«Ақтөбе облысының білім басқармасының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында «Менің елім-мәңгілік ел» атты қайырымдылық концерті өтті. Аталмыш концертке Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттері белсене қатысты.
Сонымен қатар, колледждің акт залында Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Мерекелік шараның мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.