Уважаемые коллеги!

Некоммерческое акционерное общество «Talap» представляет инструкцию по созданию видео урока, разработанную с целью установления в дистанционном обучении взаимодействияпедагога и обучающихся между собой на расстоянии, отражающее присущие учебному процессу компоненты и реализуемое с помощью интернет-ресурсов.

Если вы записываете видеоуроки для размещения в интернете, предлагаем Вам некоторые рекомендации по форме и содержанию.

  1. Коротко расскажите о себе, назовите ФИО, кем, где и как давно преподаёте данный предмет (или дать титры).
  2. Заранее продумайте и отрепетируйте свое выступление для обеспечения последовательности подачи информации.
  3. Обратите внимание на свой внешний вид (лучше всего подойдет деловой костюм без лишних деталей, аккуратная прическа).
  4. Длительность видео уроков не должна превышать 30 минут. Чем длиннее занятие, тем сложнее удержать внимание аудитории.
  5. В ходе съемки нужно смотреть прямо в камеру.
  6. Не надо читать бумажную копию своего текста перед камерой.
  7. Старайтесь говорить свободно, искренне, эмоционально.
  8. Обращайтесь почаще к аудитории, акцентируя внимание на важности усвоения материала.
  9. Освещение: располагайте объект съемки лицом к свету (к окну, например), чтобы черты были отчетливо видны на экране. Не снимайте напротив яркого фона или окна.
  10. В тексте избегайте сложных, труднопроизносимых слов, аббревиатур, чисел. Попробуйте заменить их или сказать то же, но по-другому. Если Вы не знаете, как правильно поставить ударение, лучше исключите проблемное слово.
  11. Устраните лишний шум за кадром (шум от детей, от бытовой техники, с улицы, лай собаки и т.д.).
  12. Зафиксируйте камеру, чтобы не было колебаний.
  13. Не делайте лишних жестов! Выберите позицию, в которой Вам удобно говорить, и Вы чувствуете себя спокойно.
  14. Будьте уверены в себе и всё получится!

 

Видео урок (видео инструкция или скринкаст) – это запись информации с экрана компьютера, обычно сопровождаемая закадровым голосом, комментирующим происходящее. Видео уроки используются как один из способов обучения и донесения определенной информации.

Структура видео урока (продолжительность -   до 30 мин)

На экране: наименование колледжа, название дисциплины/модуля, темы занятия.

Видео урок включает проведение нескольких этапов:

  • Постановка цели занятия, задач и ожидаемых результатов (видео с комментариями преподавателя, крупным шрифтом на экране демонстрируется цель, задачи и ожидаемые результаты - 3 минуты);
  • объяснение нового учебного материала педагогом либо закрепление пройденного материала на предыдущих занятиях (видео с комментариями преподавателя, в титрах Ф.И.О. педагога) - 5 минут;
  • учебные задачи, упражнения (активити) для закрепления полученных знаний (на экране крупным шрифтом 2-3 задания) – 10 мин;

4) рефлексия либо вопросы для закрепления с комментариями педагога (на экране крупным шрифтом 3-5 вопросов) – 8 минут;

5) дополнительные цифровые ресурсы по теме(на экране крупным шрифтом 1-2 ЦОР с обязательным комментарием педагога по их использованию) – 3 минуты;

6) ссылки на рекомендуемые дополнительные ресурсы для самостоятельного изучения студентами - 1 минута.

7) Обратная связь обучающихсяс педагогом может осуществляться через все возможные и доступные виды связи: мессенджеры WhatsApp, telegram, Skipe, Instagram, e-mail и др. (в титрах видео необходимо указывать контактный телефон и электронный адрес почтового ящика педагога).

 

Для проведения дистанционного обучения рекомендуется использование следующих технологий:

  1. Streaming, Платформы: Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com и приложения Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz и др. Используя данные платформы,можно организовать трансляции видеоуроков по предметам/модулям.
  2. Облачные сервисы: GoogleDrive, YandexDisk, Mail.ru Disk, Dropbox и др.

 

Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 09:55

Педагог қызметкерлерге

Оқытушының лауазымдық нұсқаулығы

Әдеп кодексі

Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 11:02

Педагогическим работникам

Должностная инструкция преподавателя

Кодекс этики

«Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК-ның педагог қызметкерінің Ар-намыс Кодексi

  1. Жалпы ережелер 
  1. Колледждің педагог қызметкерінің осы Ар-намыс кодексi (бұдан әрi – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына,  «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңына, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексiне 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңына,«Педагогикалық әдеп қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына және  білім мен тәрбиеге қатысты  барлық нормативті-құқықтық актілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес педагог қызметкердің  моральдық-әдептiлiк бейнесiне қойылатын негізгі қағидаттарды, нормаларды сондай-ақ олардың мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын анықтайды.
  2. Педагог қызметкерлер қатарына колледж директоры, директордың тәрбие, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік, ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер т.б. ҚР Үкіметі бекіткен Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіндегі қызметкерлер жатады.
  3. Колледжде бiлiм алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.. (Білім туралы заңының 50-бабы) Педагог қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылады.
  4. Азаматтық қызмет – азаматтық қызметшiлердiң қазыналық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi.
  5. Азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақы төленетiн штаттық лауазымды атқаратын және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам.
  6. Кодекс бiлiм алушылар мен ата-аналардың колледжге сенiмiн нығайтуға, педагогтік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және педагог қызметкерлердің әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
  7. Директордың орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн оқу ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды және педагог қызметкерлер осы кодекс қабылданған кейін 3 күн ішінде жазбаша танысуын қамтамасыз етедi. Жаңадан жұмысқа тұратын қызметкерлерді  мамандар бөлімі осы кодекспен таныстыруы тиіс.

 

  1. Педагогикалық әдептiң негiзгi қағидаттары

 

Педагогикалық әдептiң негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) адалдық:

      Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесiне, өз қызметiндегi түзетулердi жүзеге асыра бiлуiне, сынға және рефлексияға қабiлетiн дамытуға, білім алушы,ата-ана, әрiптестердiң кез келген пiкiрi үшiн ашықтығына жауапкершiлiгiн бiлдiредi;

      2) әдiлдiк:

      Педагог әдiлдiгi оның бағалау кызметiнiң ашықтығын, олардың құрған бiлiм беру ортасының айқындылығын бiлдiредi. Әдiлдiк педагогке бiлiм алушылардың, оның ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң), әрiптестерiнiң құқығын бұзуға тыйым салады;
      3) өзiнiң абыройын және қадiр-қасиетiн құрметтеу:

      Педагог өзiнiң кәсiби назарындағы объектiлер болып табылатын білім алушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтейдi, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелi. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендiгiн бiлдiрiп, бiлiм алушының жетiстiгiн (жетiспеушiлiгiн) бағалауда әдептiлiк танытады.
      Бiлiм беру процесiне қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдiстерiн қолдануға мүлдем жол бермейдi;
      4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:

      педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбiр ұлт мәдениетiн ерекшелiгiне, құндылығына және қадiр-қасиетiне құрметпен қарайды.
      Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетiн тәрбиелейдi, бiлiм алушыларды жасына, жынысына, тiлiне, ұлтына, дiни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге үйретедi;

      Педагог колледж ұжымында сенiм бiлдiру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкiндiк туғызады;

      5) кәсiби ынтымақтастық:

      педагог мамандық мәртебесi туралы ойлайды, әрiптестерiнiң абыройын және қадiр-қасиетiн құрметтейдi, мұғалiм беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттерге жол бермейдi.
      Педагог қандай да бiр дұрыс емес нәрселердi жасауға, өз әрiптестерiнiң сенiмiне нұқсан келтiруге, олардың кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi жасауға, оларға қандай да бiр шығын келтiруге жол бермейдi. Педагог өз әрiптестерiнiң теориялық және әдiстемелiк шеберлiк деңгейiн арттыруға, шығармашылық қабiлетiн дамытуға, қиын жағдайға тап болған әрiптестерiне көмек беруге жәрдем көрсетедi. Кәсiби ынтымақтастық жалғандық пен әдiлетсiздiктi ақтауға қызмет етпейдi;
    6) үздiксiз кәсiби даму.

      Педагог өзiнiң кәсiби шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн жетiлдiредi.

  1. Педагогикалық әдептiң негiзгi нормалары

 

Педагог қызметкер өз қызметiнде:

  • бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершiлiк тұрғыда тәрбиелеуге мүмкiндiк жасайды;
  • Қазақстан Республикасы педагог қызметкерiнiң жоғары атағының беделiн түсiруге мүмкiндiк туғызатын iс-әрекеттердi жасауға жол бермейдi;
  • өзiнiң қызметтiк мiндетiн адал және сапалы орындайды;
  • өзiнiң кәсiби шеберлiгiн үздiксiз жетiлдiредi, өз бетiнше бiлiм алу және өзiн-өзi жетiлдiрумен белсендi түрде айналысады;
  • еңбектәртiбiн бұлжытпай сақтайды;
  • колледж мүлкiне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзiнiң шыншыл, адал және әдiл мiнез-құлқымен үлгi болады;
  • қызметтiк ақпараттарды пайдакүнемдiк және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейдi;
  • өзi үлгi бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкiндiк жасайды;
  • өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезеңiнде iскерлiк киiм үлгiсiнде болады.

Бiлiм беру процесiне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

  • жасына, жынысына, ұлтына, дiни сенiмiне, азаматтығына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтейдi;
  • білім алушылардың білімі мен тәртібін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;
  • бiлiм беру процесiне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактiлерiне жол бермейдi, өз әрiптестерi тарапынан осындай iс-әрекеттердi болдырмау үшiн күш салады;
  • өз iс-әрекетiмен қоғам тарапынан дәлелдi сындарға жол бермейдi, оған сабырлылықпен қарайды, өзiнiң кәсiби қызметiндегi кемшiлiктердi жою және оны жақсарту үшiн сындарлы сынды пайдаланады;
  • бiлiм беру процесiнiң қатысушыларына кәсiби қолдау көрсетедi.

Әрiптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

  • жалпы қабылданған адамгершiлiк-әдептiлiк нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
  • ұжымда iскерлiк және тiлектестiк өзара қарым-қатынасты әрi сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
  • басқа педагогтар тарапынан қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнiнде өзге шаралар қабылдауға;
  • ұжымда әрiптестерiнiң ар-намысы мен абыройына кiр келтiретiн жеке және кәсiптiк қасиеттерiн талқылаудан аулақ болуға;
  • әрiптестерiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге;
  • баска педагог қызметкердiң кәсiби бiлiктiлiгiне көпшiлiк алдында күмән келтiрмейдi.

Басшылар қарамағындағы қызметшiлермен қарым-қатынас кезiнде:

  • өзiнiң мiнез-құлқымен бейтараптықтың, әдiлдiктiң, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
  • меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерiн шешу кезiнде туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша артықшылық көрсетпеуге;
  • олардың қызметiнiң нәтижелерiн бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;
  • еңбектi, денсаулықты қорғауға, тиiмдi қызмет ету үшiн қауiпсiз және қажеттi жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшiлердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн кемсiтушiлiктiң және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
  • қызметтiк емес сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде олардың қызметiне ықпал етуге өзiнiң қызметтiк дәрежесiн пайдаланбауға;
  • құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;
  • оларға қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, қадiр-қасиетiн қорлау, әдепсiздiк және орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге тиiс.

Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын қызметкерлер:

  • басшылардың тапсырмаларын орындау кезiнде тек объективтi және шынайы мәлiметтердi ұсынуға;
  • өздерiне мәлiм болған педаготік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және педагогтік қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар туралы басшылыққа дереу хабарлауға;
  • басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктi) болдырмауға;
  • басшылыққа қатысты жеке берiлгендiкке, олардың қызметтiк мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиiс.

 

  1. Педагог қызметкерге қойылатын шектеулер мен жауапкершілігі
  2. Педагогтік қызметіне:
  • медициналық қарсы көрсетiлiмi бар;
  • психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнің 26-бабында сәйкес: адам өлтiргенi, денсаулыққа қасақана зиян келтiргенi, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн, экстремистiк немесе террористiк қылмыстар, адам саудасы үшiн сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларының негiзiнде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берiлмейдi 
  1. Лауазымдық мiндеттерiн бұзған және педагог қызметкер атағына кiр келтiретiн терiс қылық жасаған педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында Ішкі тәртіп Ережесінде белгiленген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағына сәйкес тәрбиелеу функцияларын атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған үшін еңбек шарты бұзылады және жұмыстан босатылады.
  3. Осы кодексте көрсетілген жауапкершіліктер туындайдын жағдайларды анықтаған қызметкер, білім алушы, ата-ана (немесе білім алушының заңды өкілі), лауазымды тұлғалар колледж директорына шағымданады. Болған жағдайдың мән-жайын анықтау (тексеру) мақсатында колледж директоры өз орынбасарларына немесе арнайы комиссияға тапсырады. Тексеру жүргізетін тұлға немесе комиссия ҚР Еңбек кодексі аясында жұмыс жасайды және келеңсіз жағдайға қатысты бар барлық қызметкерлер мен білім алушыдан түсініктеме алуға міндетті. Қызметкер немесе білім алушы түсініктеме жазудан бас тартқа жағдайда, арнайы акт толтырылады. Түсініктеме жазудан бас тарту тәртіптік жазадан босатпайды. Тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралады және оның нәтижесі бойынша колледж директоры бұйрық береді. Педагог қызметкердің тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілігі қолданыстағы заңдар негізінде жүргізіледі.
  4. Педагог бiлiм беру процесiн саяси үгiттеу, дiни насихат жүргiзу мақсатында немесе бiлiм алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн әрекеттерге итермелеу үшiн пайдалануына тыйым салынады.

 

 

 

  1. Мiнез-құлықтың жалпы стандарттары

 

  1. Педагог қызметкер:
  • адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, білім алушылармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
  • өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;
  • колледж мүддесiне нұқсан келтiретiн, оқу-тәрбие процесінің тиімдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
  • қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
  • өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қызметкерлер мен білім алушылар тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
  • жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде білім алушыға, басқа педагог қызметкерлерге ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
  • шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;
  • колледж меншiгінің сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;
  • қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;
  • білім және тәрбие беру сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға;
  • жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
  • педагогтік әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.
  1. Педагог қызметкерлердің сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде колледждің беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс.

 

  1. Қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлық стандарттары

 

  1. Педагог қызметкер қызметтен тыс уақытта:
  • жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
  • қарапайым болуға, сабақ беру кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
  • өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға, таратуға жол бермеуге тиiс.

 

  1. Көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында
    сөйлеумен байланысты мiнез-құлық стандарттары

 

  1. Колледж қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның директоры немесе директор бұған уәкiлеттiк берiлген өзге қызметкер жүзеге асырады.
  2. Педагог қызметкерлер колледж және педагогтік қызмет беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты сыпайы нысанда жүргiзуге тиiс.
  3. Педагог қызметкерлер мемлекеттiк білім және тәрбие мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
  • Мемлекеттік білім бағдарламасының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
  • жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
  • мемлекеттiң лауазымды адамдарының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да қызметкерлердің атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.
  1. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды педагог қызметкер тек өз атынан жүзеге асыра алады.
  2. Педагог қызметкер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

 

 

 

Кітап дегеніміз  – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.

Ғ. Мүсірепов

Ескарина Райла Жақсыбайқызы - кітапхана меңгерушісі, білімі жоғары,  жалпы жұмыс өтілі 14 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 4 жыл.

Қобландина Найла Сенбайқызы – кітапханашы, білімі жоғары,  жалпы жұмысы өтілі 16 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 3 жыл.

                                                                                                                                               

Колледж  кітапханасының қызметі туралы ақпарат

     Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ.
     

     Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.

     Бүгінгі студент ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері  халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет. Студенттермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру- кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі – Ақтөбе  аймағындағы беделді, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда оқу орны еңбек нарығында сұраныстағы 12  мамандық бойынша орта буын мамандарын даярлайды.   

Кітапхана сипаттамасы

    Ақтөбе гуманитарлық колледжі  кітапханасы 1922 жылы оқу орны құрылған уақыттан бастап жұмыс жасайды.  Кітапхананың жалпы ауданы 160,4 м2, кітапханадағы отыратын орындардың жалпы саны  - 40.

Мақсаттары мен мінеттері:

  • студенттер бойына ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухани тәрбиені ұялататын мәдени-рухани бірегей орталығы болып табылуына қызмет ету;
  • заманның ағымына ілесе отырып, көп салалы толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысын, талаптарын қанағаттандыру;
  • кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға  қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;
  • жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

 

     Кітапхана – кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын.

     Кітапхана – өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын қатпары терең білім қорымен сусындатып, іздегендерге ізгілікпен бағыт көрсететін ғылыми, мәдени орта.

     Қазіргі таңдағы колледж кітапханасы – колледждің ақпараттық ресурсы оқу-білім үрдесінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ықпал етіп және бұл іске жауапкершілікпен қарау – бүгінгі кітапхананың басты міндеті мен талабы;

     Колледж кітапханасы интернет желісіне қосылған, сондай-ақ, видео және  фотожабдықтар колледжде өткізілетін барлық шаралар үшін қолданылады.

     Колледжде  aktobeagk.edu.kzThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   электронды поштасы қызмет етеді.  Сайтта кітапхананың арнайы AГК – парағы ашылған. АГК– парағынан кітапхана туралы барлық мәліметтерді тауып алуға мүмкіндік бар. Кітапханамызда 11 компьютер, 1 принтер және сканер орналасқан.  Кітапхана іс-қағаздарын жүргізу үшін электронды поштаны қолданады. Кітапхана  қажеттілігі үшін есептеу орталығы қызмет етеді. Кәсіптік бейімдеу жұмыстарын жүргізу аясында жарнама материалдары жасалады, ақпараттар сайтқа енгізіледі. Ақпараттың сақталуы, өзектілігі және тұтастығы сайтта жаңартылып отырылады. Ақпарат алмасу үшін электронды пошта, телефон, интернет, факс байланыс құралдары қолданылады.

 

Кітапхана құрылымы

  • Абонемент
  • Оқу залы
  • Көркем әдебиет бөлімі 

   

 Колледж  кітапханасының  негізгі ұстанымы

  • жоғарғы ақпараттылықпен  оқу орнының профиліне сәйкестілігінің болуына;
  • баспа нарығында ақпараттық өнімдердің сапалы және толық іріктелуіне;
  • қордың әрдайым жаңартылуына көңіл бөлу.

Кітапхана келбеті

 Колледж кітапханасы - пайдаланушылардың талаптарын толық және жедел қанағаттандыруға бағытталған қазіргі замандағы  ақпараттық технологиялар негізінде қызмет ететін инновациялық  ақпарат орталығы.

Біздің ресурстар:

Кітап қоры – 71 361дана

       Оның ішінде:

  • Оқулық, оқу құралы – 53 228
  • Оқу әдістемелік құралдары – 9 794
  • Көркем әдебиеттер – 8 339
  • Электрондық оқулықтар - 52
  • Мерзімді басылымдар - 120

Кітапхананың ақпаратты іздестіру жүйесі 

  • алфавиттік, жүйелік, пәндік каталогтар;
  • мақалалардың жүйелік  картотекасы;
  • тақырыптық және арнаулы картотекалар;
  • Интернет желісі;

      Іскерлік байланыстар

  • С.Бәйішев атындағы облыстық  әмбебап -ғылыми кітапханасы
  • С. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік университеті
  • Ақтөбе облыстық  ғылыми - тәжірибелік орталығы
  • Ақтөбе қаласындағы колледж кітапханалары

   

 

Кітап  қорын толықтыру көздері

Кітапхана  кеңесі:  5 адамнан құралған.

Кеңес төрайымы: 

  1. Б.М. Жамекова -директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Мүшелері:

  1. Р.Ж. Ескарина  - кітапхана меңгерушісі;
  2. Г.К. Даулеткалиева - «Кітапхана ісі» мамандығының оқытушысы;
  3. Н.С. Қобландина – кітапханашы;
  4. А.Б. Сақабаева - «Ктх -205»-топ студенті.

Кітапхана белсенділері  25 студенттен құралған.  

 

Ақпаратты  игерген ұтады   

Колледж кітапханасы уақытпен  қауымдасып дәстүрлі бағыттан инновациялық бағытқа көшуде. Оқу залында 10 компьютер жұмыс жасайды, барлығы интернет желісіне қосылған. Колледж оқытушылары мен студенттері өз білімін жетілдіруге түрлі ақпарат көздерін пайдалануға мүмкіндігі мол. Ақпаратты игерген кітапханалар ғана  көшбасшы  бола  алады.

Біздің  басымдықтар:

Интернет - әлемдік кеңістіктен ақпаратты іздестірудің басты ақпарат ортасы.

Біздің мақсат – сапалы қызмет

Кітапхана  Сіздің  ақпараттық қажетіңізді толық қанағаттандыруға,   Сіздің оқу және кәсіби біліміңізді  арттыруға, уақытыңызды  ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Пайдаланушылардың мүмкіндіктері:

  • алфавиттік,  жүйелік, пәндік каталогтар;
  • мақалалардың жүйелік картотекасы;
  • тақырыптық және арнаулы картотекалар;
  • Интернет желісі;
  • библиографиялық көрсеткіштер, анықтамалар, энциклопедиялар;
  • электронды пошта;
  • ақпаратты электронды түрде жеткізу;
  • анықтамалық библиографиялық қызмет көрсету;
  • электрондық оқулықтар

2018-2019 оқу жылының жоспары бойынша жүргізілген көпшілік іс-шаралар

Колледж кітапханасында жоспарлы түрде  көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

«Бір ел - бір кітап» акциясына байланысты Шәкәрім Құдайбердіұлының  «Шәкәрімнің – асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыз Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығын насихаттау. Ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу. 

    

Қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиевтің  80 жылдық мерей тойына арналған «Ақиқаттан айнымаған қалам»  тақырыбындағы поэзия кеші өтті.

Мақсаты: Өтежан Нұрғалиевтің өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашып, шығу тарихы туралы мәлімет беру. Ақынның туындыларын көрермендерге кеңінен таныстыру. Студенттерді кітап оқуға баулу.

«Кітап. Жастар. Ақпараттық технология» атты жоба  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Колледж студенттеріне ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихиттау, оқуды ілгерілету, рухани мұратымызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Жоба студенттердің отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.  

   

23 сәуір- Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық қорғау күніне орай ұйымдастырылған кітап инсталляциясынан көрініс

Колледждің оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Әлем таныған кемел тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу өткізілді.

Мақсаты:  

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

   

Студенттердің  ой –өрісін дамытып,  біліктілігін, ізденімпаз шығармашыл тұлға болып қалыптасуына кітапхана қызметкерлерінің қосар үлесі мол. 

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мен оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Көп ізденуді және оқуды талап етеді. Осыған байланысты болашақта электронды кітапхана алу жоспарлануда. 

Сенбі, 21 Қаңтар 2017 16:59

Аттестация

Сенбі, 21 Қаңтар 2017 16:49

Байқау, марапаттаулар

2016 жылдың 19 қараша күні облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев колледжімізге келіп, материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие үрдісіндегі қол жеткізген жетістіктерімізбен танысты. Әкімнің біздің оқу орнымызға келуі, жастар, болашақ иелері үшін үлкен мәртебе екенін атап өткен жөн.

Колледж хор ұжымының қол жеткізген жетістіктерімен облыс әкімін Бердібек Машбекұлы Сапарбаевқа жетекшісі М.Куспановтың таныстыруы

Студенттердің түрлі байқауларға ұсынып, жүлделі орындарды иеленген жұмыстарымен таныстыру сәтінен

Дәсүрлі оқу жылының соңында өтетін «Ұстаз. Жастар.Болашақ -2016 » марапаттау салтанатында колледж директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиев жетістікке жеткен оқытушыларды марапаттау кезі

Дәсүрлі оқу жылының соңында өтетін «Ұстаз. Жастар.Болашақ -2016 » марапаттау салтанатында колледж директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиев жетістікке жеткен студенттерді марапаттауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» колледжішілік дебат- танымдық зияткрлік турнирі болып өтті. Талқыға салынған өзекті мәселе:«Қазіргі Қазақстан жастары патриот, патриот емес» Турнирдің мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын ауқымды түрде насихаттау, оқытушылар арасындағы саяси сауаттылығының артуына ықпал ету.

Дебатқа колледждің «Бастауыш білім беру», «Мәдениет және саз», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімдерінің оқытушылары қатынасты. Бөлім бойынша 3 оқытушыдан құралған команда өзара сайысқа түсіп, алынған тақырып бойынша өздеріне берілген мәселені талқылауда асқан шеберліктерін көрсете білді. «Әділқазылар алқасы кеңесе отырып, «Мәдениет және саз» бөлімінің оқытушысы Куспанов Мербол Оразбекұлын «Үздік спикер» деп танып, жүлделі ІІІ орынды «Мәдениет және саз» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары, жүлделі ІІорынды «Бастауыш білім беру» мамандығы, жүлделі І орынды «Математика және ақпараттық жүйелер» мамандығы иеленіп, марапатталды.

  


  

«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталағымен «Ең үздік ғылыми жоба» атты ІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайсында студенті жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін Жанар Төрежанқызы марапатталды.

«ZIAT» Ғылыми –әдістемелік орталағымен «Ең үздік ғылыми жоба» атта ІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында ІІ орынға ие болған Қалышева Аңсаған (жетекшісі Жанар Төрежанқызы) марапатталды.

Диплом и степени награждается Майлыбай Фариза Лауреат Республиканского творческого конкурса «Воды Казахстана: качество воды для жизни и отдыха» руководитель Құдайберген С.П.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылыдғына орай оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған «Тәуелсіздік -тұғырым» атты көркемсурет байқауында І орын С.Несипбаева, М.Сағынбай берілді.


 

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы Қақастан Республикасының Президенті күніне арналған «Әлеуетті Қазақстанда Президентпен бірге» атты облыстық ғылыми конференцияда А.А.Сәлімкереева (жетекшілері Б.М. Жамекова, Ж.М.Адилова) марапатталды.

Ағылшын тілі пәні педагогтардың арасында ұйымдастырылған облыстық олимпиадада терең білімі мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде танытқаны үшін колледжіміздің ағылшын тілі пәні оқытушылары І дәрежелі дипломмен Г.К.Дильмухамедова, А.Ж.Мулкаманова, Ж.С.Жаманкулова, К.А.Еспанова. марапатталды.

   

Қожа Ахмет Яссауидің өмірден озғанына 850 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен еңбектерінің түркі халықтарының тарихында алатын орны мен ролі» атты студенттер арасында баяндама оқуларында жеңіске жеткені үшін І дәрежелі дипломмен Көлбаева Ақмарал (жетекшісі: Тұрғамбай Ардақ) марапатталды.

«Педагог – психолог портфолиосы» тақырыбындағы облыстық сырттай байқауында кәсіби шеберлігін танытқаны үшін колледж психологі Б.Б.Нурмукашева І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сенбі, 21 Қаңтар 2017 16:41

Ашық сабақтар, шебер кластар

Информатика пәнінің оқытушысы Ақтолқын Бөрібай мен Айгуль Курманбекованың ұйымдастыруымен «АКТ-ны кіріктірілген сабақтарда қолдану жолдары» тақырыбында коучинг сабағы өтті. Коучинг сабағының мақсаты: оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын көрсету және білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, үздік ғылыми жетістіктерді пайдалану. Қатысушыларға Kahoot ойын платформасы көмегімен тест тапсырмасын құрастыру және оны орындау тәсілдерін көрсете отырып, жүргізді.

   

   

 

«Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Жаңартылғанбілімберумазмұны – оқытушыныңкәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы онкүндігі аясында шетел тілі пәні оқытушысы Амантаева Заура “Complex object. Object with prepositions to, for” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

    

 

«Жаңартылған білім беру мазмұны оқытушының кәсіптік іс – әрекетінің негізгі»  тақырыбындағы «Шетел тілі » «Информатика және ақпараттық  жүйелер» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында 25.10.18. шетел тілі пәні оқытушысы Жумашева Динара  «The famous actors in Kazakhstan. Pronounsmuch, many, little, few. »  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

      

 

«Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД»,  «Әлеуметтік­экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі»   онкүндігіні аясында биология және география пәні оқытушылары Света Құдайберген мен Ботагөз Жаркаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Бастауыш білім беру» бөлімі студенттері әлеуметтік серіктес мектептердің бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерімен бірлесе отырып, жаңартылған білім мазмұнындағы жаратылыстану, дүниетану пәнін оқыту ерекшеліктері туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу. Дөңгелек үстелге Ақтөбе қаласының орта мектептерден  директордың бастауыш сынып жөніндегі орынбасарлары мен  бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жаратылыстану, дүниетану пәндеріндегі тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуі, топсаяхат, заттық сабақтар және тірі табиғат бұрыштарында, географиялық алаңда жүргізілетін жұмыстар және жаратылыстану, дүниетану пәндеріне бөлінген жүктеме сағаттар, қалыптастырушы, жиынтық бағалау туралы өз тәжірибелерімен бөліссе, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің  «Бастауыш білім беру» бөлімінің IV курс   студенттері  байқау тәжірибесінен  өту  кезіндегі кездескен қиындықтары мен оларды шешу жолдары туралы айтты.

   

   

   

 

«Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік – экономикалық» оқу–әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық – жетістік көзі» тақырыбындағы онкүндік аясында семинар–практикум өтті. Химия пәні оқытушысы  Нұрбол Токсанбаев, тарих пәні оқытушысы Ғайса Нурманов, биология пәні оқытушысы Мереке Сейтен «Колледжге бейімделген қысқы мерзімді жоспар дайындаудың әдіс–тәсілдері» тақырыбында семинар – практикум өткізді. Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар өздеріне берілген материалдарды қолдана отырып колледжге бейімделген қысқа – мерзімді жоспарлардың үлгілерін жасады және талдады.

   

   

   

 

2018-2019  оқу жылынан бастап колледжде гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы оқу-әдістемелік бірлестіктер өзара біріктіріліп, жұмыстар қолға алына бастады. Солардың бірі  «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Математика  және физика» оқу-әдістемелік  бірлестіктерімен  бірлескен  «Жаңашылдық - жаңа  талап» тақырыбында мамандық онкүндігі  жоспарына сәйкес «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің оқытушылары  Алмагуль Канибекова, Мейрамгуль Уразтаева,  Замзагуль Жолмағамбетова “STEAM технология” тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырды. Оқытушылар STEAM технологиясы туралы ақпарат бере отырып, студенттердің сыни ойлауын және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту туралы тәжірибелерімен бөлісті.

   

   

   

   

Сенбі, 21 Қаңтар 2017 16:07

Семинар, конференциялар

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе гуманитарлық колледжінде бірлескен жоспар негізінде  Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Студенттердің ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» тақырыбында  студенттердің ІІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция  жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Студенттердің жұмысы алты секция бойынша өткізілді. Конференцияға 200-ден аса студент қатысты, соның ішінде Қарағанды мемлекеттік Е.А.Букетов атындағы университеті, Х.Досмухамедов атындағы Орал педагогикалық  колледжі, Астана жоғары медициналық колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Көкшетау жоғары медициналық колледжі, Ақтау гуманитарлық колледжі студенттерімен қатар, Қарағанды жоғары медициналық колледжі, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, Маңғыстау туризм колледжі, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі, Ақтөбе қаласы мен облысының 14 колледж студенттері  қатынасты.

   

   

   

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлескен жоспар негізінде  2018 жылғы 15 қарашада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа табысты қадам» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Конференцияға Ақтөбе облысының колледждерінен 50-ден астам студенттер қатысты. Шараға қатысқан студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыстарын қорғады.Студенттердің ғылыми-практикалық бағыттағы ізденушілік қабілеттерін, оларды дамыту мен көтермелеу бағытындағы жұмыстарын сараптау үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе Университетінен филология ғылымдарының кандидаттары және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының мамандары, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мамандары комиссия мүшесі ретінде  шақырылды. Конференцияға қатысушылардың жұмыстары үш бағытта сарапқа салынды.

   

   

   

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш сыныптарда  критериалды  бағалауды  жүргізудің  әдістемесі» тақырыбында  облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға бастауыш сынып мамандарын даярлайтын колледж  оқытушылары және әдіскерлер қатынасты. Колледждің тәжірибелі оқытушылары жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сыныпта критериалды бағалауды жүргізудің әдістемесі туралы құнды ақпараттар беру арқылы проблемаларды шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек көрсетті.

   

   

   

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлескен «Мәдениет және саз бөлімі» оқытушыларының  ұйымдастыруымен  «Жаңартылған білім-болашақтың кепілі» атты облыстық семинар өткізілді.Семинарға облыс мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардың  музыка пәні мұғалімдері қатысты.

   

   

 

Ақтөбе облыстық  ғылыми – тәжірибелік орталығымен бірлескен   «Шеберліктің маржан тамшылыры» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел болып өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты -жаңартылған білім мазмұнына сәйкес болашақ педагог мамандарды даярлаудың жетістік және кемшілік тұстарын анықтау, жетілдіру бағытында жұмыстарды жоспарлау.  Дөңгелек үстел қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің талқылануы бағытында өрбіді. Аталған шараға  «Өрлеу» ҰБАО Ақтөбе филиалының кафедра меңгерушісі А.М.Токсанбаев, аға оқытушы Ж.Г.Займолдина, облыстық  ғылыми – тәжірибелік орталығынан М.К.Жубандыкова және  А.А.Искендировалар, сонымен қатар қала және аудан мектептерінің жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдері қатысты. Талдауда төмендегідей арнайы мәселелер ұсынылды: бастауыш сынып  пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны және мақсаттары туралы, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолданылатын тәсілдер және оларды қолдану ерекшелігі, белсенді оқудағы мұғалімнің ролі, дайындығы, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесінің қолданылуы, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс. Семинар соңы  дөңгелек үстел барысындағы талқыланған мәселелер төңірегінде айтылған пікірлерді  қорытындылап, ұсыныстар айтумен аяқталды.           

   

   

 

2017-2018 оқу жылынан бастап колледжде «Кәсіби шеберлік» мектебі эксперименттік алаңы жұмыс жасайды. «Кәсіби шеберлік» мектебінің мақсаты - шеберлік білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие,идеялық-адамгершілікті, мәдени және этикалық қағидаларды ұстанатын, әлеуметтік жауапкершілікті қызметке және тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға дайын болуды қамтамасыз ететін, жан-жақты, білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына көмектесетін шыңдалған оқытушыларды дамыту, сонымен қатар оқытушылардың  өзара тәжірибе алмасуы, өздігінен білім көтеруі, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау. «Кәсіби шеберлік мектебі» жоспарына сәйкес қазақ тілі пәні оқытушысы Ляззат Балгазиева мен Акпатша Алдонгарова «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға қатысушылар диалогтік  оқытуды сабақ беру барысында енгізудегі қолданылатын әдіс-тәсілдері туралы мол мағлұмат алды.

   

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес педагогика пәнінің  оқытушылары Назира Бурибаева мен Райгуль Булебаеваның ұйымдастыруымен «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» тақырыбында  семинары өтті . Семинар барысында қатысушылар тәжірибеге сүйене отырып, сыни тұрғыдан ойлаудың педагогикалық әдіс тәсілдерді қолдануды меңгерді. Семинар мазмұны арқылы қатысушылар жаңартылған  білім беру жүйесіне орай біршама мағлұмат алды.

    

    

 

«Кәсіби шеберлік мектебі» жоспарына сәйкес орыс тілі пәні оқытушысы Гульзира Абдуллина және ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Айгуль Курманбекова және Индира Амантаева «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысушылар топпен жұмыс жасауда бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын дамыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттеп, талқылады.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Б.К.Жаркаева мен Г.К.Изтлеуованың ұйымдастыруымен «Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында оқытушылар белсенділік танытып, ақпараттық материалдардың  пайдаланудың оңтайлы тәсілдерін  үйренді.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес математика пәні оқытушылары Гайни Жунусова, Алмагуль Канибекова, Мейрамгуль Уразтаеваның ұйымдастыруымен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда жаңартылған білім беру мазмұнына сай критериалды бағалаудың  маңыздылығы көрсетілді. Барлық жұмыс түрлері тиімді әдіс –тәсілдерді қолдана отырып жүргізілді. Семинарға қатысушылар жүргізілген іс-шара мен оның маңыздылығына оң бағаларын берді.

   

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сай педагогика пәнінің оқытушысы Ирина Умарова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Эллина Карасаева деңгейлік бағдарлама бойынша «Жаңа білім мазмұны: топтық жұмыс» тақырыбындағы колледжішілік оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында қатысушылар шағын топтарда бірлесіп жұмыс жасауды: формальды түрде жұмыс істейтіндер мен белсенді  жұмыс істейтіндер арасындағы айырмашылықты ескере отырып шағын топтарда жұмыс жасауды ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Мейрамкүл  Жусупова, Рабиға Шаңғалаева,  Шолпан Шумакованың ұйымдастыруымен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбында  семинар өтті. Семинардың мақсаты   талантты және дарынды қабілетті ынталандыру арқылы, топтағы белсенділікті арттыру. Ұйымдастырушылар тірек сөздерге ұйқас өлең жолдарын құрастыру, түрлі түсті қағаздан тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін арттыратын ойын әдістерін қолданып, қатысушыларды қызықтыра білді.

    

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес Кабира Ниетбаева  «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың  бірнеше әдіс - тәсілдері ұсынылды.

   

 

«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Анаргүл Нұрасқанова мен Гүлнар Бультенованың ұйымдастыруымен «Басқару және көшбасшылық» тақырыбында  оқыту семинары өтті. Оқыту семинарында қатысушылар топтаса жұмыс атқара отырып, көшбасшылықтың  ерекшеліктерін айқындаумен қатар, топтағы студенттердің қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алатын тиімді жолдары көрсетілді.

   

Сенбі, 21 Қаңтар 2017 15:59

Біліктілік көтеру

Педагогика кадрларыныңбіліктілігінарттырукурстарынұйымдастыружәнежүргізуқағидаларынбекітутуралыережесінен ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығына  18.01.2017ж №18, 29.09.2017 №498, 12.06.2018 №266 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен

Педагог кадрлар – біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде оқудан өтуші педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар;

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

-сабақ беру мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңадан және бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

Сертификат – маман біліктілігінің (кәсіби құзыреттілік деңгейінің) біліктілік талаптарына, оның ішінде нақты салаға арналған стандартқа сәйкестігін және кәсіби қызмет деңгейін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

Педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау– педагог кадрлардың білім беру қызметіне әдістемелік, консультациялық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені, педагог кадрлардың кәсіби тапшылықтарын еңсеруге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, курстан кейінгі кезеңде олардың педагогикалық қызметін қадағалау;

І. Ұйымдарда педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарына (бұдан әрі – Курстар) қойылатын жалпы талаптар:
1) ұйымның жарғысында (ережесінде) біліктілікті арттыратын, оның ішінде педагог кадрларының біліктілігін арттыратын ұйымдарға арналған кадрлардың біліктілігін арттыру жайларының болуын;
2) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының болуын қамтиды.

ІІ. Қағидалар педагогика кадрларын төмендегі курстарға іріктеу және қабылдау тәртібін айқындайды:
1) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді Курстар:
білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламалары бойынша;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПШО) Кембридж университетінің Білім факультетімен бірлесіп әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша;
«НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдардың басшыларының білім беру бағдарламалары бойынша;
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты (бұдан әрі - «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ) әзірлеген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру (бұдан әрі – АРББ) бағдарламалары бойынша;
техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымдарының инженерлік-педагогикалық және басшы кадрларына арналған курстың білім беру бағдарламалары бойынша;
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының оқытушыларына арналған Курстың білім беру бағдарламалары бойынша;
2) кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында тығылымдамадан өту (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог кадрлары үшін).
ІІІ. Курстардың ұзақтығы

Курстардың ұзақтығы:
1) қысқа мерзімді Курстар – кемінде 36 академиялық сағат;
2) ұзақ мерзімді Курстар – кемінде 108 академиялық сағат;
3) кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында тығылымдамадан өту – кемінде 36 академиялық сағат;

ІҮ. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.


Ү. Білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру бес жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

ҮІ. Курстарда оқуға үміткер педагог кадрларға мынадай ең төменгі талаптар белгіленеді:
1) жоғары білім және білім беру ұйымында кемінде 1 жыл педагогикалық жұмыс өтілінің болуы;
2) техникалық және кәсіптік білім, білім беру ұйымында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;
3) білім беру жүйесі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы базалық білімді пайдаланушы деңгейінде меңгеруі.

   

   

   

   

Сенбі, 21 Қаңтар 2017 15:39

Оқу-әдістемелік қызметі

Егер өз-өзіңді жетілдіре алмасаң, онда басқаларды қалай жетілдірмексің?
Конфуций

Колледждің оқу-әдістемелік қызметі оқытушылардың педагогикалық құзіреттілігін жетілдірудің бірізді жүйесін ұйымдастырады.

Әдістемелік тақырып: «Колледж білім беру кеңістігіне«Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік бағдарламасын ендіре отырып, жоғары шығармашылық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны, білікті маманды қалыптастыру»

Методическая тема: «Интеграция программы нравственно-духовного образования «Самопознание» в единое образовательное просранство учебно-воспитательного процесса, формирование конкурентоспособной личности с целью повышения высокого творческого потенциала»

Әдістемелік өзекті мәселе: «Болашақ мамандардың кәсіби әрекетіне қажетті түсінік қалыптастыру арқылы рухани-адамгершілік мәдениетін көтеру, Тжәне КББ оқу орындарының жаңа моделін ендіру жағдайында колледж оқытушыларының кәсіби әрекетін жаңашылдықпен қамтамасыз ету»

Методическая проблема: «Повышение духовно-нравственной культуры с формированием ценностных установок и мотиваций обучающихся на профессиональную деятельность, а также инновационное обеспечение профессиональной деятельности преподавателя колледжа в условиях внедрения новой модели ТиПО ».

2016-2017 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттері

Мақсаты: әлеуметтік бейімделген және бәсекеге түсе алатын маманды даярлауға бағытталған педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін және әр оқытушының кәсіби шеберлігін дамыту үшін жағдайлар жасау

Міндеттері:

  • 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа алу;
  • Педагог қызметкерлерді Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының мазмұнын игерту бағытындағы жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асыру;
  • Педагогикалық ұжымның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы моделін іске асыру бағытындағы қызметін жоспарлы түрде жалғастыру;
  • Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз өз бетімен білім алуы мен кәсіби біліктілігін жетілдіру арқылы қамтамасыз ету;
  • Оқытушылардың жобалық, инновациялық және тәжірибелік- эксперименттік жұмыстарын жандандыру, олардың кәсіби сайыстарға, педагогикалық қызметтерінің жетістіктерін зерттеу бағытындағы мониторингтер жүргізуге қызығушылықтарын арттыру;
  • Аттестаттау кезеңінде жеке оқытушыларға теориялық та, практикалық та жағынан қолдау жасау, педагогикалық қызметтерін жоспарлауда, ұйымдастыру мен талдауда қазіргі заман ағымына орай педагогикалық ойлау стилдерін жетілдіруге көмек көрсету;
  • Оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибе мен қазіргі педагогикалық технологиялардың тиімді тұстарын енгізу;
  • «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарды, «Қазақстан-2030», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Елбасының халыққа жолдауларын және т.б. нормативті-құқықтық құжаттарды және білім басқармасы бұйрықтарын басшылыққа алу және жүзеге асыруды ұйымдастыру;
  • Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына ықпал ету;
  • Сабақтар мен пәндік сыныптан тыс шаралардың материалдарын электрондық жүйеге енгізу бағытында жұмыстарды жоспарлы түрде жүзеге асыру.
  • Оқытушылардың кәсіптік білімін жетілдіру мақсатында базалық курстардан өтуін жоспарлы түрде жүзеге асыру;
  • Біліктілік санатын көтеруде оқытушылардың жауапкершілігін арттыру;
  • Халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен пәндік олимпиадаларға қатыстыруға жауапкершіліктерін арттыру, нәтижесінің болуына мән беру;
  • Озық тәжірибені облыстық деңгейде тарату мақсатында шығармашылық есеп беру жұмысын жалғастыру;
  • Халықаралық, Республикалық деңгейде конференция, семинарларға қатынасу жұмыстарын жалғастыру.
  • Музыкант Екатерина
    Р-305

  • Қалисина Аружан
    Ктх-305

  • Әбдіжәлел Гүлден
    Мк-305

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс