Сенбі, 04 Ақпан 2023 17:34

Тәрбиелік іс-шаралар

 

Ағымдағы жылдың 15 қазан күні «Құқықбұзушылықтың алдын-алу басты міндет» атты құқықтық онкүндігі аясында студенттермен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" атты құқықтың онкүндігі аясында "Бастауыш білім беру" мамандығының Бк-316тобында "Құқық бұзушылықтың түрлері" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Студенттер жастар арасында құқық бұзушылықтың болу себептері, алдын алу шаралары, тәртіптілікті сақтау туралы ой бөлісті.

Ақтөбе облысының білім басқармасы жариялаған "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбындағы онкүндік аясында гуманитарлық колледжде ер балалармен дөңгелек үстел өткізілді. Жиында адам құқығы, қоғамдық және ішкі тәртіп тақырыбында сөз қозғалып, студенттер арасындағы ынтымақ пен бірлік насихатталды

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы жатақхана студенттерімен "Тәртіпке бағынған құл болмайды" тақырыбында жиналыс өткізді.
Бас қосуда құқықбұзушылықтың алдын алу, жатақхана тәртібі,  қарым- қатынастағы әдеп мәселелері сөз етілді.

 

4-25 қараша аралығындағы "Құқық бұзушылықтың алдын алу -- басты міндет" онкүндігн қорытындылау мақсатында "Адамзаттың бәрін сүй..." тақырыбында поэзия кеші өтті. Шарада студенттер түрлі тақырыпта өлеңдер оқып, белсенді студенттер алғыс хатпен марапатталды.

 

Ағымдагы жылдың 1 желтоқсан күні "Халықтық ұжым" "Әлия гүлі" қазақ би ансамблі-бізде қонақта" тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақтың әдемі билерімен бірге ұлттық және заманауи билерді тамашаладык. Колледжіміздің "Халыктық ұжым"Гулдер-Айым"қазақ би ансамблі де өз өнерлерін көрсетіп, көреремендер ризашылығына бөленды. Екі ұжымды қос қанатындай басқарып отырған көркемдік жетекшісі және балетмейстері Шолпан Айнабековаға колледж директоры атынан алғыс айтылып, гүл шоқтары табыс етілді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Қазақстандағы лаңкестік қауіп-қатер және оның алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған шараға Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Ә. Ұзақбай, психолог маман Т. Тулепбергенов қатысты.

Психолог Т. Тулепбергенов деструктивті діни ағымды ұстанатын адамның болмысы, мінезі мен іс-әрекеттері туралы ақпарат беріп психологиялық тренинг өткізді. Студенттерді ойландырған сұрақтарға жауап берді.

Жұма, 03 Ақпан 2023 00:41

Ата-ана және колледж

Ағымдағы жылдың 11-қарашасында «Математика және тілдер» бөлімінің ұйымдастырумен «Бала тәрбиесі - отбасы мен колледждің ажырамас бөлшегі» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты ашқан бөлім меңгерушісі Д.Е.Нысанкуатова білім беру барысында алға қойған мақсаттарға жету үшін колледж бен ата-ана арасында тығыз байланыстың болуы білім алушылардың оқу процесі кезіндегі сабақ үлгерімі мен тәрбиесіне оң ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар колледждің ұлағатты ұстазы Жамекова Бибігүл Мұстафиевна сөз сөйлеп, колледж психологы Жармұханбет Н.Е. қызықты тренинг өткізіп, жатақхана меңгерушісі Махамбетова С.Ж. және әлеуметтік педагог Төреғали М. С. колледж студенттерінің тәрбиесі мен психологиялық жай-күйіне қатысты сөз сөйледі. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар колледж ұжымына алғыстарын айтып, алдағы уақытты да колледжіміздің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсене атсалысатынын жеткізді.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

  1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға;
  2. «Білім туралы», «Неке және отбасы», «Бала құқығы туралы» Заңдар, колледж Жарғысы және басқа да  нормативті – құқықтық актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға; 
  3. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, колледж әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірлесіп жұмыс жүргізуге;
  4. Білім алушының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  5. Сабақтан тыс іс-шараларға, үйірме және спорттық секцияларға, олимпиада, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Колледж Жарғысына сәйкес киім үлгісін сақтауын қадағалауға;
  7. Егер студент колледж мүлкін бүлдірсе көрсетілген шығынды қалпына келтіруге;
  8. Студентті сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп, тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Студенттің санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
  10. Кәмелетке толмаған студенттерге заңды өкілінсіз кешкі сағат 23.00-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салуға;
  11. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  12. Баланың  салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  13. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ағымдардан қорғауға және сақтандыруға;
  14. Әр ата-ана және студент колледждің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

2021-2022 оқу жылына арналған

ата-аналар жиналысының кестесі

р/с

Бөлімдер атауы

Күні, уақыты

Жауапты

1.

Математика және ақпараттық жүйелер

03.09.2021

16.05.2022

Бөлім меңгерушісі

2.  

 Мектепке дейінгі тәрбие

03.09.2021

17.05.2022

Бөлім меңгерушісі

3. 

Мәдениет және саз

03.09.2021

16.05.2022

Бөлім меңгерушісі

4. 

Бастауыш білім беру

03.09.2021

17.05.2022

Бөлім меңгерушісі

5.  

Әдебиет және тілдер 

03.09.2021

16.05.2022

Бөлім меңгерушісі

Жұма, 03 Ақпан 2023 00:36

Психологиялық қызмет

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің психологиялық қызметінің

2022-2023 оқу жылының І жарты жылдық есебі

 

Ақтөбе гуманитарлық колледжі бойынша 2022-2023 оқу жылы психологиялық қызметтің жылдық жоспары құрылды. Психологиялық қызметтің мақсаты-білім беру ұйымында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

-           Білім беру ұйымында әр баланың психикалық және жеке дамуын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайларды құру және қолдау;

-           Білім беру процесіне қатысушылардың жас, психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаның зияткерлік және адамгершілік дамуын тиімді қамтамасыз ету;

-           Білім берудің барлық деңгейлерінің кеңістігіне жеке, мәдени, әлеуметтік - кәсіби даму бағыттарын кіріктіру.

Қыркүйек айында студенттермен аталған бағыттар бойынша жұмыс жасауға ата-аналарынан қолхат алынды.

Психодиагностикалық бағыт бойынша  барлық І курс білім алушыларының психологиялық – әлеуметтік даму карталары толтырылды. Мақсаты - 1 курс білім алушыларының психологиялық хал-ахуалын білу, кәсіби бағдарын анықтап, топтағы қарым-қатынаспен бейімделу деңгейін анықтау.

Түзету-дамыту жұмысы аясында 1 курс студенттеріне «Біз біргеміз» психологиялық тренингі өткізілді. Мақсаты-топ ішінде жағымды ахуал қалыптастыру, сыйластық ортасын құру. Сонымен қатар, жатақхана студенттерімен кездесу барысында бірлесу ойын жаттығулары жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.

                                               

 

Қазан айында студент бойындағы агрессия, мазасыздану, өз-өзіне қастандық жасау деңгейінің көрсеткішін анықтауға арналған Басса-Дарки сауалнамасы 1-2 курс студенттерінен (жалпылама 662 студенттен) онлайн  https://psy.aonpc.kz/ сайтында алынды.

1 курс бойынша сауалнама- 468 студент

2 курс бойынша сауалнама-194 студенттен алынды.

Сауалнама нәтижесі бойынша агрессия деңгейі орташа, жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылар жартылай сұхбатқа шақырылды.

Нәтижесінде төмен, орташа, жоғары агрессия деңгейін көрсеткен студент топтарында Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасына сәйкес ««Ой, сезім, мінез-құлық»», «Өмірді бағала», «Күйзелістен қалай арылуға болады» тақырыптарында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Профилактика және психологиялық ағарту бағытында жатақхана студенттерімен кездесуде психологиялық тренинг, ойын-жаттығу ұйымдастырылды. Мақсаты-  қыз балалар тәрбиесі, өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтардан өзін сақтандыру мақсатында «Қыз баланың тәрбиесі» атты Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат мамандарымен семинар өткізілді.

Сонымен қатар, қыркүйек-қазан айларында бөлімішілік, топішілік ата-аналар жиналысында «Отбасылық тәрбие беру стратегиялары», «Бала ата-ананың ізімен» психологиялық трениг, «Отбасы мен колледж арасындағы ынтымақтастық-жасөспірімнің үйлесімді дамуының басты көрсеткіші» тақырыбында баяндама оқылды. Мақсаты: жасөспірімдік кезең ерекшеліктерін баяндау, эмоциялар мен өзара қарым-қатынастарды орнату жолдарымен таныстыру. Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,өзін-өзі тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу.

Қараша айында құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет’ атты құқықтық онкүндік аясында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайларды анықтауға бағытталған» сауалнама жүргізілді.

Білім алушылардың психоэмоционалды сауаттылығын жақсарту және тұлғалық дамуына мүмкіндік беретін өмірлік құндылықтарды бағалауға «Бақытты бала» психологиялық акциясы аясында топтарда «Өзіңнің көңіл-күйіне әсер ет және оны жақсарт» тақырыбында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірім бойындағы қорқыныш, стресс, депрессия деңгейін анықтау мақсатында 1-2 курс студенттерінен «ДАСС» сауалнамасы алынды. ДАСС сауалнамасы нәтижесі негізінде депрессия, мазасыздық деңгейі жоғары көрсеткен студенттерден жеке, депрессиялық күйдің деңгейін анықтау мақсатында жартылай сұхбатқа шақырылды. Хаттамалар, сұхбат нәтижелері электрондық журналға тіркелді.

Желтоқсан айында “Білім алушыларға желтоқсан айында  «Социометрия»      әдістемесі жүргізілді. Социометрия әдісі – топ ұжымы ішіндегі әлеуметтік баспалдақты, сондай-ақ лидерлікке бейімділік қабілеттерін, топтағы қарым – қатынасты анықтау. Әдістеме қорытындысы бойынша «Топ лидерлері», «Топ қалаулылары», «Қалаусыздар»,«Оқшауланған» студенттер анықталады.  Қалаусыздар,оқшауланған студент жеке кеңес беруге шақыртылып, топта ауызбіршілікті нығайту бағытында тренингтер өткізіліп, қосымша бақылауға алыну үшін топ жетекшісіне ескертілді.

«І курс студентінің оқу процесіне және жаңа ортаға бейімделуі» тақырыбында педагогикалық кеңесте мәселелер қаралып, ұсыныс білдірілді.

 

Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері:

  • Білім беру мекемесінде психологиялық ахуалды қалыптастыра отырып, студенттердің психологиялық даму үдерісін басқару;
  • Студенттердің дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету;
  • Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
  • Білім беру ортасында студенттердің оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және психологиялық қолдау көрсету;
  • Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас стилін реттеу;
  • Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйретуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарының негізін қалау.

Психологиялық қызметтің бағыттары:

І. Психологиялық алдын алу – педагогтарды, ата-аналарды, студенттерді психологиялық біліктілікке баулу.

ІІ. Психологиялық диагностика – жеке тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу.

III. Психологиялық түзету – студенттердің жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылу, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.

ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.

Жоспар бойынша студенттермен  психодиагностикалық зерттеулер келесідей ретпен жүргізіледі:

  1. «Социометрия» әдісі – топ ішіндегі жеке қатынастарды зерттеу, жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтау.
  1. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу » бағдарламасы - 1 курс студенттеріне сауалнама жүргізу.
  2. «Бек» когнитивтік терапиясы – студенттердің  депрессия деңгейін зерттеу.
  1. «Спилберг» әдістемесі – мазасыздық деңгейін зерттеу.

Проективті әдістер:

  • Р. Бернстің “Автопортрет” әдістемесі – тұлғаның қасиетін анықтау.
  • “Әлемде жоқ жануар” әдістемесі – зерттелушінің мазасыздануын анықтау.
  • “Үй. Ағаш. Адам” әдістемесі – өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін анықтау.
  • «Кактус» әдістемесі – студенттің эмоционалдық жағдайын анықтау.

  

Жұма, 03 Ақпан 2023 00:29

Үйірме, спорттық секциялар

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің үйірме-спорттық секцияларының жұмыс кестесі

 

Үйірме атауы

Үйірменің мақсаты

Жауаптылар

Өткізілетін

күні

1

«Merry grammer» үйірмесі

Студенттерді тәртіпке, өз білімдерін арттыруға тәрбиелеу;

Тіл байлығын дамытып, ойлау қабілеттерін  арттыру;

Амантаева Заура Талгатқызы

тел:87711685188

Бейсенбі

2

«Бала құқығы» үйірмесі

Студенттердің адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Тұрғамбай Ардақ Бағдатқызы

тел:87711056122

Жұма

 

3

«Жас психолог»

 

Жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық құзіреттелігін көтеру, қоршаған ортада жақсы қарым-қатынаста болуын дамыту.

Жармұханбет Нұржайнар Ерболқызы

Тел:87775062467

 

 

Бейсенбі

 

 

 

 

4

«Дебат» үйірмесі

Әр түрлі тақырыптарда ой қозғап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ұсыныстар бере алуға;

Мемлекеттік тілді сақтай отырып, тәрбиелік маңызы зор құндылықтарды ұстанып, студенттердің арасындағы қарым-катынасты нығайту арқылы теріс пиғылды әрекеттерге қарсы күресуді үйрету.

Нысанқуатова Дамели 

тел:87775547965

Бейсенбі

Шығармашылық бағыт

5

«Жас ақын» үйірмесі

Студенттердің дүниетанымын кеңейту, әдеби - көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуын дамыту.

Алдоңғарова Ақпатша Дәрібайқызы

тел:87078946324

Сенбі

6

Қолөнер үйірмесі

«Шеберлер ортасы»

Қазақ  ұсталары  мен зергерлерінің мұраларын бүгінгі ұрпаққа үйірме арқылы насихаттау, теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, алған білім, білік дағдыларын бақылап, шығармашылығын арттыру, қолөнер бұйымдарын ел назарына ұсыну.

Мураталиева Сауле Жаугаштевна

тел: 87059843030

Бейсенбі

 

7

«Театр» үйірмесі

Студенттерге әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу,жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру, актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

Қайнарұлы Заманай

тел:87477339784

Жұма

8

«Домбыра» үйірмесі

Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, студентті домбырада ойнауға үйрету.

Қарғабаева Айгүл Бақытбековна

тел:87011498720

Жұма

9

«Хор» үйірмесі

Студенттердің музыкалық қабілетін арттыру.

Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету.

Куспанов Мербол Оразбекович

тел:87013024277

Сәрсенбі

Техникалық бағыт

10

«Жас физик» үйірмесі

Студенттердің есте сақтау қабілеттерін, ойлау жылдамдықтарын, іс-әрекет жылдамдықтарын, зейін және ойлау қабілеттерін арттыру;

Жолмағанбетова Замзагуль Абсетовна

тел: 87021464695

Сейсенбі

11

«Жас техник» үйірмесі

Студенттердің көркемдік шеберлігін, ой өрістері мен танымдық қабілеттерін дамыту;

Құрылысы қарапайым техникалардың үлгілері мен  түрлі қозғалысқа түсетін күрделі модельдерді жасау технологиясымене машықтандыру.

Самат Айдарбек Саматұлы

тел: 87765051493

Сәрсенбі

Спорттық бағыт

 

12

«Тоғызқұмалақ» секциясы

Студенттерге тоғызқұмалақ ойынын үйрету. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы студенттердің   ұлттық

ойындарға   деген қызығушылығын  арттыру  және өз елін сүюге тәрбиелеу.

Тоғызқұмалақ ойыны арқылы студенттердің  ойлау қабілеттерін   дамыту.

Сарин Өтеген Жетібайұлы

тел:87024241240

Сейсенбі

13

 

Волейбол (ұлдар) секциясы

Ойын әдістерін үйрету.
Дене, қол, аяқ қимылдарын икемдеу;

Қимыл қозғалысын арттыру;

Әр түрлі жаттығуларды доппен жетілдіру;

Дене тәрбиесі пәніне қызығушылығын арттыру.

Идирисов Алмат Алкеевич

Тел:87777604907

Жұма

Волейбол (қыздар) секциясы

Кадиркулов Жомарт Бисеналиевич

тел:87029588699

Жұма

14

Баскетбол секциясы

Допты әріптесіне әр түрлі тәсілдермен беруді дамыту.

Допты торға орнынан тастау әдістерін дамыту.

Осы әдістерді қолданып, эстафеталық ойын өткізу.

Кадиркулов Жомарт Бисеналиевич

тел:87029588699

Бейсенбі

15

Шахмат секциясы

Шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.

Алдоңғаров Сәкен Бозангалиевич

тел:87029782501

Сәрсенбі

16

Жеңіл атлетика

Студенттердің шапшандық, төзімділік дағдыларын қалыптастыру.

Асауов Асқар

тел:87014629436

Сейсенбі

17

Үстел теннисі секциясы

Студенттердің ептілік, шапшаңдық  деңгейін арттыру.

Студенттерге үстел теннисі ойыны туралы мағұламаттар беру, үйрету.

Студенттердің  тез ойлау, есептеу, есте сақтау, шапшаңдық қабілетін дамыту.

Идирисов Алмат Алкеевич

тел:87777604907

Жұма

18

Шаңғы

Студенттердің ептілік, шапшаңдық  деңгейін арттыру.

Студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Идирисов Алмат Алкеевич

тел:87777604907

Бейсенбі

19

Футбол секциясы

Қимыл, қозғалыс кезінде допты қабылдау және беру дағдыларын үйрету;

Табанның ішкі және сыртқы жағымен допты беру әдістерін жетілдіру;

Сарин Өтеген Жетібайұлы

тел:87024241240

Жұма

Қоғамдық бағыт

 

20

Саналы ұрпақ

Студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жармуханбет Нұржайнар Ерболқызы

Тел: 87775062467

Сәрсенбі

21

Қайырымдылық тобы «Мейірім»

Студенттерге қайырымдылық, мейірімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету;
Тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту;
Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.

Ыбраймова  Ардақ Юсуповна

Тел: 87022524682

Бейсенбі

22

Полицияның қоғамдық көмекшілері

Білім беру ұйымдарының студенттерін құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту,  кәмелетке толмағандар тарапынан қоғамға қарсы әрекеттерін анықтау.

Тайпаков Болат Курмангалиулы

Тел: 87011341715

Сәрсенбі

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Математика және тілдер" бөлімінің және волейбол үйірмесінің жетекшісі А.Идирисовтің ұйымдастыруымен колледждің студенттері арасында волейболдан жарыс өткізіліп, колледжіміздің 6 командасы өзара бақ сынасты. Қызықты да тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша үздік шыққан командалар I, II, III дәрежелі дипломдармен және «Ең үздік шабуылдаушы», «Ең үздік байланыстырушы» номинациялары бойынша ерекше көзге түскен үздіктер грамоталармен марапатталды.

Колледждің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған колледжішілік ер балалар арасында өткізілген волейбол жарысында жүлделі ? орын алған СБ-315 тобы марапатталды.

2022 жылдың 20 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде “Жаратылыстану,дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық» оқу-әдістемелік бірлестігінде «Сыныптан тыс шаралар студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың құралы» тақырыбындағы шаралар аясында «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері арасында дене тәрбиесі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық эстафеталық сайысы өтті.Шараның мақсаты:Студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, уақытты тиімді пайдалану және ата-аналармен байланысты нығайту.
Шараға 7 команда қатысты. Команда құрамы 2 студент, 1 ата-ана және топ жетекшісінен құралды.Эстафеталық спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрды, таныстыру, эстафеталық таяқшамен жүгіру, шәкөш таяқпен теннис добын домалатып, кедергілерден өтіп жүгіру, ақылды кенгру, қосаяқ жарысы, аралас эстафета, арқан тарту.
Сайыс қорытындысы бойынша І орын БК-104, ІІ орын БК-101, ІІІ орын БК-105 топтары иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

2022 жылдың 21 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде “ Жаратылыстану, дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық” оқу-әдістемелік бірлестігінде 1 курс қыздары арасында “ Мерген ару “ тақырыбында сайыс өткізілді.

?Шараның мақсаты: студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін және патриоттық сезімін дамыту. Сайыс “Сап дайындығы”, “ Газ тұмылдырықты уақытқа кию”, “Автоматты бөлшектеу және жинақтау”, “ Мергендік” кезеңдері бойынша ұйымдастырылды.

 

Топ жетекшілір кеңесі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

Колледждегі оқу топтары тәрбие жұмыстарының орталығы болып табылады. Студенттік топтардың жұмысының нәтижелі болуының қажетті шарты - оның тәжірибелі куратор, тәрбиеші және ұйымдастырушы педагогтармен үнемі тығыз байланыста болуы. Оқу тобының кураторы – студенттің ерекше рухани кеңесшісі. Ол студенттердің оқу орнындағы оқыту әдістерін меңгеруіне көмектесуі керек, тәлімгер өзінің әрекетін студенттердің рухани – адамгершілік қасиеттерін, Отанына деген сүйіспеншілігін, өзі таңдаған мамандығына құрметпен қарауын тәрбиелеуі қажет.

Куратор директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісінің ұсынысымен және колледж директорының бұйрығымен тағайындалады.

Кураторлық қызмет пен оның міндетін орындау – оқытушының қызметтік борышы.

Куратор жұмысы оқу орнының оқытушысы қызметінің нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады және оны аттестациялау мен қайта сайлауда есепке алынады. Кураторлық міндеттен босату үшін оның себептері көрсетіліп, колледж директорының бұйрығымен шешім қабылданады.

Кураторлар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, колледж Жарғысын, осы Ережені, педагогикалық кеңес шешімдерін, директордың бұйрықтарын, тәрбие жұмысының тұжырымдамаларын басшылыққа алады.

  1. Кураторлардың мақсаты мен міндеттері
    • Кураторлардың басты мақсаты - жастардың тұлғалық дамуының

үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың оқу жұмыс жоспары аясында өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

  • Кураторлардың негізгі міндеті - оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді колледждің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

Куратор тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:

  1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, қоғамдық ұйымдар және топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.
  2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, колледждің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып, оқу жылының жоспарын қалыптастырады.
  3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және колледж әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің колледж бен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.
  4. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты директордың бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, колледж Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдарымен таныстырады. Колледжде және бөлімдерде өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Колледждегі және бөлімдегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды.

5.Колледж әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.

  1. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек көрсетілуін ұйымдастырады.
  2. Студенттердің өмірі мен тұрмыс жағдайларын және олардың мұқтаждықтарын зерттеп, жекелеген студенттердің тұрмыстық жағдайларын

жақсарту мақсатында көмек ұйымдастыру (оларды студенттер жатақханасына орналастыру, т.б.), студенттердің ата-аналарымен байланыста (мүмкіндігіне қарай кездесіп тұрады) болады.

  1. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды.
  2. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.
  3. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.
  4. Құқық бұзушылықтың және студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.
  5. Студенттердің колледжішілік,   бөлімдер арасындағы  байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал етеді.
  6. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді.
  7. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуын ұйымдастырады.
  8. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады.
  9. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.
  10. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады. Үлгерімі мен тәжірибе жинақтауына бақылау жасап, студенттердің сабаққа қатысудағы енжарлықтары мен нашар үлгерімдерінің себептерін анықтайды.
  11. Колледж әкімшілігі тарапынан кездесулерге, жалпы жиналыстарға, Кураторлар кеңесінің жұмыс жоспары бойынша әдістемелік дәрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.

 

Бірінші курстың кураторы міндетті:

 

  1. Студенттерді сабақ басталған соң бір айдың ішінде колледж Жарғысымен және құрылымымен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыруы және аталған міндеттерді студенттердің орындауын құжатпен рәсімдеуі тиіс.
  2. Колледждегі оқу үдерісінің ұйымдастырылу ерекшелігін көрсетуге, студенттерді оқытудың ерекшеліктерімен, аралық бақылау, семестрдің қорытынды бағалары туралы таныстыруы тиіс.
  3. Студенттерді өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы), еңбек және демалыс тәртібі, интеллектуалдық еңбекті орындау ережелерімен таныстыруы тиіс.
  4. Студенттерді колледждің жастар ұйымдарының қызметімен және олардың қоғамдық белсенділігін қалыптастырудағы рөлімен, студенттердің әлеуметтік қорғалуымен (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы) таныстырылуы тиіс.
  5. Колледждің, бөлімнің, мамандықтың тарихымен, міндетімен және болашағымен, оқытушылармен, үздік студенттерімен таныстыруы тиіс.
  6. Студенттерге оқу орнына, жатақхана өміріне бейімделуіне, қоғамдық қызметтерге атсалысуға көмек көрсетуі тиіс.

 

Куратордың құқығы

 

  1. Колледждегі және бөлімдегі тәрбие жұмысының жоспарын, студенттердің мүдделері мен қызығушылықтарын ескере отырып, оқу тобындағы тәрбие жұмысының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, формасын өз бетінше таңдауға;
  2. Колледждің және бөлімнің барлық әкімшілік және қоғамдық ұйымдарына студенттердің тұрмыстық-мәдени жағдайын, тәрбие, ғылыми-зерттеу және оқу жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;
  3. Алдын ала оқытушылармен келісе отырып, топта өткізілетін дәрістерге, семинарларға, практикалық және басқа да сабақтарға қатысуға;
  4. Барлық пәндер бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізу тәртібінің қадағалануын тексеруге;
  5. Топ студенттерінің ата-аналарымен және туыстарымен байланыс жасау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға;
  6. Топтағы және жекелеген студенттерге қатысты барлық мәселелерді талқылауға қатысуға;
  7. Əрбір студент туралы электронды базаға енгізілетін ақпараттың дұрыс толтырылуын қадағалауға;
  8. Студенттерді мадақтауға, жатақханаға орналастыруға және шығаруға ұсыныс жасауға;
  9. Əлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген студенттерге көмек беру үшін әкімшілік пен кәсіподақ ұйымына ұсыныс жасауға;
  10. Студенттерді оқу, педагогикалық және өндірістік тәжірибе жинақтау үшін мекемелермен байланыс жасауға;
  11. Оқу тобында оқу-тәрбие процесінің бір қалыпты жүргізілуіне кедергі жасайтын студенттерге жан-жақты әсер етуге;
  12. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге, топ студенттерін аталған органдар жұмысына барынша белсенді тартуға, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау үшін студенттер кандидатурасын ұсынуға құқы бар.

 

Куратор келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:

  • тәрбие жұмысының жоспары;
  • кураторлар журналы;
  • есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық;

 

Куратордың жауапкершілігі

Куратор бөлім меңгерушісі бекіткен, директордың оқу жұмысы және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен келісілген, оқу тобындағы оқу-тәрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.

 

Кураторлар кеңесі басқармасының құрылымы

Колледждің кураторлар кеңесі мынадай құрамда қалыптасады:

- Кеңес төрағасы – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

- Кеңес төрағасының орынбасары - педагог-психолог ;

- Кеңестің хатшы-мүшесі;

- Кеңес мүшелері - кураторлар, студенттік өзін-өзі басқару, жастар ісі жөніндегі комитет, педагог-психолог, кәсіподақ комитетінің төрағасы, колледж оқытушылары.

  1. Кураторлар кеңесінің төрағасы:

- Кураторлар кеңесіне жалпы жетекшілік етеді;

- Кураторлар кеңесі қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі түрде тексеруді ұйымдастырады;

- Кураторлар кеңесінің құрамын және оның өкілеттіктерін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.

  1. Кураторлар кеңесі төрағасының орынбасары:

- Кураторлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді;

- кураторлық жұмысты әдістемелік сүйемелдейді;

- колледжде жүргізілетін тәрбие жұмысы мен кураторлық жұмыстың күйі туралы ақпаратты талдайды, кураторлардың бір жыл ішіндегі қызметі туралы есеп құрастырады;

- Кураторлар кеңесінің отырыстарын дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;

- Кураторлар кеңесінің отырысына құжаттардың, шешімдер жобаларының, мәселелердің уақытыл шығарылуын бақылайды.

  1. Хатшы мынадай құжаттаманы жүргізеді:

- Кураторлар кеңесінің мүшелерінің тізімін;

- жылдық жұмыс жоспарын;

- кеңес отырыстарының хаттамаларын;

- кураторлардың тәрбие жұмысына қатысты нұсқамалық-әдістемелік құжаттар;

- жылдық есепті.

 

Өзгерістер енгізу тәртібі

Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар білім беру үдерісінің барлық қатысушыларынан: оқытушылардан, студенттерден және т.б. келіп түсуі мүмкін. Осы Ережеге өзгерістер енгізуді бөлім меңгерушілері, директор орынбасарлары, оқу-тәрбие жұмысына қатысы бар өзге тұлғалар мен алқалық органдар ұсына алады.

Кураторлар кеңесі өз отырыстарын екі айда 1 рет өткізіледі.

Қамқоршылық кеңесі және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже

1 - тарау. Жалпы ережелер

1.Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесі туралы осы ереже (Бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде әзірленді.

  1. Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесі оқу-тәрбие процесін коллегиялды түрде басқара отырып, оның әрі қарай дамуына ықпал етуші бірлестік.
  2. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
  3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

2 - тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы

  1. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырады.
  2. Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.
  3. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

 

Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
  2. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
  3. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

  1. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
  2. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
  3. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді.

 

3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі

  1. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

 

4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

  1. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
  2. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.

Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

  1. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.
  2. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.
  3. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.
  4. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.
  5. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие.
  6. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
  7. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
  8. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.
  9. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
  10. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.
  11. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:

1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;

2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.

  1. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:

1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;

2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;

3) спорттыдамытуға, дарындыбалалардықолдауға;

4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.

  1. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.

 

5 - тарау. Қамқоршылықкеңестіңжұмысынтоқтату

  1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;

2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

  1. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

1) өз бастамасы бойынша;

2) білім беру ұйымындағы орнында үш ай бойы болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығуы мүмкін.

Жұма, 03 Ақпан 2017 00:46

Еріктілер клубы «Мейірім»

Адамдық борышың-Халқыңа қызмет қыл.

Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл.

(Шәкәрім)

«Мейірім» клубы

Клуб туралы. «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы  2016 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Әдебиет және тілдер», «Математика және ақпарат жүйелер», «Мәдениет» мамандықтары студенттерінің болашақ кәсіби іс-әрекет саласы бойынша, халықтың әлеуметтік қорғау жүйесіне негізделген  жастардың ерікті бастамасымен құрылған.

Клуб мақсаты -  халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне,  гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру.

КЛУБ МІНДЕТТЕРІ:

  • «Мейірімділік-жүректен» қайырымдылық акциясы бойынша: мүгедек балаларға  олардың ата-аналарына және мүгедектерді қолдау қорларының қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға көмектесу;
  • «Менің отбасым» қайырымдылық акциясы бойынша: әлеуметтік тұрмысы төмен жайсыз отбасыларына, оралман отбасыларына гуманитарлық қолдау көрсету;
  • «Біздің балалар» қайырымдылық акциясы бойынша: жетім балаларға,  ата-ана қарауынсыз қалған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек  көрсету;
  • «Қарттарға құрмет» қайырымдылық акциясы бойынша: ардагер қарт адамдарға және жалғыз басты қарттарға гуманитарлық-әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Әлеуметтік жауапкершілік еріктілер қозғалысы дәстүрлерін қолдау, дамыту және жалғастыру бойынша әлеуметтің маңызы бар қайырымдылық шараларға  қатысу;
  • «Балаларды  қорғау  күні»Халықаралық мерекесіне орай балалар үйінде, мүмкіндігі шекутеулі балаларды сауықтыру орталығында қайырымдылық акциялар  ұйымдастыру; 
  • Демеушілерді тарту және олардың әлеуметтік маңызды идеяларын, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда  еріктілер ретінде көмектесу;
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде, қоғамдық ортада, балаларды толыққанды әлеуметтендіру жұмыстарының жаңа формаларын  ұйымдастыру;
  • Халықаралық және аймақтық байланысты құру арқылы басқа да қоғамдық  (еріктілер) ұйымдарымен бірігіп әлеуметтік маңызды қызметтерді ұйымдастыру.

Еріктілер ретінде клуб мүшелерінің қызметі:

  • рухани-адамгершілік (жеке адам ретінде физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік  және шығармашылық тұрғыда үйлесімді  дамуына  мүмкіндік беретін, жетім балалардың өзін-өзі тану,  өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену  азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жағдайлар жасау); 
  • әлеуметтік-педагогикалық (мүгедек баласы бар, девиантты мінез-құлықты баласы бар отбасындағы бала рөліне қатысты оның толыққанды өмір сүруіне  бағытталып ұйымдастырылған іс-шара)
  • идеологиялық-тәрбиелік (қоғамдық ортада балаларды әлеуметтендіру және азаматтық-құқықтық сауаттылығын  бекіту, түрліпартриотты-азаматтық бағыттағы акцияларға және шараларға қатысу)
  • мәдени-ағартушылық(қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік нормаларын, саяси-мәдени дәстүр құндылықтарын реттейтін еріктілердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін ұйымдастыру).
  • саяси-әлеуметтік (әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірігіп, әлеуметтік жетім және жайсыз отбасын мемлекеттік қолдау және бала құқығын қорғаумен қамтамасыз ету жұмыс тәжірибесін тарату);
  • жарнамалық-насихаттаушылық (еріктілер қозғалысының әлеуметтік маңызды идеяларын қолдау, дамыту әлеуметтік жарнамаларын ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету әлеуметтік жауапкершілігін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.)
  • аниматорлық(балалар үйі, сауықтыру-бейімдеу орталықтары мен демалыс лагерлерінде балалардың мәдени-бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін қолдау).

Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысатын колледждің құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттік жастардың қызығушылықтарын жан-жақты қолдауды ұйымдастыру, сонымен қоса, жастар саясаты саласында уәкілеттілікті жүзеге асыру мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитет құрылған.

Негізгі мақсаттары:

  • Жастардың рухани, мәдениетті, білімді және физикалық дамуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіруге арналған ұйымдастыру жағдайларын жасау.
  • Жастардың әлеуметтік-маңызды бастамаларын жүзегеасыру.
  • Жастарды қоғамның әлеуметті белсенді азаматы ретінде тәрбиелеу.
  • Басқа жастар ұйымдарымен әріптестікті орнату.

 

 

Қазымбет Нұрпейіс  Айдаулетұлы - Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

 Мұхамбетжан Лейла Талғатқызы - Студенттік парламент ұйымының президенті

 

 

Тулеуова Асылжан Асылханкызы -Құқық фракциясының жетекшісі

Бекжанов Томирис Қаласқызы - Дебат фракциясының жетекшісі
Жұбатова Ақтоты - Мәдениет және өнер фракциясы
Өтепберген Аяулым - Қамқорлық фракциясының жетекшісі
Әділбек Айжан Нұрсұлтанқызы - Ақпарат фракциясының жетекшісі

 

 

 Құдайбергенов Дінмұхаммед – жеке тұлғаның интеллектуалды даму секторының жетекшісі

 

 

 Нуршекенова Еркеназ – сауықтыру – спорт жұмыстары секторы жетекшісі

 

 

 Жанажанова Ақбота – патриоттық және саяси жұмыстар секторының жетекшісі

 

 

 Самен Перизат – ақпараттық- техникалық секторының жетекшісі

 

 

 Қуандық Ердаулет – КТК ойындар секторының жетекшісі

 

 

 Оңайбергенова Әмина – «Мейірім» еріктілер секторының жетекшісі

 

 

 Ербұланұлы Мерлан - «Ақберен» әуесқой театр секторының жетекшісі
   Бұхарбаева Назерке - бұқаралық- мәдениет секторының жетекшісі
Жұма, 03 Ақпан 2017 00:40

Студенттер үйі

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жатақханасы 350 студентке арналып жасақталған.

Колледж жатақханасы компьютер орнатылған оқу бөлмесі, демалыс бөлмелері, акт залы, медициналық бекет, асхана, тұрмыстық қажетті бөлмелермен жабдықталған Жатақханада тұратын студенттерге барлық жағдай жасалған.

Студенттер үйінің негізгі мақсаты студенттердің тұруына әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және жақсарту. 

Міндеттері 

  • Студенттерге қолайлы жағдай жасау;
  • Мәдени және тәрбиелік шаралар ұйымдастыру;
  • Студенттердің өзіндік басқару жүйесін дамыту;
  • Тұрғындардың Студенттер үйінің Ережесін орындауын қадағалау;
  • Студенттер үйінде санитарлық-гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін тиісті талапқа сай ұстануын қадағалау;
  • Студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстауға және жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, белсенді тұлға болуға баулу.

