Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 16:01

«ҰСТАЗ.ЖАСТАР.БОЛАШАҚ-2019»

Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Шығармашылық академиясында «Ұстаз. Жастар. Болашақ - 2019» форумы жетінші мәрте өтті.

  

Іс шараның мақсаты - 2018-2019 оқу жылында зейнеткерлік жасқа жеткен оқытушылар мен қызметкерлерді құрметпен демалысқа шығару, кәсіби жетістіктерімен ерекшеленген оқытушылар мен студенттерді марапаттау. 

  

Форумға Ақтөбе облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Шавкилова Венера Наиловна, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Серимбетов Айжарық Жайылханович, Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Утеулиев Ерлан Бактыбаевич және әлеуметтік серіктестік өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
«Ұстаз. Жастар. Болашақ - 2019» дәстүрлі форумы колледж директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиевтің құттықтау сөзімен басталып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау барысында абыройлы еңбек етіп, оқу орнымыздың дамуына үлес қосқан зейнеткерлік демалысқа шыққалы отырған педагогика пәнінің оқытушысы Тулегенова Алтыншаш пен жатақхана қызметкері Успанова Алтынайдың есімі аталып, колледж директоры кәсіподақ ұйымы атынан есімін «Құрмет кітабына» енгізіп, «Алғыс хат» және ақшалай сыйлықпен марапаттады. 

  

Сонымен қатар оқу жыл бойында жетістікке қол жеткізіп, түрлі пәндік, интеллектуалдық және шығармашылық байқауларда, спорттық сайыстарда жүлделі орындары иеленген оқытушылар мен студенттерді арнайы құттықтап, колледж директоры атынан «Грамота» және «Диплом» тапсырылды.

  

Колледжішілік оқу мен тәрбие үрдісінде белсенділік көрсеткен бөлімдер мен топтар ішінен жоғары жетістікке жеткендері «Ең үздік топ»,«Ең үздік бөлім», «Ең үздік мамандық онкүндігі» арнайы номинациялармен марапатталды.
Форумның екінші бөлімі халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың бас жүлдесін иеленген колледждің аралас хор ұжымы және өнерлі студенттерінің мерекелік концертіне жалғасты.

  

Оқылды 3163 рет
  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Төлеуқара Гүлжаз
    Сб-115

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Амангос Мадина
    Мд-315

  • Оспанқызы Сандуғаш
    Сб-115

  • Буреш Елена
    Бк-201

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс