Бұл шара тұңғыш Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп отыр.
Өңірімізде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»құзыреттілігі бойынша сайыс алғаш рет ұйымдастырылып, оған Ақтөбе облысынан 7 студент қатысып, кәсіби біліктерін сарапқа салуда. 7 қатысушының 4-еуі «Ақтөбе гуманитарлық колледжі», 2-еуі «Хромтау тау-кен техникалық колледжі», 1-еуі «Болашак» көпсалалы колледжі» білім алушылары. Сайыскерлердің теориялық дайындықтары мен кәсіби құзыреттілігін бағалау мақсатында эксперт мүшелері бекітілді.
Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік!