қатысты. Біздің колледжден «Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша Буреш Елена, «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша Набиева Назкен, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша Кононенко Юлия республикалық чемпионатта бақ сынасты.
     10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan-2021» Республикалық VI кәсіби шеберлік чемпионат қорытындысы бойынша «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі, Набиева Назкен жүлделі І орын және алтын медаль, жетекшісі М.М.Жусупова, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі, Кононенко Юлия, жетекшісі И.П.Умарова жүлделі ІІІ орын және қола медальді жеңіп алды.
     Жүлделі орын иегерлерін колледж әкімшілігі және ұжымы атынан құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!!!

 

     2021 жылғы 9 желтоқсан күні Ақтөбе облысының білім басқармасының кестесі негізінде ата-аналар арасында 12-18 жас аралығындағы студенттерге «Pfizer-BioNTech Comirnaty (Комирнати)» вакцинациясын жүргізуге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күн тәртібінің І мәселесі бойынша келген мамандар вакцина туралы ақпараттар берді. Әрі қарай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова колледждің ішкі тәртіп ережесі және қыздар тәрбиесі, жатақханада жататын студенттердің тәртібі туралы айта келіп, жастар арасында құқық бұзушылықтарды, келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалған жұмыстармен, алдағы жоспарлармен бөлісті. Колледж психологы А.Е.Сатаева ата-анарға арналған кеңестерін ұсынып, сауалнама жүргізді.

  

     Ктх-105 тобында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық білімдерін нығайту мақсатында өткен тәрбие сағаты барысында студенттерге адалдық, адамгершілік және жағымсыз әрекеттерден бойларын таза ұстауға дағдылану туралы айтылды. Топ жетекшісі Кушкинбаева Сайрагүл Бексұлтанқызы.

  

 

«Тәуелсіздік толғамдары» тақырыбында кездесу
  2021 жылғы 7 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қоғамдық келісім» КММ мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік толғамдары» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Халықаралық «Қазақ тілі» Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, ҚР Ақпарат саласының үздігі Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы мемлекеттік тілді қастерлеу, құрметтеу туралы, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшы маманы Сапаров Түлкібай Тынышұлы «Тәуелсіздіктің басты айшықтары» тақырыбы бойынша деректер келтірді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қол жеткен жетістіктерге тоқталу мақсатында өткізілген шара колледж студенттеріне тәрбиелік мәні зор сабақ болып табылады.
#Тәуелсіздіктұмарым
#ТәуелсіздіктұмарымАқтөбе

 

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Ғасырдың керемет азаматы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 70-тен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар, фото - құжаттар, библиографиялық көрсеткіштер ұсынылды.
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. елімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне ұйымдастырылған Колледж кітапханасының қорынан "Ғасырдың керемет азаматы"атты кітап көрмесіне Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызмет хроникасын: металлург, қоғам және партия жетекшісінен саяси көшбасшыға дейінгі жолын, сондай-ақ егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктерін, сіңірген еңбегі және Тәуелсіз елдің дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтерді қамтиды.
Құрметті оқырмандар, оқытушылар, студенттер! "Ғасырдың керемет азаматы" тақырыбындағы ашық көрнекілі түрде жасалған кітап көрмесіне шақырамыз!

 

Page 6 of 45
  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Султанова Жанна
    Бк-315

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс