ПОПС формуласы – аргументация және сыни ойлауды дамытатын, сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болатын әмбебап құрал. Бұл формуланы сабақта үнемі қолдану білім алушыларға өз ойларын құрылымдап, ұстанымдарын нақты білдіруге және оны сенімді дәлелдермен нығайтуға мүмкіндік береді.
2024 жылғы 24 желтоқсанда Кт-405 тобында «Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ әдебиеті әдістемесін қолдану» модулі бойынша «Кейіпкерге мінездеме беру» тақырыбында арнаулы пән оқытушысы Мухтарова Агипа Сагидуллаевнаның ашық сабағы өтті.
Сабақ «Төңкерілген сабақ» технологиясымен ұйымдастырылды. Сабақ барысында «ПОПС» формуласы, «Миға шабуыл», «Болжау» «Ментальды карта», «Семантикалық карта» секілді интерактивті әдістер қолданылды. Студенттер мектеп бағдарламасы бойынша «Күй аңызы», «Жусан иісі», «Жау тылындағы бала», «Менің атым- Қожа» шығармаларын мақсаттарына сәйкес талдап, кейіпкерлерге әртүрлі бағытта мінездеме берді, топтық, жұптық және жеке жұмыстар барысында белсенділік көрсетіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
Сабақтың кезеңдерінде педагогика,психология және өмірмен байланысты ойлар өрбіп отырды. Білім алушылар ПОПС формуласы арқылы креативті формада өздеріне мінездеме беріп, ойларын еркін жеткізе алды. Сабақ «Мен таныған кейіпкер» әдісімен қызықты қорытындыланды.
Сабаққа қатысқан директордың орынбасарлары: Ескалиева С.Б., Акимова Г.М., Жамекова Б., бөлім меңгерушісі Құрманбекова А.Б., әдіскер Жаркаева Б.К. және оқытушылар сабақтың жоғары деңгейде өткенін және үлгілік сабақ болғанын атап өтті.
Директордың ҒӘЖЖ орынбасары
№21-22 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. КЕЙІПКЕРГЕ МІНЕЗДЕМЕ БЕРУ.
Модуль: КмЗ.Оқу ақпаратын тарату.
ОнЗ.8.Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ әдебиеті әдістемесін қолдану.
24.12.2024
09:40
307 КАБИНЕТ
Оқытушы: Мұхтарова А.С.
«ProEco» экологиялық жобалар байқауы
Экологиялық тәрбие қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналуда, өйткені жаһандық экологиялық проблемалар жағдайында біздің планетамыздың болашағы үшін жауапкершілік әрқайсымызға жүктеледі. Экологиялық тәрбие адамда қоршаған ортаның құндылығы туралы хабардарлықты қалыптастырады, табиғатқа ұқыпты қарауға және экожүйелер үшін адам қызметінің салдарын түсінуге итермелейді.
Табиғат үшін жауапкершілік әр адамның күнделікті мінез-құлқы мен саясатының негізіне айналуы тиіс. Бұл - экологиялық апаттың алдын алудың және жер бетіндегі барлық тіршілік иелері үшін тұрақты болашақ құрудың тиімді шешімдерінің бірі.
2024 жылғы 12 желтоқсанда ғылыми-әдістемелік жұмыстар бағытындағы «Білім алушылардың Soft skills құзыреттін дамытуда топтық технологияларды қолдану» жобасы аясында колледж студенттері арасында «ProEco»экологиялық жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың ұйымдастырушысы мектепке дейінгі бөлімнің арнайы пән оқытушысы шығармашылық топ жетекшісі Н.Ш.Курманбаева және шығармашылық топ мүшелері: С.П.Құдайберген, Г.К.Даулеткалиева, Г.Ж.Наменова, А.Ж.Бөрібай, Ж.М.Адилова. Мақсаты:Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын,зерттеу қабілеті жоғары дарынды студенттерді аңықтау және қолдау.
Аталмыш шара колледж директоры, э.ғ.к. Ж.К. Алишеваның алғы сөзімен ашылды. Шараға келген директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Б.Ескалиева, директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, М.А.Казмукашева, әдіскер Б.К.Жаркаева байқауға ұсынылған 16 жобаны : зерттеу жұмысы тақырыбының толық ашылуы, зерттеу тереңділігі, жұмыстың тақырыпқа және конкурстың негізгі идеяларына сәйкестілігі, қойылған және шешілетін мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы критерийлері бойынша бағалады. Байқау қорытындысы бойынша студенттер I,II,III дипломдар және колледж директорының алғыс хаттармен марапатталды.
Директордың ҒӘЖЖ орынбасары
Бірлік – адамдардың ортақ мақсатқа жету үшін күш біріктіруі. Бірлік – бұл келісім, өзара қолдау мен түсіністік. Егер қоғамда бірлік болса, қиындықтар оңай еңсеріліп, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу жеңілдейді.
Ынтымақ – адамдар арасындағы өзара құрмет пен сенімді қарым-қатынас. Ынтымақ болған жерде ұжымдық жұмыс нәтижелі, ал қоғам тұрақты болады. Ынтымақ тек жақын адамдар арасында ғана емес, түрлі ұлттар мен мәдениеттер арасында да маңызды рөл атқарады.
Колледждің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес 2024-2025 оқу жылындағы білім алушылардың киім кию үлгісін назарларыңызға ұсынамыз. Колледж білім алушыларының сыртқы келбеті білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп Ережелерімен, білім беру ұйымының Жарғысымен, сондай-ақ орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттеледі, олар білім беру ұйымдарының міндетті формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келетіндігін, колледж формасы классикалық стильде, жарқын түстерден таңдалады.
2024 жылдың 25 маусымынан бастап 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды.
Құжаттарды қабылдау колледж канцеляриясы арқылы жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У - медициналық анықтама,
5) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
Техникалық жұмыстарға байланысты егов.kz электронды үкіметі 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылады. ЭЦҚ міндетті түрде қажет.
Егер 18 ге толмаған жағдайда ата-анаңызды немесе заңды өкіліңіздің ЭЦК, егер 18 ге толған жағдайда өз ЭЦК.
Жұмыс регламенті: *09.00-18.00.*
Сенбі жұмыс күні
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru