Кездесуге "Парасат-Ғылым" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметов Көшкінбай Нұрмағанбетұлы, білім саласының ардагерлері Асан Мұратхан Домақұлы, Кенжебаев Данағали Кенжебайұлы, білім басқармасының бас маманы Жақсыбаев Нұркен Әбдірзақұлы және Қазақ гуманитарлық заң колледжі студенттері қатысты. Кездесу барысында жолдауда айтылған басым бағыттарға нақты түсіндірме берілді. Сондай-ақ ардагерлер болашаққа нық қадам жасауда талмай еңбектенуге, оқу-тәрбиеде жетістікке ұмтылып, білімді, белсенді жастардың қатарында болуға шақырды.