Мақсаты: Студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға, оның ішінде дебаттарға, қайырымдылық шараларға, қалалық сенбіліктерге, денсаулығымызды нығайтуға, қалалық мәдени шараларға белсене араласуға ат салысу. Қоғаммен тығыз қарым – қатынас орната отырып, жан – жақты болып, студенттік шақты қызықты әрі пайдалы етіп өткізу осы белсенді жастарымыздың басты мәселесі болып табылады.
Ұйым төрағасы Базаркелді Данияр осы 1 жыл көлемінде «Жас Отан» ұйымында жүргізілген іс – шараларымен және де оның нәтижелерімен слайд арқылы толық ақпарат берді. Оның ішінде: «Көмек қолын соз» донорлар күні, «Қартымызды аялайық» қарттар күні, «Бәріміз аулаға» балалар күні, «Жастар Отанға» саяси лагерь, сонымен қатар «Сәтті қадам» жобаларымен таныстыру мақсатында өздерінің Елбасының алғыс хатымен марапатталып, Қапшағай сауықтыру орталығына жолдама ұтып алғандарын айтып, біздің студенттер де осындай жетістікке жете алатындығымен бөлісті және студенттерді жаңа қырларынан көрсете алатындығын айтты.