«Ақтөбе облысының білім басқармасының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында «Менің елім-мәңгілік ел» атты қайырымдылық концерті өтті. Аталмыш концертке Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттері белсене қатысты.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы - ел тірегі» атты өлеңдер байқауында Ақтөбе гуманитарлық колледжі, «Бастауыш білім беру» мамандығының БК-405 топ студенті Аманбаева Нұржайна Аманбайқызы ІІ орынға ие болып дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен еді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2016 жылдың 9 қараша күні «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының жастары колледж студенттерімен кездесу өткізді. Қатысушылар «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Д.Базаркелді, Қ.Баянбаев, Ә.Бертлюев, М.Мустафин және колледж студенттері.
08.11.2016 ж.,күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Отбасын жоспарлау орталығынан», КДО ОПО меңгерушісі Кубайдулина Гульмира Муктаровна және балалар гинекологы Тубулбаева Салтанат Ахмеджановнаның жетекшілігімен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің «Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы» факультетінің 1 курс резиденті Абишева Фариза Муратовна «Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында «Мәдениет және саз» бөлімінің студенттеріне дәріс оқыды. Кездесу барысында студенттер мамандарға сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу, жастардың патриоттық сезімін ояту, жандандыру және «Ұлт жоспары-100 нақты қадамын» қолдау мақсатында 20 қазан күні Тұңғыш Президент саябағы алаңында «Ақтөбе жастары» КММ, Іскер әйелдер Ассоциациясы және депутаттық фракциясымен және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Ел ертеңі-білімді жастар» атты флеш-моб жастар акциясы өткізілді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2016 жылдың 1 қарашасы мен 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 25 ЖЫЛЫ» атты тақырып аясында барлық топтарда ашық тәрбие сағаттары өткізілуде.
Адамдық борышың-Халқыңа қызмет қыл.
Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл.
(Шәкәрім)
«Мейірім» клубы
Клуб туралы. «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы 2016 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Әдебиет және тілдер», «Математика және ақпарат жүйелер», «Мәдениет» мамандықтары студенттерінің болашақ кәсіби іс-әрекет саласы бойынша, халықтың әлеуметтік қорғау жүйесіне негізделген жастардың ерікті бастамасымен құрылған.
Клуб мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру.
КЛУБ МІНДЕТТЕРІ:
Еріктілер ретінде клуб мүшелерінің қызметі:
Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысатын колледждің құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттік жастардың қызығушылықтарын жан-жақты қолдауды ұйымдастыру, сонымен қоса, жастар саясаты саласында уәкілеттілікті жүзеге асыру мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитет құрылған.
Негізгі мақсаттары:
|
Қазымбет Нұрпейіс Айдаулетұлы - Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы |
|
Мұхамбетжан Лейла Талғатқызы - Студенттік парламент ұйымының президенті |
|
Тулеуова Асылжан Асылханкызы -Құқық фракциясының жетекшісі |
|
Бекжанов Томирис Қаласқызы - Дебат фракциясының жетекшісі |
![]() |
Жұбатова Ақтоты - Мәдениет және өнер фракциясы |
![]() |
Өтепберген Аяулым - Қамқорлық фракциясының жетекшісі |
![]() |
Әділбек Айжан Нұрсұлтанқызы - Ақпарат фракциясының жетекшісі |
|
Құдайбергенов Дінмұхаммед – жеке тұлғаның интеллектуалды даму секторының жетекшісі |
|
Нуршекенова Еркеназ – сауықтыру – спорт жұмыстары секторы жетекшісі |
|
Жанажанова Ақбота – патриоттық және саяси жұмыстар секторының жетекшісі |
|
Самен Перизат – ақпараттық- техникалық секторының жетекшісі |
|
Қуандық Ердаулет – КТК ойындар секторының жетекшісі |
|
Оңайбергенова Әмина – «Мейірім» еріктілер секторының жетекшісі |
|
Ербұланұлы Мерлан - «Ақберен» әуесқой театр секторының жетекшісі |
![]() |
Бұхарбаева Назерке - бұқаралық- мәдениет секторының жетекшісі |
Ағымдағы жылдың 11-қарашасында «Математика және тілдер» бөлімінің ұйымдастырумен «Бала тәрбиесі - отбасы мен колледждің ажырамас бөлшегі» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты ашқан бөлім меңгерушісі Д.Е.Нысанкуатова білім беру барысында алға қойған мақсаттарға жету үшін колледж бен ата-ана арасында тығыз байланыстың болуы білім алушылардың оқу процесі кезіндегі сабақ үлгерімі мен тәрбиесіне оң ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар колледждің ұлағатты ұстазы Жамекова Бибігүл Мұстафиевна сөз сөйлеп, колледж психологы Жармұханбет Н.Е. қызықты тренинг өткізіп, жатақхана меңгерушісі Махамбетова С.Ж. және әлеуметтік педагог Төреғали М. С. колледж студенттерінің тәрбиесі мен психологиялық жай-күйіне қатысты сөз сөйледі. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар колледж ұжымына алғыстарын айтып, алдағы уақытты да колледжіміздің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсене атсалысатынын жеткізді.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
2021-2022 оқу жылына арналған
ата-аналар жиналысының кестесі
р/с |
Бөлімдер атауы |
Күні, уақыты |
Жауапты |
|
1. |
Математика және ақпараттық жүйелер |
03.09.2021 |
16.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
2. |
Мектепке дейінгі тәрбие |
03.09.2021 |
17.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
3. |
Мәдениет және саз |
03.09.2021 |
16.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
4. |
Бастауыш білім беру |
03.09.2021 |
17.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
5. |
Әдебиет және тілдер |
03.09.2021 |
16.05.2022 |
Бөлім меңгерушісі |
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru