Алматы қаласында ағымдағы жылдың 23-25 наурыз күндері «ҚАЗАҚСТАН ТАЛАНТТАРЫ» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала Ұрпағымыз» ІІ Халықаралық балалар мен жастар байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: Талантты мен дарынды балалардың мәдени кеңістігін қалыптастырып, өнерлерін сынау арқылы үлкен сахыналарға шығуына жол ашу.
Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні «Педагогика және психология» және «Музыкалық аспаптар» ОӘБ «Педагогикалық жетістік – үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбында мамандық онкүндігінің ашылуы болды.
Құтты мекен – Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және Жастар жылы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі және Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 26-27 наурыз күндері аралығында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушы қыздары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Бүгін Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері мен ұстаздар қауымы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын қарсы алды. Колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы ұжымды ұлы мерекемен құттықтап, молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тіледі. Оқу ордасында өткен мерекелік концертте ұлттық ән мен биден шашу шашылып, ұлттық салт – дәстүрлер, мерекелік қойылымдар көрсетіліп, көрермендерге наурыз дәмі таратылды.
2018-2019 оқу жылының қысқы мезгіл уақыт аралығында Мд-101, Бк-101, Р-205,Р-115,Р-305. Бк-201,Бк-301 топ студенттері "Дене тәрбиесі" пәні мұғалімі А.А.Идирисовтың жетекшілігімен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында "Патон"базасына барып түрлі қысқа спорт түрлерімен шұғылданды.
2019 жылдың 13 наурыз күні Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, қаһарман ұлдарының бірі, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырушылар колледж кітапханасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу- әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Жайнагүл Адилова, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен бірлесе өткізілді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе лирик, сыршыл ақын Сағи Жиенбаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Әнге айналған Сағи жырлары» әдеби-музыкалық кеш өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 26-сы ақпаны мен наурыз айының 2-сі күндері аралығында «Мейірімділік жүректен» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты-колледждегі аз қамталған және көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсету.
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және
жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және
тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға,
сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және
патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20579 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасы |
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Құжаттар портал арқылы түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) Мемлекеттік корпорацияда жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде қолма-қол беріледі.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу арқылы автоматты хабарламаларды жіберу;
2) көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті мәліметтерді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы шектеулі мәліметтерді алу.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
|
"Техникалық және кәсіптік, |
|
Нысан |
|
____________________________ |
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
20__ жылғы "___" ________ ________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
|
"Техникалық және кәсіптік, |
|
||
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындабілім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары көрсетеді |
||
2 |
Мемлекеттік көрсітілетін қызметті ұсыну тәсілдері (жеткізу арналары) |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
||
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні; |
||
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды / Қағаз түрінде |
||
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
||
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. |
||
8 |
Құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға: |
||
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
||
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді. |
||
|
"Техникалық және кәсіптік, |
|
||
|
Нысан |
|
||
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________ білім беру ұйымында
20___-20___ оқу жылында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар
тізіміне енгізілгені үшін берілді.
"___" _____________20____ жылы ________________________________
(білім беру ұйымы
басшысының қолы)
|
"Техникалық және кәсіптік, |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік корпорация (мекен-жайын көрсету) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________________;
2)_______________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
_______________________________ ________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация
қызметкерінің қолы)
________________________________________ _____________________
(көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
Алдым: ________________ __________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
"___" _________ 20__ жыл.
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1."Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15744 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қазанда жарияланған);
2."Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16806 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 мамырда жарияланған);
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru