Мақсаты: студенттерінің фортепиано аспабын орындауда кәсіптік деңгейде орындаушылық шеберлігін арттыру, өнерге деген қызығушылығын дамыту. Байқауға «Мәдениет және саз» бөлімінің Сб-215, Сб-205, Сб-415 топтары қатысып, бақ сынап, музыка пәнінің оқытушылыры әділ қазылық етті. Әділ қазы мүшелерінің нәтижесі хабарлағанға дейін, Шәмші әндерін фортепиано аспабының сүйемелдеуімен, көрермендер бірге орындады. «Жас пианист» байқауының жеңімпаздары:
I орынды Сапар Ақмарал – (негізгі аспап) мен Сарсенбаева Гүлсезім (қосымша музыкалық аспап); II орынды Төлеген Наздана – (негізгі аспап), Тауманова Ақкүміс (қосымша музыкалық аспап), Бахытжан Альфия (қосымша музыкалық аспап);
III орынды Набиева Назкен –(негізгі аспап),Шалабаев Данияр (қосымша музыкалық аспап) иеленсе,Нуртасова Гульжанат – қатысқан үшін алғыс хатпен (негізгі аспап) марапатталды.
Сонымен қатар байқауға оқытушылар және студенттер көрермен ретінде қатысып, түрлі жанрда ойналған шығармалардан жақсы әсер алды.