Дөңгелек үстелді колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жамекова Бибігүл Мустафиевна ашты. Дөңгелек үстелге әлеуметтік серіктестер Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен қала мектептері өкілдері келді. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушысы, магистр Алдашева Гүлмира Хамитовна «Мазмұнды жаңарту жағдайындағы мұғалімдердің рөлі»; АӨМУ аға оқытушысы, магистр Ербулатова Акмарал Карасаевна «Роль инновационных технологий в профессиональной подготовке будущего специалиста» , Новый орта мектебі, бастауыш класс мұғалімі Ж.Б.Хабибуллина «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» тақырыбында сөз қозғап,өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Келген қонақтарға сұрақтар қойылып,өзара пікір алысылды.Колледж оқытушысы, педагогика,психология магистрі Райгүл Тынышбаевна «Болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбы бойынша ( кәсіптік техникалық білім беру жағдайында) көкейкесті мәселелер қозғап,мұғалімдік мамандыққа келетін талапкерлер қабілетін ескеру жайында ой салды. Тренинг ойнатылып, «Мұғалім – ол ... » сөйлемді аяқтау арқылы мамандық ерекшелігі аталды. «Қазіргі таңдағы мұғалім мәртебесі және оны көтеру жолдары» тақырыбында ашық пікір алаңы болды.
Дөңгелек үстелге келген қонақтармен «5.5.1» әдісімен кері байлыс жүргізіліп ,қорытындыланды. Дөңгелек үстел барысында белсенділік танытып,өз ойымен,іс-тәжірибесімен бөліскен қатынасушыларға Алғыс хат табыс етілді.