Ағымдағы жылғы 23 қазан күні "Мұрагер" волонтерлер тобы қаламыздағы жарияланған екіайлық сенбілік аясында оқу орнымыздың жанында сенбілік өткізді. Топ мүшелері сенбілікке белсене қатысып, колледж айналасын, "Жастар" скверін жапырақтардан, түрлі қоқыстардан тазартты. Сенбілік мақсаты табиғатымызды аялау, бағалау, қамқор болу, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру болатын.
@agk_murager

  

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Мұрагер" еріктілер тобы таңертеңгі ауысымға шағын жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеге қыздарымыз өз қолдарынан түрлі тәтті бәліштер мен тағамдар дайындап әкелді. Бұл жәрмеңкеде түскен қаражат алдағы уақыттағы жаңа жобаларымызға жұмсалатын болады.
@agk_murager

  

 

Дүйсенбі, 25 Қазан 2021 09:30

Толеранттылық - әлемге қымбат

     18 қазан -Рухани  келісім күні.
     Ел бірлігі- барша табыстармыздың кілті. Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі  тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын , тыныштығын сақтауға зор үлес қосқаны мәлім. Қазір жаңа ғасырда өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді,  көршілерге мейірімді ел екенін дәлелдеп келеді.
     Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалынып,  бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр. Осыған орай Ақтөбе гуманитарлық колледжі ‘’ Мектепке дейінгі тәрбие ‘’ бөлімінің МД -405, Мд-205, Мд-115 топтарымен бірлескен ‘’Толеранттылық - әлемге қымбат’’ тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.
     Студенттер толеранттылық туралы мағынаны  тереңірек танып,  өз ойларымен бөлісті . Толеранттылық мағынасына тезис  құрастырып,  бірлік, татулык, имандылық, бейбітшілік тақырыбында ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Мақал-мәтелдерді талдады . Толеранттылықтың қоғамдағы  орнымен қажеттілігін сезінді.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 18-қазан-Рухани келісім күніне орай 18-22 қазан аралығында жарияланған "Рухани келісім күні-тұрақтылықтың іргетасы" тақырыбындағы онкүндік аясында "Толеранттылық-әлемге жол" тақырыбында бірыңғай сағаттар өткізілді. Кт-305 топ студенттері биыл қабылданған Кт-105, Шт-105 топтарына толеранттылық - адамдар арасындағы өзара сыйластық, мейірбандық, татулық, қамқорлық құндылықтары нәтижесінде бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп жатқанымыз екенін түсіндірді. Іс-шара мақсаты-әлемде орын алып жатқан қақтығыстар мен жанжалдарға тосқауыл қойып, адамзат баласын татулыққа бастау, түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату болып табылады. Топ жетекшісі Л.Т.Балғазиева.

  

     Колледжде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өтіп жатқан онкүндік жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі оқытушылары мен студенттері қатысқан «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты – тәртіп, әдептілік туралы, инабаттылық жайында студенттердің ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, студенттерді адамгершілікке, ізгілік пен мәдениеттілікке және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту болып табылады. Тәрбиелік мәнісі зор шараның ой-тұжырым бөлімінде студенттерге «Қоғамдық көліктегі әдептілік», «Дастархан басындағы мәдениет», «Мәдени-көпшілік орындардағы әдептілік ережелері» туралы роликтер көрсетіліп, құпия хаттар бөлімінде жағдаяттарға байланысты өздері ой-пікірлерімен бөлісті.

  

     2021 жылғы 21 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе филиалының мүшесі Гүлсамал Төрединқызы Аймахановамен кездесу кеші өтті. Кездесуге Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Медет Жұмабайұлы Ысқақов және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында ақын өз шығармашылығы, әр жырдың шығу тарихы туралы айтып, өлеңдерін оқыды. Гүлсамал Төрединқызы балғын жастарға ана тілін сүю, туған жерді құрметтеу, мемлекетіміздің дамуы үшін еңбектенуге шақыра отырып, ақылын айтты. Өз кезегінде студенттер сұрақ қоя отырып, ақынның жырларын оқып берді.
Ақынмен кездесуге қатысқан оқытушылар мен студенттер естелік суретке түсіп, қолтаңба алысты.
@aktobe_tilder @aqtobe_madeniet_tilder

  

 

     Колледжде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өтіп жатқан онкүндік жоспарына сәйкес колледж психологтары және әлеуметтік педагог І курс студенттері және топ жетекшілерімен кездесу ұйымдастырды. Студенттердің әлеуметтік жағдайларының құқықбұзушылыққа әсері туралы «Жасөспірімдердің мінез құлық тәрбиесі-рухани-адамгершілік тәрбие бастауы» тақырыбында баяндама оқып, өзіңді сүю, айналаңды құрметтеу, қоғамға өз үлесінді қосу, азаматтық позицияны берік ұстану мақсатында «Жасөспірімнің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру» атты тренинг өткізілді.

  

Сәрсенбі, 20 Қазан 2021 10:00

«Өмір жырын шерте білген»

     Жазушы, аудармашы Сайын Мұратбековтың 85 жыл толуына орай «Өмір жырын шерте білген» тақырыбында әдеби-танымдық кеш
Қазан айының 18-ші жұлдызында колледж кітапханасының оқу залында Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақ Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдебиет сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтың 85 жыл толуына орай «Өмір жырын шерте білген» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өткізілді. Шараның мақсаты -Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығымен таңыстыру. Оқырмандарды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру. Студенттермен кері байланыс жасалып, жазушының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

  

Сенбі, 09 Қазан 2021 09:32

Жас маман-2021

      Жас маман-2021 Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, жас педагогтардың біліктілігін арттырып, оқу процесін ұйымдастыру кезіндегі кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған "Жас маман-2021" конкурсында колледждің педагогика пәні оқытушысы Жармұханбет Нұржайнар Ерболқызы жүлделі ІІ орын иеленіп, қала әкімі орынбасарының алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Колледж әкімшілігі атынан сізді құттықтай отырып, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбек жолыңыздың бастамасына сәттілік, абыройлы ісіңізге толымды табыс тілейміз.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында оқытушылар мен студенттерге арналған отырыс өткізілді. Жолдауда алға жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігі оқытушылары Ғ.Нұрманов, Г.Ильясова жолдаудың әр бағытына тоқтала отырып, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, әлеуметтік мәселелерге көңіл аудару, тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі берілетініне тоқталды.
Сонымен қатар ел Президенті алдағы қаңтар айында педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетіні мен ұстаздарға жасалатын жағдайлардың жалғасатынымен қуантты. Ұстаздар қауымы мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір қолдаудың әр адамды жігерлендіретінін және көңілге сенім беретіні туралы пікірлерін білдірді.

    

Page 9 of 45
  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Фоменко Елизавета
    Мд-201

  • Джанбауова Аружан
    Бк-205

  • Сайлаубайқызы Назерке
    Мк-105

  • Буреш Елена
    Бк-201

  • Нағашыбаева Жаңагүл
    Бк-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс