EDUSMART

Елбасы Жолдауында  көрсетілген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», сондай-ақ «Сандық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен колледжде «EDUSMART» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты білім беру үрдісінде қызмет көрсету стандарттары негізінде «бір терезе» принципі бойынша көрсетілетін қажетті қызметтерді тез және сапалы ұсыну болып табылады.

Мұнда қызметтің 20-дан астам түрі көрсетіледі. Орталықтың қызмет көрсетудегі тиімділігін бірден байқауға болады.

   

Колледжде студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуы - оқу орны үшін ілгерлі қадам. Бұл ХҚКО-ның аналогы. Оны құрылуы білім алушыларға ұсынылатын қызмет көрсетудің мәдениеті мен сапасын арттыруға ықпал етеді. Білім алушылар үшін СҚКО-дан барлық қажетті құжаттар мен анықтамаларды алу қашанда қолжетімді.

«EDUSMART» СҚКО білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді алуға жұмсайтын уақытын азайтуға,  қызмет сапасын түбегейлі жаңа деңгейге көтеруге, студенттердің мәселелерін тиімді және жедел шешуге, "колледж – студент" өзара іс-қимыл жүйесіндегі бюрократиялық тосқауылдар мен сыбайлас жемқорлық қатерлерін жоюға бағытталған.

    

Студенттерге қызмет көрсету орталығының көрсететін қызметтері:

  1. Құжаттардың телнұсқасына беруге өтініштер қабылдау
  2. Білім алушыларды ауыстыру және қабылдауға өтініштер қабылдау
  3. Оқу орнынан шығуға өтініштер қабылдау
  4. Білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру
  5. Академиялық демалысқа (демалыстан) құжаттар дайындау
  6. Студенттің жеке мәліметін өзгерту
  7. Оқу орнынан анықтама
  8. Төлем орталықтарына анықтама
  9. Шәкіртақы жөніндегі анықтама
  10. Архивтік анықтама
  11. Студенттік және оқырман билетін алуға өтініштер қабылдау
  12. Сырттай оқитын студенттерге шақырту
  13. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлімшелеріне анықтама
  14. Транскрипт беру

Анықтамаларға +77074560230 нөмірімен Whatsapp желісі арқылы  сұраныс беруге болады. Ол үшін жеке құжатыңыз бойынша аты-жөніңізді және  қажетті анықтаманың түрін көрсетесіз.  Құжат дайын болғанда Сізге хабарлама келеді.

Жүктеу

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Анарбек Аиша
    Бк-205

  • Джанбауова Аружан
    Бк-205

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс