Super User

Super User

Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 05:20

Домбыра Party

«Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігінің жалғасы ағымдағы жылдың 13 ақпан күні «Қүй шеруі- Домбыра Party» күй қоңырауымен және «Озық тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында әдістемелік тақталармен жалғасты. Домбыра Party — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпы халықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы ұлттық музыкалық аспапты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб. Әр қоңырауда «Мәдениет және саз» бөлімінің студенттері түрлі күй әуендерін домбырада ойнау шеберлігін көрсетті. «Озық тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында әдістемелік тақталарда оқу-әдістемелік пәндер бірлестік оқытушыларының оқу -әдістемелік кешендері , әдістемелік құралдары, әдістемелік жинақтары және кәсіби қызметі барысындағы еңбек жетістіктерінің көрсеткіштері Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары жинақталып қойылды.

Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 04:56

Мұқағали-мәңгілік ғұмыр 

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе мұзбалақ ақын, жыр жүйрігі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті. 

2019 жылдың​ ​ 12 ақпанында ​Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ​Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығымен бірлескен​ ​ 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша​ 2016-2019 жыл аралығында өткізілген дуалды оқыту экспериментін қорытындылау мақсатында «Дуалдық оқыту жүйесінде мамандар даярлау: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында семинар- практикум өтті. Оған Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы ТжКББ бөлімінің басшысы Е.Б.Утеулиев, «Айлин» МДҰ меңгерушісі А.Ж.Ақназарова,колледж директорларының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары мен әдіскерлер қатысты.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Сенім – менің серігім» тақырыбында психологиялық​ тренинг жүргізілді. Тренингке «Бастауыш білім беру» , «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімдерінің білім алушылары белсене қатысты.

Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінің​ тарих пәні оқытушылары​ Гулнур Ильясова​ мен​ Ербатыр Қалышевтің ұйымдастыруымен ​«Өзін-өзі тану – сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында “Әлемде мейірімділік бар ма?» тақырыбында дебат өтті.

2019 жылдың ақпан айының 8-і күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттауды үшін Қ.Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент​ Арман Бисембаев​ ​Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттермен тарих пәні оқытушылары​ Гулнур Ильясова, Сырым Байдрахманов​ кездесу ұйымдастырды.

«Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігініңұйымдастыруымен мамандық онкүндігің ашылу​салтанатыағымдағы жылдың 11 ақпан күні ​ өтті. «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» әдістемелік пәндер бірлестігінің білікті ұстазы Анаргүл Нұрасқанова құттықтау сөз алды. «Әлеуметтік-мәдени қызмет және өнер» оқу-әдістемелік бірлестік оқытушысы Анаргүл Қалдыбаева жетекшілігімен «Жүректен-жүрекке» атты​ композициялық би қойылымы көрсетілді. ​Қатысушыларға Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесіне орай «Туған өлкем-Ақтөбем,Құтты болсын мерекең!» кітап көрмесін«Кітапхана ісі» мамандығының оқытушысы Құралай Раймбаева ұсынды.

Сейсенбі, 12 Ақпан 2019 04:46

Маусымашар-2019

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Феномен" жайдарман құрамасы Астана қаласында өткен "Маусымашар-2019" Республикалық Жайдарман фестиваліне қатысып,Алматы қаласында өтетін Премьер лига ойынына жолдама алды.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен  шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі аясында  «Сыйынар ем ана деген тәңірге...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастыруға  кітапхана ұжымы мен КТХ-305 топ студенттері белсене қатысты. Кітап көрмесіне «Кітап»  инсталяциясы, мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатындағы кітаптар мен журнал мақалалары қойылып, библиографиялық шолу өткізілді.

Сәрсенбі, 06 Ақпан 2019 05:49

150-игі іс

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған "150-игі іс" акциясы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қарт әжеміз Меркурова Валентина Дмитриевнаның ауласын қардан тазалап, әжеміздің алғысына бөленді.

Page 49 of 60
  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс