Колледжде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өтіп жатқан онкүндік жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі оқытушылары мен студенттері қатысқан «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты – тәртіп, әдептілік туралы, инабаттылық жайында студенттердің ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, студенттерді адамгершілікке, ізгілік пен мәдениеттілікке және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту болып табылады. Тәрбиелік мәнісі зор шараның ой-тұжырым бөлімінде студенттерге «Қоғамдық көліктегі әдептілік», «Дастархан басындағы мәдениет», «Мәдени-көпшілік орындардағы әдептілік ережелері» туралы роликтер көрсетіліп, құпия хаттар бөлімінде жағдаяттарға байланысты өздері ой-пікірлерімен бөлісті.