Құрылымы

  • жатақхана меңгерушісі
  • тәрбиешілер
  • комендант
  • кастелянша
  • кезекшілер

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы 15/ІІ корпус/

Байланыс телефоны: 8/7132/ 56-34-13, 41-62-19

 

 

 

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

  1. Жалпы ережелер

Ақтөбе гуманитарлық колледжі” МКҚК (Колледж)  студенттік жатақханасы туралы бұл ережелер Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, Колледж Жарғысы және өзге де құқықтық-нормативті құжаттарға сай жасалған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 бұйрығы бойынша «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі.

Бұл ереже Колледж және студенттер, талапкерлер, сонымен қатар жатақханадан орын алатын, жатақханадан шығарылатын өзге де тұлғалардың ара-қатынасын реттейді. Сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың жатақханада тұрған кезеңіндегі қарым-қатынастарын қарастырады.

 

  1. Жатақханаға орналастыру тәртібі:
    • Әр жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға рұқсат алатын студенттердің тізімі (жоғарғы курстар үшін) жатақханаға орналастыру комиссиясымен анықталады. Ал І курс студенттері бұйрық бойынша колледжге қабылданғаннан кейін ғана жатақханадан орын алуға құқылы.
    • Студенттерді жатақханаға орналастыру алдында арнайы құрылған комиссия жатақхананың (бөлмелердің, қоғамдық орындардың) студенттерді орналастыруға дайын екендігін тексереді. 
    • Жатақханадағы орындар алғашқы кезекте жетім балалар, мүгедектер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған өзге де жеңілдіктерге ие тұлғаларға беріледі.
    • Жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттағы 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

 

  1. Жатақханадағы әкімшілік тәртіптің реттелуі:
    • Жатақханаға орналасу кезінде студент рұқсатнама қағазын алады, төсек қажеттіліктерімен қамтамасыз етіледі де, пайдалану барысында бөлмедегі әр студент материалдық жағынан жауапты болады. 
    • Жатақханаға төленетін тұру ақысы оқу орны бойынша шығарылған тиісті бұйрыққа (өкімге) сәйкес белгіленеді. 
    • Жатақхана сағат таңғы 07.00-де ашылады және жазғы уақытта сағат 21.00-де, қысқы уақытта 20.00-де жабылады. 
    • Жатақханадағы мәдени немесе басқа да іс-шаралар тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары және жатақхана меңгерушісі келісімімен өткізіледі.
    • Колледж директоры бекіткен кесте бойынша әкімшілік мүшелерінің кезекшілік кестесі құрылады.
    • Әкімшілік кезекшілік уақыты 19.00-21.00 және 21.00-23.00 аралығында және түнгі кезекшілік 23.00-06.00 аралығында жүргізіп отырады.
    • Студенттердің бөлмелерін түнгі уақытта тексеру жатақханада тұрып жатқан тұлғалар тарапынан тәртіп бұзушылық орын алғанда немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда рұқсат етіледі.   
    • Студент колледждің Ішкі тәртіп ережесін, жатақханада тұру ережелерін өрескел бұзса жатақханадан шығарылады және төлемақысы қайтарылмайды. Ал өз еркімен жатақханадан шықса, тұрмайтын уақыты есепке алынып, жатақханада тұру ақысы қайтарылады.  

 

  1. Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары:
    • Жатақханада тұратын әрбір студент “Жатақханада тұру ережесімен” танысып, қол қоюға міндетті.
    • Жатақханада тұратын студенттер тұру ақысын белгіленген мөлшерде және уақытылы төлеуге міндетті.  
    • Тазалық, тәртіп сақтауға және жатақхана әкімшілігі мен қызмет көрсетуші персоналға әдептілік көрсетуге міндетті.
    • Жатақханаға кірер алдында ескертпей-ақ рұқсатнаманы көрсетуге міндетті.
    • Жатақханада тұрып жатқан студенттер электр энергиясы, суық және ыстық суды, жылу энергиясын үнемдеуге және барлық материалдық мүліктерді ұқыптап қолданып, сақтауға міндетті. 
    • Кестеге сәйкес әр студент қабаттағы кезекшілікті жүзеге асыруға және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуге міндетті. 
    • Жатақханада тұратын әр студент белгіленген сенбіліктерді өтеуге қатысуға міндетті.
    • Тұрып жатқан студенттер және қызмет көрсету персоналы өрт қауіпсіздігі ережесін білуге және оны бұлжытпай орындауға міндетті. 
    • Студент Өрт қауіпсіздігі Ережелерін қатаң сақтауға міндетті.
    • Тұрып жатқан студенттер ұсынылған тұрмыстық және басқа да қызметтерді (кір жуатын машиналар, компьтерлік сыныптағы заттар, тоңазытқышты), өз бетімен сабаққа дайындалу, жуынатын орындардың және спорттық бөлмелердің пайдалану ережесін сақтауға міндетті. 
    • Жатақханада тұратын әрбір тұлға Ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуын болдырмау жөніндегі Студенттік кеңес өкілдерінің нұсқауын орындауға міндетті. 
    • Жатақханада тұратын студенттер сенбі, жексенбі күндері жатақханада болмаған жағдайда жазбаша түрде рұқсат алуға және тіркелу журналына жазылып кетуге міндетті (баратын мекен-жайы, қай аралықта болмайтыны туралы ақпараттар жазылу керек және бөлім меңгерушісінің рұқсаты болу керек).
    • Жатақханадан уақытша шыққан кезде өз бөлмесіндегі терезені, есікті кілттеп, кілтін жатақхана кезекшісіне тапсыруға міндетті;
    • Оқу жылы аяқталысымен студент бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге және оны қабылдау-тапсыру кесімі бойынша комиссияға тапсыруға міндетті.
    • Жатақханада тұратын студенттердің жатақханадағы Студенттік кеңестің құрамын сайлауға және оның құрамына сайлануға құқығы бар.
    • Студенттік кеңес арқылы жатақханада тұратын студенттер тұрғын орнын, тұрмыстық  жағдайын жетілдіруге және тәрбие жұмыстары мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға, жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатыса алады. 
    • Колледждің Ішкі тәртіп ережесін, жатақхана ережесін бұзбаған студенттің келесі оқу жылында жатақханаға орналасуға айрықша құқығы бар. 
    • Студент бөлмені кесім бойынша тапсырмай, өз бетінше кетіп қалса немесе бөлме, жиһаз, керек-жарақтар бойынша комиссия ескертуі бар болған жағдайда студенттің жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға мүмкіндігі жоқ. 
    • Студенттің бөлмесінде бөгде тұлға заңға қайшы әрекеттер жасап, тәртіп бұзушылық фактілері анықталса және оны жасырып бүгіп қалған жағдайда жауапкершілік  сол бөлменің барлық тұрғындарына жүктеледі. 
    • Жатақханадағы Ішкі тәртіп ережелерінің өрескел бұзылу фактілері анықталған жағдайда колледж әкімшілігі шара қолдануға мүмкіндігі бар. 
    • Сағат 23.00-ден кейін жатақханада тыныштық бұзуға жол берілмейді.
    • Артық жарықтандыру құралдары және ас бөлмедегі электр пештері сөндірілуге тиіс. 
    • Егер студент бойынан басқа студенттердің денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы ауру анықталса, ауырған студент емделу үшін жатақхананы босатуы тиіс.
    • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері немесе электр құралдарын пайдалану нұсқаулықтары бұзылған жағдайда жатақханадан шығарылуға дейінгі қатаң шара қабылданады. 
    • Жатақханадағы Студенттік кеңес өзін-өзі басқару құқығына ие.
    • Егер студент Ішкі тәртіпті өрескел бұзған жағдайда (арақ-шарап ішіп ұсталса, жатақханада шылым шексе, насыбай қолданса, кешкі уақыттарда жаз мезгілінде 21:00-ден кейін, ал қыс мезгілінде 20:00-ден кейін жатақхана жабылған соң, өз бетінше рұқсатсыз шығып кеткен жағдайда, балағаттау сөздер айтса, жатақханада төбелес ұйымдастырса, заңсыз діни ағымдарды уағыздаса, әкімдік рұқсат етпеген митингілер мен шеруге қатысса, басқа адамның өміріне қауіп төндіретін әрекет жасаса, құқық қорғау ұйымдарынан заң бұзушылыққа қатысы бар дәлелденген ресми құжаттар келсе) студенттің ата-анасына хабарласып, колледж әкімшілігі бірден жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда студент бөлмесін босатуы керек.
    • Колледждің, жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда немесе жатақханадан шығарылған студентке жаңа оқу жылында жатақханадан орын берілмейді.  
    • Студент жатақхана мен тұрғын бөлмеде орналасқан мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді орындауы керек.
    • Жатақхананың әр тұрғын жайында (бөлмеде, қабатта) староста сайланады. Қабат старостасы бір қабат тұрғындарының жалпы жиналысында сайланады. Тұрғын жай старосталары қызметтерін атқарғанда Колледждің заңдық құжаттарын, студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, қолдағы ережелерді, сонымен қатар жатақхана кеңесі мен Колледж әкімшілігінің шешімдерімен жетекшілік етеді.
  2. Жатақхана Кеңесі:
    • Қабаттар мен бөлмелердегі старосталардың қызметтерін реттейді;
    • Жатақханадағы өз-өзіне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;
    • Тұрғындарды жатақхана мен оның төңірегінде қоғамдық пайдалы жұмыстарды (бөлмелерде тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жөндеу) атқаруға өз еріктерімен қатысуға жұмылдырылады;
    • Жатақхана әкімшілігіне тұрғындарға берілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға көмектеседі;
    • Тұрғындардың мүддесін қорғайды;
    • Мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;
    • Бөлменің (қабат) таза жиналып тұрғанын қадағалайды.

 

  1. Студенттерге мүлдем тыйым салынады:
    • Жатақханаға мас күйінде келуге, спирттік ішімдік ішуге және сақтауға;
    • Жатақханада, оқу ғимараттарында және колледж аумағында темекі шегуге, насыбай қолдануға; 
    • Тұрғындардың нормативке сай емес лексиканы (дөрекі сөздерді) қолдануына;
    • Бөлмелерде және қоғамдық орындарда санитарлық тазалық ережелерін бұзуға; 
    • Тұрып жатқандарға тұрғын бөлме қабырғасында және ортақ пайдалану орындарында, егер ол жатақхана мүлкіне залал келтіретін болса, сабақ кестесін, көшірме суреттерді, хабарландырулар және т.б. ілуге;  
    • Рұқсатсыз электр сымын қайта өңдеуге немесе жөндеуге, бөлме қабырғасына рұқсатсыз шеге қағуға (кейде электр тоғы өтетін сымдарға әсер етуі қаупі болғандықтан); 
    • Сағат 23:00-ден кейін студенттердің басқа бөлмелерде болуына;
    • Жатақханада тұратындарға өз бетінше бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге және жабдықтарды ауыстыруға, тұрғын жайда электр жылытқыш және басқа да өрт тудырушы құралдарды пайдалануға; 
    • Жатақханаға бөтен тұлғаны кіргізуге;
    • Бөлменің кілтін бөтен адамға беруге;
    • Бөлмеде жануарлар ұстауға;
    • Дауыс көтеруге, шу шығаруға және музыканы қатты қойып тыңдауға.

 

  1. Алғыс білдіру
    • Жатақхананың тұрмыс-тіршілігінде белсенділік танытып, әлеуметтік маңызды бастамаларды өткізуге атсалысқан тұрғындарға:
  • Алғыс жарияланады;
  • Мақтау қағазымен марапатталады;
  • Сыйлықпен марапатталады және т.б.

 

  1. Жауапкершілік:
    • Жатақханада тұрып жатқандар өздеріне бекітілген мүліктер мен керек-жарақтарды сақтауға жауап береді және келтірілген шығынның нарықтық баға бойынша орнын толтыруға міндетті.
    • Студенттің бөлмедегі жеке заттары мен мүлігінің сақталуына жатақхана әкімшілігі жауап бермейді.
    • Қабаттағы кезекші кестеге сәйкес тазалықты реттеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға, түрлі тәртіп бұзушылықты болдырмауға жауапты. 
    • Жатақханадағы рұқсат арқылы кіру жүйесінің бұзылмауына жатақхана күзетшісі (вахтер) және жатақхана меңгерушісі жауапты. 
    • Осы Ережені, Жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін жатақхана тұрғындары студенттерге шара қолданылады.
  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Булдакова Диана
    Бк-410

  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Амиядин Гүлдана
    Мд-410

  • Махабат Жаннета
    Шт-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс