2022 жылғы 19 қаңтар күні колледж студенттерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, колледж психологтары, әлеуметтік педагог, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттерге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу, психологиялық және физиологиялық денсаулық сақтау жолдары, әлеуметтік көмек түрлері туралы ақпараттар беріліп, алдағы жартыжылдықта атқарылатын іс-шаралар жоспарымен бөлісті. Студенттермен пікір алмасып, сұрақтарға жауап берілді.