Super User

Super User

Сенбі, 20 Маусым 2020 14:01

Талапкер-2020

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі

[gallery ID=56]

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

[gallery ID=58]

0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

[gallery ID=59]

0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

[gallery ID=60]

0111063 «Математика мұғалімі»

[gallery ID=61]

0108013 «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі»

[gallery ID=62]

0403013 «Ұйымдастырушы-педагог»

[gallery ID=63]

 

Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 17:21

Практика бойынша құжат үлгілері

 

 

Күнделік үлгісі

Мамандық Жүктеу
1 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту Жүктеу
2 Бастауыш білім беру Жүктеу
3 Музыкалық білім беру Жүктеу
4 Негізгі орта білім беру - Математика Жүктеу
5 Негізгі орта білім беру- Орыс тілі Жүктеу
6 Кітапхана ісі Жүктеу

 

Практика әдіскерінің есеп үлгісі

 

* Жүктеу үшін керек құжатыңыздың үстінен немесе жүктеу батырмасын басыңыз!

Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 16:01

«ҰСТАЗ.ЖАСТАР.БОЛАШАҚ-2019»

Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Шығармашылық академиясында «Ұстаз. Жастар. Болашақ - 2019» форумы жетінші мәрте өтті.

2019 жылдың 23 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлерінің ұйымдастыруымен     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  облыстық деңгейде семинар өтті.

2019 жылдың мамыр айының 23-24 күндері аралығында Техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ХІХ облыстық Спартакиадасының жеңіл атлетика жарысы өтті. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қыздар құрамасы жүлделі ІІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы: Идирисов Алмат Алкеевич.

Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 09:06

Студенттік нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 07:48

Cтратегиялық даму жоспары

«Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК

2017-2022 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

 

Колледж миссиясы: Еңбек нарығындағы сұранысқа сай кәсіптік білім мен құзыреттілікті игерген, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Пайымдауы: Білім, ғылым және өндірістегі жаңашылдыққа бағытталған, заманауи талаптарға сай мамандар даярлайтын білім саласы кластерінің орталығы болу.

Колледж саясаты: мамандар даярлау сапасын қамтамасыз етуде оқытудың заманауи технологиялары арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, педагогикалық құрамның кәсіби әлеуетін көтеру, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, өз мамандығы бойынша кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мамандар даярлау, колледж қызметінің барлық бағыттарын дамыту.

 

Стратегиялық мақсаты:

  • ТжКБ жүйесінің заманауи талаптарына сәйкес колледж қызметінің басым бағыттарын дамыту;
  • Кәсіптік білім деңгейінде білім беру қызметінің сапасын және нәтижелігін тұрақты қамтамасыз ету;
  • Білім берудің жаңашыл әдістері арқылы студенттерді орталықтандырып оқыту;
  • Білім беру қызметіндегі инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны дамыту;
  • Құзыреттілік шеңберінде әлеуметтік серіктестікті, халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Студенттердің сұранысын қанағаттандыратын қажетті жағдайлар жасауды және үйлесімді дамытуды жетілдіру;
  • Интернет-ресурстар мен білім беру қызметін автоматтандыру жүйесін дамыту;

 

Стратегиялық міндеттері:

  • Оқыту сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
  • Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;
  • Оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби және құзыреттілік деңгейлерін арттыру;
  • Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша түрлі семинарлар өткізуге шетелдік мамандарды тарту;
  • Оқу үдерісін автоматтандыру жүйесін жетілдіру;
  • Оn-line тәртібінде шебер –класс, конференциялар, семинарлар өткізу;
  • Заманауи оқу құралдарымен жаңарту;
  • Құрылыс –жөндеу жұмыстарына, оқытудың техникалық құралдарына, оқу-әдістемелік құралдарға бөлінетін қаржы көлемін көбейту;
  • Білім алушылардың әлеуметтік және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған шараларды өткізуге қолдау көрсету.

 

   Стратегиялық бағыттары:

  1. Білім беру қызметі дамыту.
  2. Кәсіби білікті, рухани қалыптасқан мамандар даярлау.
  3. Әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  4. Кадрлар әлеуетін және басқару жүйесін дамыту.
  5. Инфрақұрылым мен материалдық – техникалық базаны дамыту.
  1. Жалпы ережелер 
  1. Колледждің педагог қызметкерінің осы Ар-намыс кодексi (бұдан әрi – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына,  «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңына, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексiне 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңына,«Педагогикалық әдеп қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына және  білім мен тәрбиеге қатысты  барлық нормативті-құқықтық актілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес педагог қызметкердің  моральдық-әдептiлiк бейнесiне қойылатын негізгі қағидаттарды, нормаларды сондай-ақ олардың мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын анықтайды.
  2. Педагог қызметкерлер қатарына колледж директоры, директордың тәрбие, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік, ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер т.б. ҚР Үкіметі бекіткен Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіндегі қызметкерлер жатады.
  3. Колледжде бiлiм алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.. (Білім туралы заңының 50-бабы) Педагог қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылады.
  4. Азаматтық қызмет – азаматтық қызметшiлердiң қазыналық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi.
  5. Азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақы төленетiн штаттық лауазымды атқаратын және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам.
  6. Кодекс бiлiм алушылар мен ата-аналардың колледжге сенiмiн нығайтуға, педагогтік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және педагог қызметкерлердің әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
  7. Директордың орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн оқу ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды және педагог қызметкерлер осы кодекс қабылданған кейін 3 күн ішінде жазбаша танысуын қамтамасыз етедi. Жаңадан жұмысқа тұратын қызметкерлерді  мамандар бөлімі осы кодекспен таныстыруы тиіс.

 

  1. Педагогикалық әдептiң негiзгi қағидаттары

 

Педагогикалық әдептiң негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) адалдық:

      Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесiне, өз қызметiндегi түзетулердi жүзеге асыра бiлуiне, сынға және рефлексияға қабiлетiн дамытуға, білім алушы,ата-ана, әрiптестердiң кез келген пiкiрi үшiн ашықтығына жауапкершiлiгiн бiлдiредi;

      2) әдiлдiк:

      Педагог әдiлдiгi оның бағалау кызметiнiң ашықтығын, олардың құрған бiлiм беру ортасының айқындылығын бiлдiредi. Әдiлдiк педагогке бiлiм алушылардың, оның ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң), әрiптестерiнiң құқығын бұзуға тыйым салады;
      3) өзiнiң абыройын және қадiр-қасиетiн құрметтеу:

      Педагог өзiнiң кәсiби назарындағы объектiлер болып табылатын білім алушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтейдi, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелi. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендiгiн бiлдiрiп, бiлiм алушының жетiстiгiн (жетiспеушiлiгiн) бағалауда әдептiлiк танытады.
      Бiлiм беру процесiне қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдiстерiн қолдануға мүлдем жол бермейдi;
      4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:

      педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбiр ұлт мәдениетiн ерекшелiгiне, құндылығына және қадiр-қасиетiне құрметпен қарайды.
      Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетiн тәрбиелейдi, бiлiм алушыларды жасына, жынысына, тiлiне, ұлтына, дiни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге үйретедi;

      Педагог колледж ұжымында сенiм бiлдiру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкiндiк туғызады;

      5) кәсiби ынтымақтастық:

      педагог мамандық мәртебесi туралы ойлайды, әрiптестерiнiң абыройын және қадiр-қасиетiн құрметтейдi, мұғалiм беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттерге жол бермейдi.
      Педагог қандай да бiр дұрыс емес нәрселердi жасауға, өз әрiптестерiнiң сенiмiне нұқсан келтiруге, олардың кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi жасауға, оларға қандай да бiр шығын келтiруге жол бермейдi. Педагог өз әрiптестерiнiң теориялық және әдiстемелiк шеберлiк деңгейiн арттыруға, шығармашылық қабiлетiн дамытуға, қиын жағдайға тап болған әрiптестерiне көмек беруге жәрдем көрсетедi. Кәсiби ынтымақтастық жалғандық пен әдiлетсiздiктi ақтауға қызмет етпейдi;
    6) үздiксiз кәсiби даму.

      Педагог өзiнiң кәсiби шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн жетiлдiредi.

  1. Педагогикалық әдептiң негiзгi нормалары

 

Педагог қызметкер өз қызметiнде:

  • бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершiлiк тұрғыда тәрбиелеуге мүмкiндiк жасайды;
  • Қазақстан Республикасы педагог қызметкерiнiң жоғары атағының беделiн түсiруге мүмкiндiк туғызатын iс-әрекеттердi жасауға жол бермейдi;
  • өзiнiң қызметтiк мiндетiн адал және сапалы орындайды;
  • өзiнiң кәсiби шеберлiгiн үздiксiз жетiлдiредi, өз бетiнше бiлiм алу және өзiн-өзi жетiлдiрумен белсендi түрде айналысады;
  • еңбектәртiбiн бұлжытпай сақтайды;
  • колледж мүлкiне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзiнiң шыншыл, адал және әдiл мiнез-құлқымен үлгi болады;
  • қызметтiк ақпараттарды пайдакүнемдiк және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейдi;
  • өзi үлгi бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкiндiк жасайды;
  • өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезеңiнде iскерлiк киiм үлгiсiнде болады.

Бiлiм беру процесiне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

  • жасына, жынысына, ұлтына, дiни сенiмiне, азаматтығына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтейдi;
  • білім алушылардың білімі мен тәртібін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;
  • бiлiм беру процесiне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактiлерiне жол бермейдi, өз әрiптестерi тарапынан осындай iс-әрекеттердi болдырмау үшiн күш салады;
  • өз iс-әрекетiмен қоғам тарапынан дәлелдi сындарға жол бермейдi, оған сабырлылықпен қарайды, өзiнiң кәсiби қызметiндегi кемшiлiктердi жою және оны жақсарту үшiн сындарлы сынды пайдаланады;
  • бiлiм беру процесiнiң қатысушыларына кәсiби қолдау көрсетедi.

Әрiптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

  • жалпы қабылданған адамгершiлiк-әдептiлiк нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
  • ұжымда iскерлiк және тiлектестiк өзара қарым-қатынасты әрi сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
  • басқа педагогтар тарапынан қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнiнде өзге шаралар қабылдауға;
  • ұжымда әрiптестерiнiң ар-намысы мен абыройына кiр келтiретiн жеке және кәсiптiк қасиеттерiн талқылаудан аулақ болуға;
  • әрiптестерiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге;
  • баска педагог қызметкердiң кәсiби бiлiктiлiгiне көпшiлiк алдында күмән келтiрмейдi.

Басшылар қарамағындағы қызметшiлермен қарым-қатынас кезiнде:

  • өзiнiң мiнез-құлқымен бейтараптықтың, әдiлдiктiң, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
  • меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерiн шешу кезiнде туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша артықшылық көрсетпеуге;
  • олардың қызметiнiң нәтижелерiн бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;
  • еңбектi, денсаулықты қорғауға, тиiмдi қызмет ету үшiн қауiпсiз және қажеттi жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшiлердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн кемсiтушiлiктiң және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
  • қызметтiк емес сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде олардың қызметiне ықпал етуге өзiнiң қызметтiк дәрежесiн пайдаланбауға;
  • құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;
  • оларға қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, қадiр-қасиетiн қорлау, әдепсiздiк және орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге тиiс.

Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын қызметкерлер:

  • басшылардың тапсырмаларын орындау кезiнде тек объективтi және шынайы мәлiметтердi ұсынуға;
  • өздерiне мәлiм болған педаготік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және педагогтік қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар туралы басшылыққа дереу хабарлауға;
  • басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктi) болдырмауға;
  • басшылыққа қатысты жеке берiлгендiкке, олардың қызметтiк мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиiс.

 

  1. Педагог қызметкерге қойылатын шектеулер мен жауапкершілігі
  2. Педагогтік қызметіне:
  • медициналық қарсы көрсетiлiмi бар;
  • психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнің 26-бабында сәйкес: адам өлтiргенi, денсаулыққа қасақана зиян келтiргенi, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн, экстремистiк немесе террористiк қылмыстар, адам саудасы үшiн сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларының негiзiнде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берiлмейдi 
  1. Лауазымдық мiндеттерiн бұзған және педагог қызметкер атағына кiр келтiретiн терiс қылық жасаған педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында Ішкі тәртіп Ережесінде белгiленген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағына сәйкес тәрбиелеу функцияларын атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған үшін еңбек шарты бұзылады және жұмыстан босатылады.
  3. Осы кодексте көрсетілген жауапкершіліктер туындайдын жағдайларды анықтаған қызметкер, білім алушы, ата-ана (немесе білім алушының заңды өкілі), лауазымды тұлғалар колледж директорына шағымданады. Болған жағдайдың мән-жайын анықтау (тексеру) мақсатында колледж директоры өз орынбасарларына немесе арнайы комиссияға тапсырады. Тексеру жүргізетін тұлға немесе комиссия ҚР Еңбек кодексі аясында жұмыс жасайды және келеңсіз жағдайға қатысты бар барлық қызметкерлер мен білім алушыдан түсініктеме алуға міндетті. Қызметкер немесе білім алушы түсініктеме жазудан бас тартқа жағдайда, арнайы акт толтырылады. Түсініктеме жазудан бас тарту тәртіптік жазадан босатпайды. Тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралады және оның нәтижесі бойынша колледж директоры бұйрық береді. Педагог қызметкердің тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілігі қолданыстағы заңдар негізінде жүргізіледі.
  4. Педагог бiлiм беру процесiн саяси үгiттеу, дiни насихат жүргiзу мақсатында немесе бiлiм алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн әрекеттерге итермелеу үшiн пайдалануына тыйым салынады.

 

 

 

  1. Мiнез-құлықтың жалпы стандарттары

 

  1. Педагог қызметкер:
  • адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, білім алушылармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
  • өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;
  • колледж мүддесiне нұқсан келтiретiн, оқу-тәрбие процесінің тиімдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
  • қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
  • өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қызметкерлер мен білім алушылар тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
  • жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде білім алушыға, басқа педагог қызметкерлерге ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
  • шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;
  • колледж меншiгінің сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;
  • қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;
  • білім және тәрбие беру сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға;
  • жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
  • педагогтік әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.
  1. Педагог қызметкерлердің сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде колледждің беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс.

 

  1. Қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлық стандарттары

 

  1. Педагог қызметкер қызметтен тыс уақытта:
  • жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
  • қарапайым болуға, сабақ беру кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
  • өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға, таратуға жол бермеуге тиiс.

 

  1. Көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында
    сөйлеумен байланысты мiнез-құлық стандарттары

 

  1. Колледж қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның директоры немесе директор бұған уәкiлеттiк берiлген өзге қызметкер жүзеге асырады.
  2. Педагог қызметкерлер колледж және педагогтік қызмет беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты сыпайы нысанда жүргiзуге тиiс.
  3. Педагог қызметкерлер мемлекеттiк білім және тәрбие мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
  • Мемлекеттік білім бағдарламасының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
  • жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
  • мемлекеттiң лауазымды адамдарының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да қызметкерлердің атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.
  1. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды педагог қызметкер тек өз атынан жүзеге асыра алады.
  2. Педагог қызметкер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

 

 

 

 

  1. Білім алушылар Қазақстан Республикасының лайықты азаматы және өз Отанының патриоты болуға тырысуы қажет. Білім алушылар өздерін адал және лайықты ұстайды, өзара және үлкендер арасындағы қарым-қатынаста әдеп пен өнеге талаптарын сақтайды, өзінде шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады;
  2. Білім алушылар өздерінің құрдастары мен үлкендерге құрметпен қарауы тиіс, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға аяушылық білдіреді,  мүмкіндігінше оларды қорғайды;
  3. Білім алушылар адалдықтың, мәдениеттілік пен әдептіліктің үлгісі болып табылады, азғындықтың көрінуіне төзбейді және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді;
  4. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген білім, білік және дағдыны толық көлемде меңгеруге, оқу және практикалық сабақтарға қатысуға;
  5. Дәлелді себеппен сабақ жіберген жағдайда өзі немесе ата-анасы арқылы оқу орнын хабардар етуге;
  6. Амбулаториялықнемесе стационарлық емделгенде оқу орнына хабар беруге, соңынан жазбаша түрде растайтын құжатын көрсетуге;
  7. Колледж Жарғысын және Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және орындауға;
  8. Классикалық стильде киінуге (денесін жартылай ашып жүруге, хиджаб киюге, көзге анық түсетін сәндік бұйымдар мен косметикалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады);
  9. Білім алушылар салауатты өмір салтын қолдайды және зиянды әдеттерден толығымен бас тартады;
  10. Білім алушылар білім беру мекемесінің тәртібін құрметтеуі, оның мүлкін ұқыпты ұстап, тазалық пен тәртіпті қадағалауы, оқу орнындажәне жатақханада тұруға қалыпты жағдай жасауға қатысуға;
  11. Әскери есеп ережесін сақтауға;
  12. Оқу процесі кезінде білім алушылар тек оқу әрекетімен айналысуға және сабақтың өтілуіне кедергі жасамай, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне құрмет көрсетуге және білім алушыларымен сыпайы қарым-қатынас жасауға;
  13. Білім алушыларға білім беру мекемесінің аумағына кез келген мақсатта қару, жарылғыш немесе өртенгіш заттар, газды шынылар, спирттік сусындар, темекілер, есірткілер, тағы да басқа есеңгірететін немесе улы құралдар, оқу қызметіне қатысы жоқ және айналасындағы адамдардың денсаулығына зақым келтіретін заттар алып келуге тыйым салынады;
  14. Білім беру мекемесінің аумағында темекі шегуге тыйым салынады;
  15. Әдепсіз сөздер мен қылықтар қолдануға тыйым салынады. Білім алушылар ара қатынасты анықтау үшін ешқашан физикалық (дене)  күш көрсетпейді және дөрекі сөздер қолданбайды. Дене күшін көрсету адамның абыройын қорлайды және аталған әрекетке  үзілді-кесілді тыйым салынады;
  16. Білім алушылар шығармашыл белсенділікті дамытуға (ғылыми-білімді, спорттық, көркемдік және т.б.), бірлескен мәдениет пен білім беру ұйымының беделін  көтеруге  бағытталған  әртүрлі әрекеттің  қажеттілігі мен пайдалы екендігін мойындауы қажет;
  17. Білім беру мекемесінен тыс жерде білім алушылар сол білім беру мекемесінің өкілі болып табылатындығын әрқашан есте сақтауы тиіс және оның абыройы мен беделін түсіріп алмау үшін барлық  күшін салып әрекет етуі қажет;
  18. Білім алушылар білімді бақылау шаралары (мәнжазбалар, курстық, бақылау, дипломдық және басқа жұмыстар) барысында өз еңбегінің нәтижесінің сапасын көшіру немесе басқа тұлғалардан,Интернет-ресурстарды қоса алғанда көмек сұрау; жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды қолдану; қыдыру, кешігу және дәлелсіз себептермен сабақ жіберу сынды академиялық жат қылықтардың барлық түрлерімен күресуі қажет;
  19. Аталған Ереже білім беру мекемесінің барлық білім алушыларымен міндетті түрде сақталуы тиіс;
  20. Осы тәртіп Ережесін бұзған студенттер жауап береді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілігі

Page 43 of 60
  • Келдикова Аружан
    Шт-405

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

  • Джанбауова Аружан
    Бк-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс