Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйек күнгі жолдауында басты мәселе ретінде білім сапасын арттыру, ғылымды жандандыру, ауылшаруашылықты өркендету, азаматтық қоғамды дамыту, шағын бизнесті қолдау, мамандарды даярлауда кәсіби бағдар беру жүйесін жақсарту, ұлттық қорды тиімді пайдалану, еңбекақыны көтеру, зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту, мәдениет саласы қызметкерлерін қолдау, жастарды жұмыспен қамту сынды бірқатар қоғамдағы өзекті мәселелер қаралды. Келер жылы, яғни 2020 жыл «Еріктілер жылы» болатындығы туралы атап өтілді. Президент халқымызды толғандыратын барлық мәселелерді шешуде әрбір азаматқа зор сенім артып, мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырды.