Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы Курманбекова Айгуль Беркиновна нақты пәндер бойынша оқытудың инновациялық әдістерін ұсыну мақсатында Mashav (МАШАВ) –Израиль халықаралық агенттігінің "Педагогикалық инновациялар" курсына байқаудан өтті. Бұл байқаудың мақсаты - Білім беру жүйесіндегі инновациялар, қарым-қатынас, ынтымақтастық және топтық жұмыс үшін оқу құралдарын жасау,инновациялық педагогикалық білім беру құралдарымен қамтамасыз ету, нтеграцияны XXI ғасырдағы білім беруге енгізуді қолдау болып табылады. . Колледж әкімшілігі және ұжымы атынан Айгуль Беркиновнаны құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
19 қараша күні «Talanttar Alemi 2021» Халықаралық шығармашылық көпжанрлы байқау-фестивалі қорытындысы бойынша хор жетекшісі Мербол Оразбекұлы және хормейстер Жұлдыз Жангелдіқызының жетекшілігімен СБ-215 топ студенттері «Хор өнері» номинациясы бойынша жүлделі I орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
2021 жылғы 18 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай "Мәдениет және саз бөлімі" ОД-305 тобының ұйымдастыруымен бөлім студенттері арасында "Ретро party" кеші өтті. Бұл кеште барлық топтар өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты. Топ жетекшісі Карина Гүлнар Сағынышқызының жетекшілігімен өткізілген шара жоғары деңгейде өтті. Шара соңында бөлім меңгерушісі Шолпан Ахметқызы белсенді студенттерді және бөлім бойынша жарияланған "Студенттік кездер-ай" бейнеролик байқауын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
Жеңімпаз атанған топтар: І орын ОД-305тобы, ІІ орын ОД-205 тобы, ІІІ орын СБ-315 тобы. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
2021 жылғы 16 қараша күні Халықаралық студенттер күні қарсаңында студенттікке қабылдау рәсімі өтті. Студенттік кезең – адам өміріндегі қызығы мен шыжығы мол естен кетпес күндер. Құрметті Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері, күндеріңіз жарқын естеліктерге толы болсын! Әр қадамдарыңыз сәтті болсын!
Халықаралық студенттер күніне орай «Бастауыш білім беру» бөлімінің Бк-405 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл – студенттік өмір» тақырыбында іс-шара өтті. Аталған шара студенттердің бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және белсенді студенттерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында аталған бөлімнің өнерлі студенттері ән шырқап, би билеп, студенттік өмірден көріністер көрсетіп, жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты.
2021 жылғы 12-14 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған гір спорты (қос сайыс) және қол күресінен облыстық чепионат өтті. Осы жарысқа дене шынықтыру оқытушысы Ө.Сариннің жетекшілігімен 22 студент қатысып, 50 кг салмақта МД-405 студенті Ауданбекқызы Фаризат І орын, Танжарықова Мирім (МД-315) ІІ орын, 55 кг салмақта Сулейменова Сания (МД-315) І орын, Евескина Анель (ШТ-105) ІІ орын, Елемесова Аяулым (МД-215) ІІІ орын, 60 кг салмақта Тұрсынбаева Асел (МД-215) ІІ орын, Сарсенбаева Шаттық (ҚТ-105) ІІІ орын, 65 кг салмақта Сингараева Диана (МД-215) ІІІ орын, 70 кг салмақтан жоғары салмаққа дейін Берік Жансая (БК-216) ІІІ орынға ие болды. Барлық жеңімпаз қыздарымызды құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Үздік абаттандырылған кәсіптік білім беру мекемесі
Қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру шараларына белсене қатысқаны үшін Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы Ақтөбе қаласы әкімдігінің алғыс хатымен және «Үздік абаттандырылған кәсіптік білім беру мекемесі» естелік сыйлығымен марапатталды.
@bilim_basqarmasy_aqtobe @aqtobe_akimat
Колледжде ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында "Әлем-саулық" медициналық орталығының врач-гинеколог мамандарымен кездесу өтілді. Мақсаты-қыз балалар денсаулығын қорғау, жасөспірім жасындағы физиологиялық өзгерістермен таныстыру, кәмелет жасына толмаған қыз балалардың ерте жүктілігінің алдын-алу.
Әке баланың қорғаны 2021 жылғы 6 қараша күні "Мәдениет және саз" бөлімінің "Ұлағат" әкелер мектебінің жоспарына сәйкес "Әке баланың қорғаны" атты коучинг өткізілді. Коучинг барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова кіріспе сөз сөйлеп, колледж психологтары А.Е.Сатаева, Н.Е.Жармұханбет әке мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату мақсатында тренинг ұймдастырды. Коучингке Од-105 топ студенті Төлемісов Мерлан, Сб-215 топ студенті Тұрдакынов Әділжан, Од-405 топ студенті Жәнібек Санна және ктх-105 топ студенті Муратова Таңшолпанның әкелері қатысып, баласымен бірлесе өнер көрсетіп, бала тәрбиесіндегі ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кеш соңында колледж директорының атынан тәрбие жұмысына зор үлес қосып, белсенділік танытқан әкелерімізге алғыс хат табысталды. Әкенің бала тәрбиесіндегі орны орасан зор екені баршамызға аян, "Ұлағат" әкелер мектебінің алға қойған бірегей мақсаты да бала мен әке байланысын арттыру болып табылады.
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл
2021 жылғы 2 қарашада колледж кітапханасының оқу залында, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, қазақтың әйгілі ағартушы ұстазы, Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай өзін-өзі басқару ұйымының «Мейірім» еріктілер тобы «Ұлы ұстаз есімі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.
Қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген сайыс барысында студенттер ағартушы өмірінен сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып жарысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломмен марапатталды.
Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықпен бірлескен жоспар негізінде 2021 жылғы 4 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі жатақханасында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында орталық маманы, теолог Бекжан Қуанатұлы студенттерге теріс діни ағымдардан аулақ болуға кеңес берді және тыйым салынған діни сайттар мен оқулықтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
@din_aktobe
Ақтөбе гуманитарлық колледжі 2014 жылдан бастап «Өзін - өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық жобада болып, 2019 жылдан бастап негізгі білім беру ұйымы болып табылады.
Жамекова Бибигуль Мустафиевнаның «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде еңбегі орасан зор.
Өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік білім беру және тәрбиелеу жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын білім беру саласына интеграциялау жөніндегі бағдарламалар мен нұсқаулықтарды әзірлеп іске асырудағы еңбектерінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің «МЕЙІРІМ ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалімен марапатталды. Бибигуль Мустафиевнаны колледж әкімшілігі және ұжымы атынан құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.
@aqtobe_akimat @bilim_basqarmasy_aqtobe
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2021 жылдың 28 қазан күні «Мұрагер» волонтерлар тобының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай колледжішілік студенттер арасында спорттық іс шара өткізілді. Сайыс үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахмат бағыттары бойынша болды. Сайыста орын алған студенттер арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
@agk_murager
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің волонтер студенттері "N1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында" ауланы сыпыру, тазарту жұмыстарын жүргізіп, қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлерінің ризашылығына бөленді. Қайырымдылық жасауға әрқашан дайын тұратын колледж студенттеріне және әлеуметтік педагог А.Ыбраймоваға алғыс айтамыз!
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru