Іс-шараның мақсаты: Педагог мамандар даярлау ісінде кәсіби әрекетке қажетті жаңашыл іс-тәжірибесімен бөлісу. «Педагогика және психология» оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Назира Бурибаева мен «Музыкалық аспаптар» оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Назгуль Булекеева презентация арқылы бірлестіктері туралы ақпарат - хабар берді. Оқытушы Гулнур Табинбаева тренингтер өткізіп, онкүндік тақырыбы мен мақсатын ашып, қатысушылардың қызығушылығын оятты. Іс-шара соңында бірлестік жетекшілері ұйымдастырушылар жасаған онкүндік бағдарламасын бір-бірлеріне табыс етті.