2021 жылғы 22 желтоқсан күні Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Ж.Батырханмен бекітілген жоспар бойынша колледж студенттері арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Төлеуқызы Гүлімай, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы әдіскері Нұрмолдина Бағдагүл Жайбергеновна, Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскер-психологы Картбаева Алтынай Сазанбаевна, Ақтөбе қаласы ПБ-нің Астана ауданының №1 ҚПБ-нің ЖПҚ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Қонусова Айжан Кеңесқызы және колледж психологтары қатысты. Шара барысында мамандар өз тараптарынан құқықтық сауаттылық туралы ақпараттармен бөлісті және студенттермен сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.