"Отбасы-бақыт мекені" атты республикалық апталық шеңберінде 1 курс студенттеріне «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен жауапкершілігі» және «Роль родителей в воспитании детей и взаимоотношения с колледжем» тақырыбында баяндама оқылып, ата-аналардың қатысуымен топ жиналысы өткізілді. Мақсаты: студенттерге және ата-аналарға отбасы құндылықтары және оның бала тәрбиесіндегі алатын орны туралы ақпарат беру, ата-анамен байланысты нығайту.
Орталықтан психолог Ж.Ибадуллаева, әлеуметтік педагог Ы.Жақұдолла студенттер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қиын жағдай орын алған кезде берілетін көмек түрлерін айтып, бейнеролик көрсетті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 9 қыркүйек күні «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру өкілдерімен кездесу өтті.
2019 жылдың 6 қыркүйек күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйек күнгі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын студенттерге түсіндіру, насихаттау мақсатында ақпараттық топ өкілдерімен кездесу өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шара барысында колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы 2019-2020 оқу жылына қабылданған білім алушыларды құттықтап, ұстаздар қауымына жемісті еңбек тіледі.
Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобалық кеңcесінің кезекте тұратын азаматтарға жағдай жасау үшін жариялаған "Парасатты кезек - Добропорядочная очередь" акциясын Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы қолдайды.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru