Ақтөбе гуманитарлық колледжі білім алушыларының тәртіп ережесі

 

  1. Білім алушылар Қазақстан Республикасының лайықты азаматы және өз Отанының патриоты болуға тырысуы қажет. Білім алушылар өздерін адал және лайықты ұстайды, өзара және үлкендер арасындағы қарым-қатынаста әдеп пен өнеге талаптарын сақтайды, өзінде шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады;
  2. Білім алушылар өздерінің құрдастары мен үлкендерге құрметпен қарауы тиіс, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға аяушылық білдіреді,  мүмкіндігінше оларды қорғайды;
  3. Білім алушылар адалдықтың, мәдениеттілік пен әдептіліктің үлгісі болып табылады, азғындықтың көрінуіне төзбейді және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді;
  4. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген білім, білік және дағдыны толық көлемде меңгеруге, оқу және практикалық сабақтарға қатысуға;
  5. Дәлелді себеппен сабақ жіберген жағдайда өзі немесе ата-анасы арқылы оқу орнын хабардар етуге;
  6. Амбулаториялықнемесе стационарлық емделгенде оқу орнына хабар беруге, соңынан жазбаша түрде растайтын құжатын көрсетуге;
  7. Колледж Жарғысын және Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және орындауға;
  8. Классикалық стильде киінуге (денесін жартылай ашып жүруге, хиджаб киюге, көзге анық түсетін сәндік бұйымдар мен косметикалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады);
  9. Білім алушылар салауатты өмір салтын қолдайды және зиянды әдеттерден толығымен бас тартады;
  10. Білім алушылар білім беру мекемесінің тәртібін құрметтеуі, оның мүлкін ұқыпты ұстап, тазалық пен тәртіпті қадағалауы, оқу орнындажәне жатақханада тұруға қалыпты жағдай жасауға қатысуға;
  11. Әскери есеп ережесін сақтауға;
  12. Оқу процесі кезінде білім алушылар тек оқу әрекетімен айналысуға және сабақтың өтілуіне кедергі жасамай, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне құрмет көрсетуге және білім алушыларымен сыпайы қарым-қатынас жасауға;
  13. Білім алушыларға білім беру мекемесінің аумағына кез келген мақсатта қару, жарылғыш немесе өртенгіш заттар, газды шынылар, спирттік сусындар, темекілер, есірткілер, тағы да басқа есеңгірететін немесе улы құралдар, оқу қызметіне қатысы жоқ және айналасындағы адамдардың денсаулығына зақым келтіретін заттар алып келуге тыйым салынады;
  14. Білім беру мекемесінің аумағында темекі шегуге тыйым салынады;
  15. Әдепсіз сөздер мен қылықтар қолдануға тыйым салынады. Білім алушылар ара қатынасты анықтау үшін ешқашан физикалық (дене)  күш көрсетпейді және дөрекі сөздер қолданбайды. Дене күшін көрсету адамның абыройын қорлайды және аталған әрекетке  үзілді-кесілді тыйым салынады;
  16. Білім алушылар шығармашыл белсенділікті дамытуға (ғылыми-білімді, спорттық, көркемдік және т.б.), бірлескен мәдениет пен білім беру ұйымының беделін  көтеруге  бағытталған  әртүрлі әрекеттің  қажеттілігі мен пайдалы екендігін мойындауы қажет;
  17. Білім беру мекемесінен тыс жерде білім алушылар сол білім беру мекемесінің өкілі болып табылатындығын әрқашан есте сақтауы тиіс және оның абыройы мен беделін түсіріп алмау үшін барлық  күшін салып әрекет етуі қажет;
  18. Білім алушылар білімді бақылау шаралары (мәнжазбалар, курстық, бақылау, дипломдық және басқа жұмыстар) барысында өз еңбегінің нәтижесінің сапасын көшіру немесе басқа тұлғалардан,Интернет-ресурстарды қоса алғанда көмек сұрау; жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды қолдану; қыдыру, кешігу және дәлелсіз себептермен сабақ жіберу сынды академиялық жат қылықтардың барлық түрлерімен күресуі қажет;
  19. Аталған Ереже білім беру мекемесінің барлық білім алушыларымен міндетті түрде сақталуы тиіс;
  20. Осы тәртіп Ережесін бұзған студенттер жауап береді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілігі

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Әбдіжәлел Гүлден
    Мк-305

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс