23.12.2021 күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасынның оқу залында "Әдебиет және тілдер" бөлімінің Кт-205 тобы студенттері мен «Booklover» оқырмандар клубы мүшелері арасында проза жанры бойынша ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» бірі - Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» кітабын талдауға арналған «Отамалы» - озық туынды» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Оқырмандар конференциясы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы Аманова Нургуль және колледжі кітапханашылары Есқарина Райла, Қобландина Нәйланың ұйымдастырумен өтті.
Оқырмандар конференциясының мақсаты - талантты жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармашылығын таныту, "Отамалы" әңгімесіне талдау, кітапхана мен студенттер арасындағы байланысты нығайту, студенттерді аймақтық әдебиет өкілдерінің шығармаларын оқуға шақыру, оқырмандық мәдениетке тәрбиелеу, үйірме жұмысын жандандыру.
Студенттер "Отамалы" әңгімесін талдап, оқығаннан кейінгі әсерлерімен бөлісті. Әңгімедегі жазушы Жармағамбетов шымыр диалогтармен шебер өрнектеген бай мен қойшы арасындағы қақтығысын Кт-205 топ студенттері Болатбекұлы Ақберен мен Тыныштық Шыңғысхан шебер сахналады.
«Booklover» оқырмандар клубы мүшелері Кт-305 тобы студенті Есенгельдинова Мейрамгүлдің ұйымдастастырумен Шт-105 тобы студенттері жазушы шығармаларын оқуға үгіттеп шығармаларының кейіпкерлері бейнесінде дефелье көрсетті.
Кітапхана меңгерушісі Ескарина Райла Жақсыбайқызы кітап көрмесімен таныстырды.
Студенттердің белсенділігі жоғары болды. Кейіпкерлерінің имани тазалығы, ізгілік ойлары студенттерді мейірімділікке тәрбиелейтін "Отамалы" әңгімесі - озық туынды екеніне оқырмандардың көзі жетті.