Ақтөбе гуманитарлық колледжі түлектерінің жұмыспен қамтылуы және жұмысқа орналасуы туралы мәлімет
|
2018-2019 оқу жылы
|
2019-2020 оқу жылы
|
2020-2021 оқу жылы
|
|
Барлық түлек |
458 |
356 |
331 |
|
Жұмысқа орналастырылды және бос емес түлектер |
406 (89%) |
343 (96%) |
302(91%); |
|
Жұмыссыздар |
52 (12%) |
13 (4%) |
29 (9%) |
|
Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде |
Жұмысқа орналастырылды және бос емес түлектер |
266 (90%) |
286 (98%) |
278 (94%) |
Жұмыссыздар |
30 (10%) |
5 (2%) |
19 (6%) |
Дуальды оқыту нысаны бойынша білім алушылардың ұлғаю көрсеткіші
Мамандықтар |
2019-2020 оқу жылындағы студент саны |
2020-2021 оқу жылындағы студент саны |
2021-2022 оқу жылындағы студент саны |
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» |
25 |
50 |
50 |
0105000 «Бастауыш білім беру» |
25 |
50 |
50 |
Барлығы |
50 |
100 |
100 |
Дуалдық оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл жүйе бойынша оқушылар өндірісте (белгілі мекемеде) еңбек ете жүріп, қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін ғана теориялық оқуға арнайды.
2016-2017 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттерін оқытуда дуальдік жүйені енгізді. Бұл мамандық бойынша «Балақай» ЖШС таңдап алынды, бұл серіктестіктің құрамына «Еркемай», «Ертөстік», «Айлин» балабақшалары кіреді. Колледж Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жоғарыда аталған мекемемен келісімшартқа отырған болатын.
2021-2022 оқу жылында «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттері дуалдық оқыту жүйесі бойынша №64, №56, №30, №4, №35, №13 мектептерінен өндірістік және кәсіптік тәжірибеден келісімшарттар арқылы өтуде.
Ал, биылғы 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған 01120100 –«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01140100 –«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», 032320100 – «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша қабылданған 223 студент дуалдық жүйе бойынша білім алуда. Бұл мамандық бойынша № 33 «Нұрсәт», № 21 «Кәусар бұлақ», № 45 «Алтын бала», № 52 «Құлагер» балабақшалары және алдыңғы қатарлы «Білім» мектеп-гимназиясы, «Ақбөбек» халықаралық мектебі, «Сымбат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылымы кітапханасы, Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі таңдап алынды. Колледж директоры Жанара Куандыковна өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімін жасасты. Қазан айында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жоғарыда аталған мекемелермен келісімшартқа отыру жұмысы толығымен аяқталды.
Күнделік үлгісі
№ | Мамандық | Жүктеу |
1 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | Жүктеу |
2 | Бастауыш білім беру | Жүктеу |
3 | Музыкалық білім беру | Жүктеу |
4 | Негізгі орта білім беру - Математика | Жүктеу |
5 | Негізгі орта білім беру- Орыс тілі | Жүктеу |
6 | Кітапхана ісі | Жүктеу |
Практика әдіскерінің есеп үлгісі
* Жүктеу үшін керек құжатыңыздың үстінен немесе жүктеу батырмасын басыңыз!
№ |
Мамандығы |
Біліктілігі |
Практика базалары |
1 |
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» |
0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» |
Ақтөбе қ № 38 «Әлем» МДҰ Ақтөбе қ № 7 «Арман» МДГ Ақтөбе қ «№ 9«Бәйшешек» МДҰ Ақтөбе қ «№22 «Балдырған» МДҰ Ақтөбе қ «№ 1 «Гүлдер» МДҰ Ақтөбе қ «№ 10 «Алма» МДҰ Ақтөбе қ «№ 25 «Ерке» МДҰ Ақтөбе қ «№ 33 «Нұрсәт» МДҰ Ақтөбе қ «№ 49 «Думан» МДҰ Ақтөбе қ «№ 16 «Аққайың» МДҰ Ақтөбе қ «№ 12 «Інжугүл» МДҰ Ақтөбе қ «Балақай» БОО ЖШС (дуалды оқыту тобы бойынша) |
2 |
0105000 «Бастауыш білім беру» |
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 34 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 11 МГ» ММ Ақтөбе қ «№ 25 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 47 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 40 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 38 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 35 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 4 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 19 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 64 ОМ» ММ |
3 |
0105000 «Бастауыш білім беру» |
0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 19 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ |
4 |
0108000 «Музыкалық білім беру» |
0108013 « Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәні мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 37 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 39 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 Аққайың» МДҰ Ақтөбе қ «№ 9 «Бәйшешек» МДҰ Ақтөбе қ «№22 «Балдырған» МДҰ |
5 |
0111000 «Негізгі орта білім беру» |
0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 11 МГ» ММ Ақтөбе қ «№ 19 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 25 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 ОМ» ММ |
6 |
0111000 «Негізгі орта білім беру» |
0111063 «Математика мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 34 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 47 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 64 ОМ» ММ |
7 |
0111000 Негізгі орта білім беру |
0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі |
Ақтөбе қ «№ 34 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 47 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ |
8 |
0107000 Технология |
010701 3 - Учитель технологии основного среднего образования |
Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 36 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ |
9 |
0401000 «Кітапхана ісі» |
0401013 «Кітапханашы» |
«Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы облыстық – ғылыми әмбебап кітапхана»ММ «Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы»ММ «Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы»ММ «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе МӨУ ғылыми кітапханасы |
10 |
0403000 «Әлеуметтік- мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» |
0403013 Ұйымдастырушы- педагог |
«Ақтөбе қалалық Мәдениет Үйі» ММ, «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК |
1.1. Ақтөбе гуманитарлық колледжінде студенттерді кәсіптік тәжірибеден өткізу оқу процесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты 1) білім алушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибе жинақтау арқылы тереңдету, бекіту және мамандықтарына байланысты іскерлік дағдыларды қалыптастыру, 2) кәсіби бағдар беру жұмысын қамтамасыз ету; 3) еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес теориялық оқыту мен өндірістік оқыту арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету; 4) қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын сұраныстарына бейімделуіне ықпал ету; 5) еңбек ұжымы қызметіне тарту болып табылады. Білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибесі 27.07.2007 ж. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.09.2013 жылғы №369 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.01.2016 жылғы № 107 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын» басшылыққа ала отырып, «Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқу, өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы» Ережесіне және Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.
Тәжірибенің мынадай түрлері бар:
1.2. Тәжірибенің барлық түрінің мақсат-міндеттерін ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген кәсіптік тәжірбие үлгілік оқу типтік бағдарламалар анықтайды. Типтік бағдарлама негізінде тәжірибенің әр түріне сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары жасалады. Оқу жұмыс бағдарламасы колледждің оқу-әдістемелік ұйымдастыру комиссиясы отырысында қаралып, директордың оқу -өндірістік ісі жөніндегі орынбасары бекітеді.
1.3. оқу жұмыс бағдарламасында тәжірибенің түріне байланысты түсінік беріледі, мақсат- міндеттері, өту мерзімі мен берілген сағат саны көрсетіледі, мүмкіндігінше тәжірибенің тақырыбы мен мазмұны жазылады (кейде мектеп бағдарламасының мазмұны салынады). Оқушылардың игеруге тиісті білім, білік, іскерлік дағдылары, білім алушылар мен әдіскерлердің міндеттері, тапсыратын құжат түрлері, әдебиеттер беріледі. Типтік бағдарлама болмаған жағдайда адаптивтік жұмыс бағдарламасы жасалады.
1.4. тәжірибе бойынша оқу жоспарына, тәжірибе мерзіміне, өткізу орнына байланысты өзгерістер енгізуге болады, енгізілетін өзгерістердің барлығына колледж директорының бұйрығы беріледі.
1.5. оқу, өндірістік тәжірибелерді өткізу үшін оқу жылының басында база орны айқындалып, шарт жасалады. Шартта екі жақтың міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Тәжірибе базасына материалдық-техникалық базасы, педагогтарының сапалық құрамы жоғары, колледж білім алушыларына әдістемелік көмек көрсетуге дайын мекеме алынады.
1.6. тәжірибе орнына білім алушыларды бөлу туралы колледж директорының бұйрығы тәжірибе басталатын күннен кемінде бір күн бұрын шығарылып, тәжірибе орнына бұйрық көшірмесі беріледі.
1.7. өндірістік тәжірибелерді өту барысында қажеттілікке байланысты я білім алушының өтінішіне сәйкес білім алушы базалық тәжірибе орны болып табылмайтын мекемеден тәжірибе өтуге ниет білдірсе, мекемеден сұраныс хат әкелу немесе жеке оқушыны тәжірибеден өткізу туралы шарт жасасу арқылы көрсетілген мекемеге жіберілуі мүмкін.
1.8. тәжірибе қорытындысы бойынша сынақ баға қойылып, сынақ ведомосі толтырылады. Қойылған баға теория түрінде өтілетін пәндерге қойылатын қорытынды бағамен тең қарастырылып, білім алушының жалпы үлгеріміне әсер етеді.
1.9. тәжірибе қорытындысы бойынша қойылған сынақ бағасы білім алушының сынақ кітапшасындағы «Оқу, өндірістік тағы да басқа тәжірибе түрлері» деген бөлімге түсіріледі.
1.10. тәжірибеге дәлелді себеппен (денсаулығына байланысты т.б.) қатыспаған білім алушы қатыспау себебі туралы анықтама қағазын әкелген соң тәжірибені сабақтан тыс уақытта өтейді. Ал делелсіз жіберген білім алушы үлгермеуші ретінде оқудан шығарылады.
1.11. тәжірибеге шықпас бұрын білім алушыларға тәжірибе түрі, мақсат-міндеттері, құжаттарды дұрыс толтыру, қорытындысы бойынша тапсыратын құжаттар тізімі айтылып, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және жол ережесі туралы инструктаж өткізіліп, арнайы журналға қол қойдырады.
1.12. тәжірибені қорытындылау үшін конференция өткізіліп, білім алушылардың жұмысы қорытындыланып, бағасы бекітіледі.
1.13. сырттай оқу білім алушылары үшін тек диплом алдындағы өндірістік тәжірибе қарастырылған (күндізгі оқу бөлімінде оқу жоспарында көрсетілген сағаттың 30% құрайды).
1.14. Мамандығы бойынша жұмыс жасайтын сырттай оқу білім алушысы жұмыс жасайтын орнынан анықтама әкеледі және жасаған жұмыстарының көшірмелерін тапсырады. Мамандығы бойынша не мүлде жұмыс жасамайтын білім алушылар өндірістік тәжірибе орнын өзі табады, тәжірибеден өтіп болған соң баға қойылған мінездеме, есеп, сабақ жоспары, т.б. құжаттар тапсырады.
1.15. диплом қосымшасына практика түрлеріне байланысты бағалар қорытындыланып қойылады.
1.16. оқу орнында тәжірибе бойынша төмендегідей құжаттар жүргізіледі:
- оқу жылында тәжірибе уақыты көрсетілген оқу процесі кестесі (оқу орнының директоры бекітеді).
- еңбекті қорғау, техника және жол қауіпсіздігі ережесімен таныстыру туралы журнал.
- әр топқа арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналы
- әр топтың тәжірибе қорытындысы бойынша сынақ ведомостері.
- қорытынды конференция материалдары.
- білім алушылардың тәжірибе құжаттары.
1.17. білім алушылардың тәжірибе құжаттары (мінездеме, есеп, күнделік, т.б) тексеріліп, бағаланған соң колледж мұрағатына сақтау үшін тапсырылады. Сақтау мерзімі іс номенклатурасына сәйкес.
1.18. базалық мекемелерге тәжірибе өткізгені үшін ақы төлеу бекітілген сметаға сәйкес жартыжылда бір рет жүргізіледі.
1.19. тәжірибеге бекітілген колледж әдіскеріне ақы тарификация бойынша төленеді. Бекітілген әдіскерді басқа әдіскер ауыстырған жағдайда оқу бөлімі қосымша табель толтырып, заңда қарастырылған мөлшерде төленеді.
1.20. Фольклорлық практика ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында практикалық жұмыс түрінде өткізілуі де, әдебиет тарихы, халық ауыз әдебиеті пәндерін тереңірек зерттеу мақсатында теориялық тапсырмалар орындау арқылы да өтілуі мүмкін. Фольклорлық практикаға ауыз әдебиеті үлгілерін жинау үшін ауылдық жерлерге (тұратын мекен –жайлары бойынша) жолдауға, өлкетану, этнографиялық, өнер мұражайларына саяхат ұйымдастыруға болады.
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ
Практика оқу жоспарына және оқу процесі кестесіне сәйкес колледж базасында немесе базалық тәжірибе орнында өткізіледі. Мазмұны тәжірибенің оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады және өндірістік практиканың Ережесіне сәйкес жүргізіледі. Колледжде өтетін оқу тәжірибесі теориялық оқу түрінде өткізіледі, алдын ала кестесі жасалып, колледж директоры бекітеді. Өндіріс базасында өтілетін оқу тәжірибесі бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылады, білім алушылар мұғалімнің, сыныптың қызметін бақылайды, талдайды, күнделік толтырады.
Оқу тәжірибесінің мақсаты:
А) оқушыларды бастауыш және негізгі мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе білуге үйрету.
Б) педагогика, психология және пән әдістемелерінен аған теориялық білімдерін жетілдіру, бекіту.
В) оқушылармен және жасөспірімдермен жұмыс істей білуге үйрету.
Г) мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқу тәжірибелері:
ӨНДІРІСТІК –ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Педагогикалық 0105000 «Бастауыш білім беру» (0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі», 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктіліктері бойынша), 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0111000 «Негізгі орта білім» (0111063 «Математика мұғалімі», 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», 0111033 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»), 0107000 «Технология», 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандықтар үшін практиканың басты мақсаты:
0401000 «Кітапхана ісі», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары үшін:
- Мамандықтары бойынша жұмысты өз беттерімен ұйымдастыру.
- мамандығы бойынша жұмыс жүргізудің әдет-дағдыларын, іскерліктерін игеру;
ТӘЖІРИБЕНІ БАСҚАРУ
Колледж әкімшілігінің міндеті:
Директордың оқу -өндірістік ісі жөніндегі орынбасары:
Практика жетекшісінің (әдіскердің) міндеті:
Бөлім меңгерушісі мен топ жетекшілерінің міндеті:
Тәжірибе орны басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері:
Ақтөбе гуманитарлық колледжі білім алушылары- машықкерлердің міндеттері:
Үздіксіз практика аяқталған соң студент-машықкер төмендегі құжаттарды тапсыру керек
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru