Жұма, 31 Мамыр 2019 09:28

«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялаудың маңыздылығы» тақырыбындағы облыстық семинар

2019 жылдың 23 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлерінің ұйымдастыруымен     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  облыстық деңгейде семинар өтті.

   

Семинарға қалалық және аудандық білім бөлімінің «Өзін-өзі тану» пәніне жауапты әдіскерлері мен мұғалімдері және «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық  ұйымдарының оқытушылары қатысты.Іс-шараның мақсаты – тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау.Семинардың практикалық бөлімінде колледждің химия пәні оқытушысы Нұрбол Тоқсанбаев  «Белоктардың қасиеттері» тақырыбында «Өзін – өзі тану» пәнімен интеграцияланған ықшам сабақ көрсетті. Биология және география пәндерінің оқытушысы Ботагөз Жаркаева мен арнаулы пән оқытушысы Сауле Мураталиева «Ішкі үйлесімділік- адамның рухани дамуының шарты» тақырыбында топпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үлкен шеберлікпен көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

   

Сонымен қатар екінші бөлімде Ақтөбе қаласында «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқан пилоттық білім беру  ұйымдары №7, №39 мектепке дейінгі балабақша, М.Курмангалиева ат. № 32 мектеп гимназиясының және Ақтөбе Көлік, коммуникация және жаңа технология колледж оқытушылары жыл бойы жасаған жұмыстарымен таныстырды. Қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты, ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.Ақтөбе облысының білім басқармасының бас маманы Амина Нурманова «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы жөніндегі жұмыс тобының ережесімен таныстырды. Семинар соңы белсенділік көрсетіп, тәжірибелерімен бөліскен оқытушыларды марапаттаумен аяқталды.

  

Оқылды 2509 рет
  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Длимбетова Амина
    Р-405

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс