Сенбі, 29 Қаңтар 2022 09:22

Колледж оқу залында Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Күміс көмей әнші - Роза Бағланова» тақырыбында әдеби-музыкалық сағат өтті

     Ақтөбе гуманитарлық колледж кітапханасының оқу залында, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, қазақ ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміскөмей әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Күміс көмей әнші - Роза Бағланова» тақырыбында әдеби-музыкалық сағат өтті. Шараның мақсаты: Әнші Роза Бағланова туралы, оның өнердегі қоғамда алған орны туралы оқырмандарға мағлұмат беру;
     Аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген қазақтың әнші қызы арқылы үлгі етіп, өнеге ету болып табылады. Қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету. Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылды. Қазақ мәдениеті мен өнерінің жарық жұлдызы Роза Бағланова өнерімен талай ұрпаққа үлгі болды. Көпшілікке танымал «Әдемі», «Ах, Самара –городок» әндерін оқырмандар әншінің видео естілігімен бірге шырқап, еске алды. Роза Бағланованың әні барда ол ешқашан өлмейді. Адалдық пен парасаттылық, әсемдіктің тұмарындай боп жарқырай бермек. Олай дейтініміз, халықтың сүйікті әншісі миллиондаған қазақстандықтың жүрегінде мәңгіге сақтаулы. Әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Халықтың аяулы әншісі еді...» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге әнші жайлы айтылған қанатты сөздері, кітаптар мен суреттер, естеліктер қойылды. Әрдайым жақсылықтың жаршысы іспетті игі істердің бастамасын қолға алып жүретін кітапхана ұжымы оқырмандарына арнап осындай танымдық, тәрбиелік бағыттағы кештерді жиі ұйымдастырып тұрады.

  

Оқылды 522 рет
  • Булдакова Диана
    Бк-410

  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

  • Идиятулина Рустина
    Бк-301

  • Бозакова Дария
    Мк-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс