Конференцияда жас ізденушілерді латын әліпбиіне көшудің оңтайлы және тиімді жолдарын іздеуге машықтандыру арқылы ғылыми және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу, танымдық белсенділіктері мен интеллектілік шығармашылықтарын дамыту, жастардың ғылыми-ізденушілік қызметтерін жетілдіру және оларға қолдау жасау мақсаттары көзделді.
Конференция жұмысында келесі бағыттар қарастырылды:
1. XXI ғасырдағы ғылым мен білім беру тілінің негізі-латын әліпбиіне көшу;
2. Білім беру жүйесінде латын графикасына көшудің тиімді жолдары; 3. Латын әліпбиіне көшу - әлемдік үдеріске жақындау.
Конференцияға Ақтөбе облысының колледждерінен 50-ден астам студенттер қатысты. Шараға қатысқан студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыстарын қорғады.
Студенттердің ғылыми-практикалық бағыттағы ізденушілік қабілеттерін, оларды дамыту мен көтермелеу бағытындағы жұмыстарын сараптау үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе Университетінен филология ғылымдарының кандидаттары және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының мамандары, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мамандары комиссия мүшесі ретінде шақырылды. Конференцияға қатысушылардың жұмыстары үш бағытта сарапқа салынды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!