Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды. 2021-2022 оқу жылы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, мүгедектер және бала кезінен мүгедек студенттер үшін төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі жинақталады.
Құжаттар тізбесі
- Белгіленген нысандағы өтініш;
- Туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін;
- Қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
- Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
- Өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
- Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Ескерту: Тапсырған құжаттарыңыз арнайы құрылған комиссия тексерісінен өткен соң тегін тамақтандыруды ұсыну қаржылай түрде жеке есеп-шоттарыңызға жіберіледі.
Жоғарыда көрсетілген санаттың біріне жататындығын растайтын анықтамаларыңыз әр тоқсан сайын тексеріліп отырылады.
Әлеуметтік педагог: Ыбраймова Ардак Юсуповна
Байланыс тел: 87022524682