Super User

Super User

Ел Президентінің «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын наихаттау барысында өткізілген «Мұрагер – өнер өрісі» атты ғылыми-шығармашылық орталығының жұмысы

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 21 қараша күні студенттер күніне орай қаламыздың өнер, білім мен спорттық шараларда белсенділік танытып жүрген студенттерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Сб-415 тобының студенті Құттығия Азат Қайратұлы және Мк-305 тобының студенті Ділжанова Алтыншаш Бауыржанқызы алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылдың 20 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның «Құрметті профессоры» Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаевтың 80 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты - студенттерді ардагер ұстаз Қайырғали Қожанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесу кешінде композитордың танымал әндері «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары және студенттерінің орындауында көрермендерге ұсынылды.

Жұма, 11 Қаңтар 2019 07:01

Алтын күз – 2018

Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттер арасында 10 қараша күні «Алтын күз - 2018» атты күзгі балл өтті. Байқаға қатысқан 5 жұп өз өнерлерін көрсетіп, байқау шарттары бойынша бақ сынасты.

Жұма, 11 Қаңтар 2019 06:57

Мүдде бір, талпыныс ортақ

Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен Қазақ-Орыс Халықарлық Университетінде “Мүдде бір, талпыныс ортақ” атты интелектуалды сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Жас Отандық белсенділерінен құрылған "Нұр" тобы жүлделі ll орынға ие болды. Белсенділерді шын жүректен құттықтаймыз.

Латын әліпбиіне көшу - болашаққа табысты қадам» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті Ақтөбе облыстық ғылыми-шығармашылық орталығы, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлескен жоспар негізінде 2018 жылғы 15 қарашада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа табысты қадам» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Сейсенбі, 08 Қаңтар 2019 11:13

STEAM технология

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің мамандық онкүндігі жоспарының аясында қараша айының 12-сі күні “STEAM технология” тақырыбында семинар сабақ өтті. Семинар сабақты « Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің оқытушылары Канибекова Алмагуль, Уразтаева Мейрамгуль, Жолмағамбетова Замзагуль ұйымдастырылды. 

Сейсенбі, 08 Қаңтар 2019 11:02

Жоспар және сөйлеу әрекеттері

Қарашаның 8 күні оқытушылар Г.З.Жунусова мен Л.Т.Балгазиева «Жоспар және сөйлеу әрекеттері» тақырыбында шебер класс ұйымдастырды.

Сейсенбі, 08 Қаңтар 2019 10:34

Аты абызға айналған Әбіш

Қарашаның 7 күні колледждегі «Жас ақындар» үйірмесі, жетекшісі А.Д.Алдонгарова, «Әбіш тағылымы» атты ғылыми шығармашылық орталығының жетекшісі Л.Т.Балгазиева Маңғыстаудың киелі топырағанан түлеп ұшқан, барша Қазақстан Республикасы аймағында келісі ерек, болмысы жаңа, мерейлі, береке бітімі ерекше, ел тарихында айрықша ауқымды ардақталатын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Аты абызға айналған Әбіш» атты Әбіш оқуын ұйымдастырды.

Сейсенбі, 08 Қаңтар 2019 10:16

Озық тәжірибе-ортақ

Қарашаның 6 күні «Озық тәжірибе-ортақ» тақырыбында оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын насихаттау мақсатында әдістемелік тақта ұйымдастырылды. Әдістемелік тақтаның мақсаты: колледж оқытушыларының іс тәжірибесін тарату. Көрмеде оқытушылар жасаған әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер, әр түрлі сайыстарға қатысқан марапаттары және студенттердің жетістіктері көрсетілді.

Page 53 of 60
  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

  • Султанова Жанна
    Бк-315

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Длимбетова Амина
    Р-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Блог директора

Уважаемый абитурент! Вы можете задать вопрос директору колледжа.

Подробнее

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс