Super User

Super User

     2021 жылғы 15 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаса, Қазақстан!» атты салтанатты шара өткізілді. Шара барысында мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдардағы жетістігі мен жаңа бастамалары туралы Қалышев Ербатыр Қанатұлы баяндады.
Колледж директорының міндетін атқарушы, оқу ісі жөніндегі орынбасары Екібасова Бибігүл Ілесқызы колледж ұжымын атаулы мерекемен құттықтап, әріптестерге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің марапаттарын табыстады. Сонымен қатар колледжде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек еткен ұстаздар, Тәуелсіздік құрдастары және оқу орнының дамуына елеулі үлес қосқан педагогтар, қызметкерлер колледж директоры мен кәсіподақ ұйымы атынан Алғыс хат және сыйақымен марапатталды. Шара соңы колледж өнерпаздарының мерекелік құттықтауына жалғасты.
Еліміздің, елдігіміздің белгісі - қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
#Тәуелсіздіктұмарым
#ТәуелсіздіктұмарымАқтөбе

 

     Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің МД-315 студенттерінің ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні «Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттерді тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістігімізбен таныстыру, тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірі, ерлігін, батырлығын насихаттау, патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен тәрбие сағатында өлеңдер оқылып, ақпараттармен бөлісті. Топ жетекшісі Т.А.Алпамысова.
#Тәуелсіздіктұмарым
#ТәуелсіздіктұмарымАқтөбе

Page 5 of 60
  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс