Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжнің оқытушылары мен студенттері назарын
Қайырымдылық жасау-әрбір адамзаттың міндеті” демекші,«ДОСБОЛLIKE“ акциясы бойынша“Қолғанат” еріктілер тобы колледжде «Қайырымдылық жәшігі» атты акциясын бастады. Бұл қайырымдылық акциясының басты мақсаты: қолданысыңыздан тыс қалған киім-кешектеріңізді немесе оқылған кітаптарыңызды және тағы да басқа қолданысқа жарамды заттарыңызды жәшікке салсаңыздар болады. Жәшікке жиналған заттардың барлығы көмекке мұқтаж адамдарға таратылады
Қайырымдылық акциясы 1 аптаға жалғасады.
Жақсылық жасап жарысайық
#dosbollike
Досболlike жобасы аясында Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, тәжірибелі - педагог, медиатор Бибігүл Абдішүкірқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде құнды тақырыптың бірі отбасы, ата ананы сыйлау, достық қарым - қатынас туралы өрбіді. Жастар арасында құқықбұзушылық туралыда айтылды. Студенттер сұрақтарын қойып, бата алды. Колледжіміздің атынан @ardakti_ana алғыс айтамыз! Ұйымдастырушы көркемдік жетекші Қансұлтанова.Г.Б.
2024 жылдың 23 қаңтары күні Ақтөбе жоғары гумантарлық колледжінің “Бастауыш білім беру” бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары Аманова Н. мен Бакиева О. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік іріктеу кезіңіне қатысты.
Оқытушылар - желтоқсан айында “Бастауыш білім беру” бөлімінің оқытушылары арасында өткізілген кәсіби шеберлік конкурс жеңімпаздары.
Екі кезең (4 модуль) бойынша өткен байқауда кәсіби шеберліктерін көрсеткен Аманова Н. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бакиева О. конкусқа қатысқанын анықтайтын сертификат алды.
Бөлім оқытушыларын құттықтаймыз.
19 қаңтар күні колледжде педагогикалық кеңес өтті. 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығы қорытындыланып, ІІ жарты жылдықтың жоспарымен бөлісті.
Колледждің дене шынықтыру пәні оқытушысы Ө.Сарин Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Республикалық чемпионатта төрелік еткені үшін "Ұлттық спорт төрешісі" атағын иеленді. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru