2021 жылғы 15 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаса, Қазақстан!» атты салтанатты шара өткізілді. Шара барысында мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдардағы жетістігі мен жаңа бастамалары туралы Қалышев Ербатыр Қанатұлы баяндады.
Колледж директорының міндетін атқарушы, оқу ісі жөніндегі орынбасары Екібасова Бибігүл Ілесқызы колледж ұжымын атаулы мерекемен құттықтап, әріптестерге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің марапаттарын табыстады. Сонымен қатар колледжде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек еткен ұстаздар, Тәуелсіздік құрдастары және оқу орнының дамуына елеулі үлес қосқан педагогтар, қызметкерлер колледж директоры мен кәсіподақ ұйымы атынан Алғыс хат және сыйақымен марапатталды. Шара соңы колледж өнерпаздарының мерекелік құттықтауына жалғасты.
Еліміздің, елдігіміздің белгісі - қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
#Тәуелсіздіктұмарым
#ТәуелсіздіктұмарымАқтөбе