Super User

Super User

     «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!», - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз жырлағандай, Тұңғыш Президент күніне орай Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Ақтөбе пікірталас орталығы ұйымдастырған «Мен жастарға сенемiн» атты пікірсайыс турнирінде колледжіміздің «Jana Gasyr» дебат клубының «Жұрттың баласы» фракциясы ерекше шешендік өнерімен көзге түсіп, ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Дебат – бұл тәртіп пен тәрбиені, білімділік пен біліктілікті, шешендік пен тапқырлықты ұштастыратын интеллектуалдық ойын. Осындай интеллектуалды тартыста жүлделі орынды иеленген пікірсайысшыларымызды құттықтаймыз. Өнерлері өрге жүзе берсін!!! 

      

     2021 жылдың 2 желтоқсан күні басқарма басшысы Жолдас Нұрланұлы Батырхан Ақтөбе гуманитарлық колледжінде өтіп жатқан «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатының барысымен танысып, білім аламанында сайысқа түскен жас таланттарға сәттілік тіледі. Аталмыш чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласынан және Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан келген қатысушылар үш модуль бойынша бақ сынайды.

  

    2021 жылдың 2-5 желтоқсан аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Музыкалық білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатыны өтіп жатыр. Аталмыш чемпионатта Нұр-Сұлтан қаласынан және Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан келген қатысушылар үш модуль бойынша өз шеберліктерін көрсетуде. Чемпионаттың негізгі мақсаты – Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіне әлемнің үздік тәжірибесін енгізу әрі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру. Осындай білім додасында бақ сынайтын жүйріктерге сәттілік тілейміз!

  

 

     Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Гульжан Алиева шт-106 тобында “we shall overcome” тақырыбында сыныптан тыс ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту, білім алушыларды қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
     Кеште қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің куәсі болған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілді.Сонымен бірге Қазақстан- көпұлтты мемлекет,келісім мен бірліктің аясында 130 –дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүріп, барлық ұлттар мен ұлыстар үшін ортақ мемлекет екені айтылды. Көп ұлттар елімізде тату тәтті бір үйдің баласындай өмір сүріп жатырғандығы туралы Шт-106 тобының білім алушылары Қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде ән шырқап өз туындыларын паш етті.
Іс-шараға колледж оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты. Осыншама халықты бір арнаға тоғыстырған,тақымы биік қазақ халқы әрдайым биікте тұрары сөзсіз екенін .Үш тілде өткен кеш өте тартымды өтті. Шара соңында «Мен-қазақпын» әні шырқалды.

  

 

     Колледж жатақханасында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің іргетасы қандай жағдайда қалыптасқаны туралы ақпарат беру мақсатында өткен тәрбие сағатында Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері – Елбасының халқымыздың игілігі жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі екені айтылды.

 

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Еуропалық экономикалық, бизнес және құқықтық жоғарғы колледжімен бірлесіп, «Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына 30 қайырымдылық игі іс» акциясы аясында «Дина Нұрпейісова мұрасының бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігі» атты мәдени шара өткізілді. Бағдарлама барысында колледж оқытушылары А.Қарғабаева мен Н.Салықова және "Назқоңыр" домбырашылар ансамблі Динаның шығармашылығы мен күйлерінің шығу тарихына тоқталып, өз өнерлерімен көпшілік қауым ризашылығына бөленді.

 

     Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Сұлу сөз көркем ойдың кемеңгері» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді.
Байқаудың І кезеңі онлайн түрде «Ақын шығармаларын жатқа оқу» (қашықтықтан бейне жазба (видео) нұсқада, төмендегі тақырыптар бойынша өлең оқу), ІІ кезең офлайн форматта өткізілді. Жалпы колледж бойынша І кезеңге 42 білім алушы қатысып, ІІ кезенге 18 білім алушы жолдама алды және арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

  Менің тұңғыш Президентім
«Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің ІІ курс студенттерімен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Қазақ мемлекетінің тарих сахнасында көк байрағын желбірете көтерілуіне аянбай еңбек еткен тұлға-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы ақпарат берілді. Студенттер Елбасының елге сіңірген зор еңбектерін және тәуелсіз Қазақстан жетістіктерін айтып, пікір алысты.

  

     2021 жылғы 29 қараша күні 1 желтоқсан - Президент күніне орай "Мәдениет және саз бөлімі" СБ-215 тобының ұйымдастыруымен "Елін сүйген Елбасы" тақырыбында мерекелік шара өтті. Топ жетекшісі Телмағанбетов Тұрар Боранбайұлының жетекшілігімен өткен шарада СБ-215 топ студенттері өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты. Шара соңында арнайы пән оқытушысы Ажар Қожабергенқызы мен бөлім меңгерушісі Шолпан Ахметқызы студенттерге ыстық ілтипатын білдіріп концертті қорытындылады.

  

     2021 жылғы 24 қараша күні Сб-215 тобында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты - студенттерді өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу. Тәрбие сағатының өту барысында студенттер өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Топ жетекшісі Т.Тельмағанбетов

  

Page 7 of 60
  • Аймұрза Зейнеп
    Мк-105

  • Махабат Жаннета
    Шт-405

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

  • Куздибаева Дилназ
    Кт-105

  • Буреш Елена
    Бк-201

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс