Дүйсенбі, 04 Наурыз 2019 10:31

«Педагогикалық тәжірибе –шығармашылық бастама» тақырыбына семинар өткізілді

Ақтөбе гуманитарлық колледжі кәсіптік практика бөлімінің бастамасымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Л.Т.Балгазиева жаратылыстану мен дүниетану, көркем еңбек пәнінің оқытушыларымен бірлесе отырып, № 47 жалпы білім беретін орта мектебінде «Педагогикалық тәжірибе –шығармашылық бастама» тақырыбына семинар өткізді. Семинардың мақсаты жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау, өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге әдістемелік көмек беру болды.

   

Семинарға колледж оқытушылары, аталған мектеп мұғалімдері, бөлім меңгерушісі А.Ж.Бөрібай, колледж қабырғасында тәжірибеден өтіп жатқан Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері және мектеп базасында өндірістік тәжірибеден өтуші «Бастауыш білім беру» мамандығының БК-310 топ студенттері қатысты. Семинардың І бағытында әдіскерлер Л.Т.Балғазиева, С.П.Құдайберген баяндама оқып, Р.Е.Даулетиярова «Түрлі түсті бояумен сурет салудың жолдары» тақырыбында шебер класс өткізді. ІІ бағытта колледждің машықкер БК-310 топ студенттері Ержигитова Назерке 4-кластың «Қазақ тілі» пәні бойынша «Көмектес септік» тақырыбында; Ондаған Еркебұлан 2-класс «Әдебиеттік оқу» пәнінен «Ұр, тоқпақ» ертегісі тақырыбында; Алдаризаева Рахат «Дүниетану» пәнінен «Қазақстанға саяхат» тақырыбында панорамалық сабақтар көрсетті. Семинардың соңында педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Булебаева Райгүл Тынышбаевнаның жетекшілігімен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің студенті Сәрсенбина Арухан «Маска» тренингін өткізді.

   

Семинар соңында № 47 мектеп мұғалімдері сөз алып, машықкерлер туралы жақсы пікірлерін білдірді. Өтілген шара студенттердің қазіргі заман талабына сай мұғалім болуына, өз мамандығын жан-жақты игеруіне көмектесетініне сенімдіміз.

Оқылды 1887 рет
  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Маширикова София
    Бк-401

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс