Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін- өзі тану – Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік шараның аясында өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Ә.А.Тулеуова өткізген «Махаббатқа толы жүрек» тақырыбында Өзін – өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметіне арналған ашық шара өткізді. Студенттер Сара Назарбаеваға ашық хаттар жасап, шығармашылық бұрышқа ілді. Ашық шараға студенттер белсене қатысты.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледж кітапханасының оқу залында, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, қазақ ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміскөмей әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Күміс көмей әнші - Роза Бағланова» тақырыбында әдеби-музыкалық сағат өтті. Шараның мақсаты: Әнші Роза Бағланова туралы, оның өнердегі қоғамда алған орны туралы оқырмандарға мағлұмат беру;
     Аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген қазақтың әнші қызы арқылы үлгі етіп, өнеге ету болып табылады. Қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету. Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылды. Қазақ мәдениеті мен өнерінің жарық жұлдызы Роза Бағланова өнерімен талай ұрпаққа үлгі болды. Көпшілікке танымал «Әдемі», «Ах, Самара –городок» әндерін оқырмандар әншінің видео естілігімен бірге шырқап, еске алды. Роза Бағланованың әні барда ол ешқашан өлмейді. Адалдық пен парасаттылық, әсемдіктің тұмарындай боп жарқырай бермек. Олай дейтініміз, халықтың сүйікті әншісі миллиондаған қазақстандықтың жүрегінде мәңгіге сақтаулы. Әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Халықтың аяулы әншісі еді...» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге әнші жайлы айтылған қанатты сөздері, кітаптар мен суреттер, естеліктер қойылды. Әрдайым жақсылықтың жаршысы іспетті игі істердің бастамасын қолға алып жүретін кітапхана ұжымы оқырмандарына арнап осындай танымдық, тәрбиелік бағыттағы кештерді жиі ұйымдастырып тұрады.

  

Жұма, 21 Қаңтар 2022 10:10

«Біз біргеміз» акциясы

           Ұлағатты ұстаздар ордасы - Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 100 жыл мерейтойына орай және «Ақтөбе облысының жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен жарияланған «Біз біргеміз» акциясы аясында колледждің ерікті жастары №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (Қарттар үйі) ауласын қардан тазалап, мекеме қызметкерлерінің алғысына бөленді. Адамдарға көмек қолын созу, нағыз адамгершілік пен парасаттылықтың белгісі.
#Бізбіргеміз

  

Сенбі, 15 Қаңтар 2022 10:00

Хабарландыру

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі күндізгі оқыту нысанының жалпы орта білім базасында 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»                                            мамандығы 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»  біліктілігі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 1 (бір) бос орын және күндізгі оқыту нысанының негізгі орта білім базасында 03220100 «Кітапхана ісі» мамандығы  4S03220101 «Кітапханашы» біліктілігі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2 (екі) бос орын бар екендігін жариялайды.

Сейсенбі, 11 Қаңтар 2022 10:00

Хабарландыру

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі күндізгі оқыту нысанының жалпы орта білім базасында 01140200 «Музыкалық білім беру» мамандығы  4S01140201 «Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі» бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2 (екі) бос орын бар екендігін жариялайды.

      2022 жылғы 19 қаңтар күні колледж студенттерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, колледж психологтары, әлеуметтік педагог, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттерге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу, психологиялық және физиологиялық денсаулық сақтау жолдары, әлеуметтік көмек түрлері туралы ақпараттар беріліп, алдағы жартыжылдықта атқарылатын іс-шаралар жоспарымен бөлісті. Студенттермен пікір алмасып, сұрақтарға жауап берілді.

 

Сейсенбі, 11 Қаңтар 2022 11:09

CALL - орталығы

Оқу-тәрбие үрдісіне байланысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз бойынша көрсетілген нөмірлерге хабарласуларыңызға болады

По вопросам или предложениям, связанным с учебно-воспитательным процессом, вы можете обращаться по указанным номерам

     23.12.2021 күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасынның оқу залында "Әдебиет және тілдер" бөлімінің Кт-205 тобы студенттері мен «Booklover» оқырмандар клубы мүшелері арасында проза жанры бойынша ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың»      бірі - Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» кітабын талдауға арналған «Отамалы» - озық туынды» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Оқырмандар конференциясы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы Аманова Нургуль және колледжі кітапханашылары Есқарина Райла, Қобландина Нәйланың ұйымдастырумен өтті.
Оқырмандар конференциясының мақсаты - талантты жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармашылығын таныту, "Отамалы" әңгімесіне талдау, кітапхана мен студенттер арасындағы байланысты нығайту, студенттерді аймақтық әдебиет өкілдерінің шығармаларын оқуға шақыру, оқырмандық мәдениетке тәрбиелеу, үйірме жұмысын жандандыру.
Студенттер "Отамалы" әңгімесін талдап, оқығаннан кейінгі әсерлерімен бөлісті. Әңгімедегі жазушы Жармағамбетов шымыр диалогтармен шебер өрнектеген бай мен қойшы арасындағы қақтығысын Кт-205 топ студенттері Болатбекұлы Ақберен мен Тыныштық Шыңғысхан шебер сахналады.
     «Booklover» оқырмандар клубы мүшелері Кт-305 тобы студенті Есенгельдинова Мейрамгүлдің ұйымдастастырумен Шт-105 тобы студенттері жазушы шығармаларын оқуға үгіттеп шығармаларының кейіпкерлері бейнесінде дефелье көрсетті.
Кітапхана меңгерушісі Ескарина Райла Жақсыбайқызы кітап көрмесімен таныстырды.
Студенттердің белсенділігі жоғары болды. Кейіпкерлерінің имани тазалығы, ізгілік ойлары студенттерді мейірімділікке тәрбиелейтін "Отамалы" әңгімесі - озық туынды екеніне оқырмандардың көзі жетті.

  

 

     22 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мен басқарма басшысы Жолдас Батырхан «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде облыс әкімінің орынбасары колледж студенттерін аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің атынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, білім саласындағы жетістіктер үшін алғыс айтты. Студенттерді қолдау мақсатында қаржылай сыйақы беріліп, жеңімпаздар мен жетекшілерге арнайы алғыс хаттар табыстады.
2021 жылдың 1 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында  «WorldSkills Kazakhstan 2021» VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өтті. Еліміздің 17 аймағынан 450-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 18 конкурстық алаңында 30-негізгі және серіктестердің алаңында 40-тан аса қосымша құзыреттіліктер (мамандықтар) бойынша республикамыздың бірнеше өңірлерінде бақ сынады.
Аталған чемпионатта Ақтөбе облысы 3 алтын, 5 күміс, 3 қола және 8 медальон жеңіп алды. Соның ішінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі 1 алтын - Нәбиева Назкен Қадырбекқызы және 1 қола - Кононенко Юлия Викторовна жүлделі тұғырдан көрінді.

  

   

     2021 жыл 23 желтоқсан күні колледж кітапханасының оқу залында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қт-215 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Абай жаққан бір сәуле сөнбейді» тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. Топ жетекшісі: Қартанова Айнұр Әбдіқалыққызы.
Кештің мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмірі мен шғармашылығына шолу жасау. Студенттер ақын өлеңдерін, поэмаларын, қарасөздерін оқып, әндерін орындап, кешті өрнектей білді.
Абай шығармаларына арналған кітап көрмесімен кітапхана меңгерушісі Ескарина Райла Жақсыбайқызы таныстырды.

Page 5 of 45
  • Редова Пакиза
    Бк-310

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Алдекова Маншук
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс