Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Ақберен" әуесқой театры Павлодар қаласында өткізіліп жатырған "Ұлы Жібек жолындағы кездесу" атты Республикалық театр фестиваліне қатысуда!!! Фестиваль қатысушылары: Еуразия ұлттық университеті,С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар педагогикалық университеті,Семей университеті т.б ЖОО бақ сынасуда.
2019 жылдың сәуір айының 24-26 күндері аралығында Техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ХІХ облыстық Спартакиадасының волейбол жарысы өтті. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қыздар құрамасы жүлделі ІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы: Идирисов Алмат Алкеевич. Қыздар құрама командасын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!
Ағымдағы жылдың 23-24 сәуір аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Студент-Түлек-Маман» атты республикалық форум өтті. Форумға ЖОО білім алушылары, оқытушылары, НЗМ мұғалімдері, білім беру мекемелері мен өндіріс орындарының өкілдері сонымен қатар университет түлектері қатысты. Форум болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуының кепілі ретіндегі сапалы білім, өз бетінше ізденіс, ғылыми-зерттеу жобалары, тәжірибе тәлімдері, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктері, жаңашылдық пен креативтік деңгейлерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
Жастар сарайындағы оқу орнының студенттік парламентімен ұйымдастырылған бағдарламада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің білім алушылары түрлі ойындарға қатысып, сыйлықтар иеленді, фильм тамашалап форумға қызығушылықтары арта түсті.
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «WorldSkills Kazakhstan Aktobe 2019» өңірлік чемпионатының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша ашылу салтанаты өтті. «Worldskills Kazakhstan Aktobe 2019» салтанатын колледж директоры Ералы Нұрғалиев ашып, қонақтар мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Бас сарапшы Наталья Каюдина қатысушыларға сайыста батыл болуға, намысты қолдан бермеуге, барынша тырысуға жігерлендірді.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатында «Әдебиет және тілдер» бөлімінің ІІ курс Р-205 топ студенті Киндсфатор Марианна жүлделі ІІ орынға ие болды.
Елбасы Жолдауында көрсетілген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», сондай-ақ «Сандық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен колледжде «EDUSMART» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты білім беру үрдісінде қызмет көрсету стандарттары негізінде «бір терезе» принципі бойынша көрсетілетін қажетті қызметтерді тез және сапалы ұсыну болып табылады.
Мұнда қызметтің 20-дан астам түрі көрсетіледі. Орталықтың қызмет көрсетудегі тиімділігін бірден байқауға болады.
Колледжде студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуы - оқу орны үшін ілгерлі қадам. Бұл ХҚКО-ның аналогы. Оны құрылуы білім алушыларға ұсынылатын қызмет көрсетудің мәдениеті мен сапасын арттыруға ықпал етеді. Білім алушылар үшін СҚКО-дан барлық қажетті құжаттар мен анықтамаларды алу қашанда қолжетімді.
«EDUSMART» СҚКО білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді алуға жұмсайтын уақытын азайтуға, қызмет сапасын түбегейлі жаңа деңгейге көтеруге, студенттердің мәселелерін тиімді және жедел шешуге, "колледж – студент" өзара іс-қимыл жүйесіндегі бюрократиялық тосқауылдар мен сыбайлас жемқорлық қатерлерін жоюға бағытталған.
Студенттерге қызмет көрсету орталығының көрсететін қызметтері:
Анықтамаларға +77074560230 нөмірімен Whatsapp желісі арқылы сұраныс беруге болады. Ол үшін жеке құжатыңыз бойынша аты-жөніңізді және қажетті анықтаманың түрін көрсетесіз. Құжат дайын болғанда Сізге хабарлама келеді.
Ағымдағы жылдың 2-сәуір күні «Педагогикалық жетістік-үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбыдандағы мамандық онкүндігі аясын «Тәсіл негізі-тәжірибе»тақырыбында кіріктірмелі ашық сабақ өтті.
«Педагогика және психология», «Музыкалық аспаптар» ОӘБ «Педагогикалық жетістік – үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында педагогика пәні оқытушылары Тулегенова Алтыншаш Мухтаровна, Бурибаева Назира Дуйсенбаевна, Булебаева Райгүл Тынышбаевнаның ұйымдастыруымен өзара тәжірибе алмаса отырып, ынтымақтастықты арттыру, педагог кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелерді бірлесе отырып талқылау мақсатында «Педагог кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер және мұғалім мәртебесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
2019 жылдың 05 сәуірінде Ақтөбе гуманитарлық колледжінің әдістемелік бөлім жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық білім басқармасы және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлескен «Қоғам талабы - жаңашылдықта»тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог мамандарына арналған семинар-практикум өтті. Семинарға аудан және қала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары мен әдіскерлері қатысты.
«Сырнай сазы-2019» байқауы Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні «Педагогика және психология» мен «Музыкалық аспаптар» ОӘБ «Педагогикалық жетістік – үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбындағы мамандық онкүндігі жоспарына сәйкес музыка пәнінің оқытушылары Сайрагүл Кушкинбаева және Тұрар Телмағанбетовтың ұйымдастыруымен «Сырнай сазы-2019» байқауы өткізілді.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru