Бейсенбі, 14 Ақпан 2019 04:56

Мұқағали-мәңгілік ғұмыр 

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе мұзбалақ ақын, жыр жүйрігі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өтті. 

   

Шарамыздың мақсаты - қазақ поэзиясының ақиық ақыны, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу.
КТХ-105 топ студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Сондай- ақ жиналған оқырмандар ақын Мұқағали Мақатаевтың тәлімі мол өлеңдері мен әндерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

   

Әдеби кеш аясында «Кітапхана ісі» мамандығының оқытушысы Гулмирам Даулеткалиева мен кітапхана меңгерушісі Райла Ескарина көрермендер арасында аталмыш тақырыпты арқау етіп, кеш көркін келтірді. 
Кешке қатысқан оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері, кеш соңында ақын шығармашылығын зерттеушілерге, оқырмандарға арнап Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» кітап көрмесін тамашалады.

   

Оқылды 2885 рет
  • Султанова Жанна
    Бк-315

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

  • Идиятулина Рустина
    Бк-301

  • Аймұрза Зейнеп
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс